Файл: Білім беру йымыны атауы Смбе ом пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымының атауы

Сүмбе ОМ

Пәні:

Құқықтану

Бөлім:

9.4 Еңбекшарты

Педагогтің аты-жөні:

Д.Токанова

Күні:

24.04

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу

Сабақтың мақсаты

Еңбек шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас тыру
Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


Миға шабуыл. Оқушыларға слайдтан «Гипотеза/ Болжау» әдісі негізінде суреттер ұсынылады. Сурет бойынша төмендегі сұрақтар беріледі:

- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?

- Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?

М Болжамдар айтылған соң алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы,оқу мақсаттарымен таныстырылады.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



https://www.youtube.com/watch?v=Xbk-fQfKGg4
https://www.youtube.com/watch?v=bHcDBExS5wA

Жаңа білім

Еңбек шарты мен қатынастар туралы анықтамалар жасалып, видео көрсетіледі.

Еңбек құқығы:

Жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойыншаәкімшіліктіңеңбек ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

Оқушыларға сұрақ қойылады:

-Мәселені шешу үшін қандай әрекет еткен заңды және дұрыс болар еді?

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:

1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.

2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.

3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.

4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады.

5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.

Тапсырма: берілген ҚР Еңбек кодексінің баптары бойынша құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыздар.

Оқушылар еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды;

Оқушылар құқық бұзушылықтың түрін ажыратады

Оқушылар

құқық бұзушылықтың белгісін анықтайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескриптор:

- Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуын, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды. Барлығы-5 балл.

Дескриптор:

-құқық бұзушылықтың түрін ажыратады

-құқық бұзушылықтың белгісін анықтайды-5 балл



https://informburo.kz/kaz/zhmyskerd-yy-nen-blu-kerek-.html
https://www.enbek.kz/docs/kk/node/65
https://www.enbek.kz/docs/kk/node/67
https://articlekz.com/kk/article/16888


Бекіту


Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Сабақтың тақырыбын қорытындылау


«Ең үздік жауап»


Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект