ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім:2 | | |
Күні: | | |
Сынып:4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | №109 сабақ. Келер шақ | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.2.9 – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану. | |
Сабақтың мақсаты | Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігін анықтайды, етістікті келер шақта қолданады |
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басталуы | Шаттық шеңбер Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! Жыл мезгілдері арқылы жаңа тақырыпты таныстыру Келер шақ етістіктері іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді. Келер шақ етістіктері Не істеймін? Не істейсің? Не істейді? деген сұрақтарға жауап береді. | Бірге қайталау Сұрақтарға жауап беру Ережемен танысады | | Слайд Оқулық |
Ортасы | 22-жаттығу Білімнен жұпар жинайын, Еліме бақыт сыйлайын. Жүрекпен сүйіп Отанды, Жүрекпен мәңгі жырлайын. Отаным гүлге бөленсін, Өзге елдермен теңелсін. Амандық болса, ағайын, Бәрін де бірге көрерсің. 23-жаттығу Мен көмектесемін Сен көмектесесің Сіз көмектесесіз Ол көмектеседі Біз көмектесеміз Сендер көмектесесіңдер Сіздер көмектесесіздер Олар көмектеседі Ережемен жұмыс жасау Келер шақ етістіктері алдағы уақытта болатын іс-әрекетті білдіреді Сұрақтары: Не істеймін?, не істейсің?, не істейді?. | Етістіктердің қай шақта тұрғанын айтады Сөйлем құрайды | Дескриптор: Өлеңді мәнерлеп оқиды-1Б Етістіктерді табады, астын сызады, қай шақта айтылып тұрғанын табады-1Б Сөздерден сөйлемдер құрайды-1Б Етістіктердің қай жақта тұрғанын айтады-1Б | Кітаппен жұмыс |
| Сергіту сәті. | | | https://youtu.be/dG3QKoAwovI |
Соңы |
Мағжан келді. Ағаш өсті. Сабақ басталған. Біз естідік. Досы ақылдасты. | Етістіктерді табады Етістіктерді тауып жазады | Дескриптор: Өлеңге тиісті етістіктерді қояды-1Б Өлеңді толықтырып жазады-1Б Дескриптор: Сөздерді етістіктермен сәйкестендіреді-1Б Етістіктің шақтарын ажырата алады-1Б | |
Кері байланыс | Кубик арқылы кері байланыс жасау | Сұрақтарға жауап беру | | |
| Үй тапсырмасы. 87 бет 25-жаттығу | | | |
Бөлім:2 | | |
Күні: | | |
Сынып:4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Келер шақ | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.1.1 – тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту. 4.4.2.9 – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану. | |
Сабақтың мақсаты | Етістіктің шақтарын толық меңгерту |
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басталуы | Фонарик әдісі арқылы топқа бөлу Өткен шақ, келер шақ, осы шақ деп топтарға бөлінеді. Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында ережелерді сұрау | Ереже айту | | |
Ортасы |
Ұшып келем, ұшып келем көгімде, Ұшып келем Мөлдір аспан төрінде. Көкте жүріп қызығамын Жердегі Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге Анау - менің Асу-асу белдерім, Асқаралы тауларым мен Көлдерім. Туған жерден қанша Биік ұшсамд да, Көз алдымда Тұрады ылғи ол менің.
Мақал-мәтелдерді жатқа жаз. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Азаматпен дос бол, Қадіріңді біледі. | Бірінші топ өлеңді мәнерлеп оқиды. Екінші топ етістіктерді тауып сұрақ қояды. Үшінші топ қай шақта тұрғанын айтады. Мақал-мәтелдерді жатқа жазып береді. | | Оқулық Слайд |
| Сергіту сәті. | | | https://youtu.be/dG3QKoAwovI |
Соңы | 30-жаттығу Берілген суреттерден ортақ мағынасын тауып, өткен шақ, осы шақ, келер шаққа қойып сөйлемдер құрастыру. | Сөйлемдер құрастыру | | |
Кері байланыс | Көбелектерде берілген сөйлемдерді берілген ұяшықтарға орнату. | Көбелектерді ұяшықтарға орнату | | |
| Үй тапсырмасы. 89бет 31-жаттығу | | | |