Файл: Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | 4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | Досманова Ж.Е |
Күні: | 3.03.2023 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Практикум. Күрделі шарттарды программалау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.1.2-Python программалау тіліндегі құрама шарттарды программалау |
Сабақтың мақсаты | - кірістірілген шарттардың операторларын біледі. - Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болатынын біледі. - күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға мысалдар келтіреді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. 3. Психологиялық жағымды ахуал орнату. 4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Топтастыру «The Hаt» программасы арқылы І топ, ІІ топ, ІІІ топ деген атаумен үш топқа бірігеді. | | | | ||||||||||
5 мин. | Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
| Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | | | ||||||||||
Сабақтың ортасы 31 мин. | Практикалық тапсырмалар Топтық жұмыс 1-тапсырма. Программалардың кодында жіберілген қателерді анықтаңдар. 1-код – І топ a=int (input()) b=input () if a > 0 if a-b > 0 a:=a-b else: a=a+b+c else: a=a**2 print (a) 2-код – ІІ топ a=input (int()) b=int (input ()) c== (input()) if a ‰ 2=0: if b‰2 ==1 k:=b//c else: k=a//c else: k=(a+b)‰c print (‘k’) № 3-код – ІІІ топ a=int (input ( ) b=int (input ) c= (input()) max:=a if max < b max= =b if max < c max= =c print (‘max’) | Дескриптор:
| Бағалау: Топ мүшелері бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | 7-сынып оқулығы. Компьютер. | | ||||||||||
| (Ж) 2-тапсырма Тағы да сол ауа райы. Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс және орталық өңірлеріндегі қыс маусымындағы бір күндік ауа райы жайлы деректер берілген (1-сурет). Осы деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программа құрастыр.
| Дескриптор: *Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны құрастыруда қиындық туындайды. *Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны жартылай құрастырады. *Деректерді пайдаланып еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны дұрыс құрастырады. | Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | 7-сынып оқулығы Компьютер | | ||||||||||
| (Ж) 3-тапсырма Даладағы қуғын. Қасқыр мен түлкі бір сәтте қоянды көріп қалып, оны қуа жөнелді (2-сурет). Қоянның жылдамдығы v, қасқырдың жылдамдығы m, ал түлкінің жылдамдығы k ға тең.
| Дескриптор:
| Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | | | ||||||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін бояйды. Таратылған парақтарды толтырып береді. Сол бойынша алдағы сабақты жоспарлаймын. | | Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мақсаты: Сабақты қорытындылау. | | |||||||||||
| Үй тапсырмасы Өткен бөлім тақырыптарын қайталау. Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау. |