Файл: Бастауыш білім беру дегейіні 14сыныптары шін Жаратылыстану пні бойынша лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
ақпаратты құру және өңдеуде АКТ-ы пайдалану;
заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.
-
Оқу жетістіктерін бағалау
34. «Жаратылыстану» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
35. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
36. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
37. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
38. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
5. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
39. Оқу жүктемесін бөлу:
1-кесте
Сынып | Апталық жүктеме | Жылдық сағат саны |
1 | 1 | 33 |
2 | 1 | 34 |
3 | 2 | 68 |
4 | 2 | 68 |
40. Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған:
1) оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді:
2-кесте
№ | Бөлімдер | Бөлімшелер |
1 | Мен зерттеушімін | 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі |
1.2 Табиғатты тану әдістері | ||
2 | Тірі табиғат | 2.1 Өсімдіктер |
2.2 Жануарлар | ||
2.3 Адам | ||
3 | Заттар және олардың қасиеттері | 3.1 Заттардың типтері |
3.2 Ауа | ||
3.3 Су | ||
3.4 Табиғат ресурстары | ||
4 | Жер және ғарыш | 4.1 Жер |
4.2 Ғарыш | ||
4.3 Кеңістік және уақыт | ||
5 | Табиғат физикасы | 5.1 Күш және қозғалыс |
5.2 Жарық | ||
5.3 Дыбыс | ||
5.4 Жылу | ||
5.5. Электрлік | ||
5.6 Магниттілік |
2) бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
41. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны
1) 1-сынып
«Мен зерттеушімін». Қоршаған орта құбылыстарын бақылау. Бақылау кезеңдері. Эксперимент.
«Тірі табиғат». Жанды ағзалар. Өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым. Жабайы және мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау). Өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар). Жануарлар. Жабайы және үй жануарлары. Үй жануарларын күту. Үй жануарларының келтіретін пайдасы. Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету. Адам. Дене мүшелері. Бас. Мойын. Дене. Аяқ пен қол. Адамның өмірінің кезеңдері.Тамақтану, демалу.
«Жер және ғарыш». Жердің пішіні. Глобус – Жер моделі. Ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер. Зымырандар мен телескоптар. Уақыт. Уақыт өлшеу құралдары. Сағат түрлері. Күнтізбелер.
«Табиғат физикасы». Түрлі денелердің қозғалысы. Табиғаттағы қозғалыс. Адамдардың қозғалысы. Қозғалыс траекториясы. Қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу. Жарық пен қараңғы. Жарықтың табиғи және жасанды көздері. Жарықтандыру. Дыбыс және оның таралу ерекшеліктері. Дыбыстың табиғи және жасанды көздері. Жылу шығаратын құрылғылар. Күнделікті өмірдегі электр. Электрді пайдалану ережелері. Магниттің қасиеттері. Магниттік қасиеттері бар заттар.
2) 2-сынып
«Мен зерттеушімін». Қоршаған орта. Құбылыстар, үдерістер, нысандар. Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері. Бақылау–ғылыми таным әдісі. Бақылаудың белгілері: мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі. Бақылау нәтижесін шартты белгілермен тіркеу. Бақылау жүргізу жоспары. Эксперименттің белгілері: мақсаты, болжау, ресурстары, жоспары, мерзімі, нәтижесі. Эксперимент жүргізу және нәтижелерін кестеге тіркеу. Ақпарат көздері.
«Тірі табиғат». Өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті жағдайлар. Өсімдіктердегі маусымдық өзгерістер. Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметтері. Өсімдік топтарының тіршілік ортасы және оған бейімделу тәсілдері. Өз өлкесіндегі өсімдік топтары. Топыраққа күтім жасау. Өсімдіктерге қамқорлық жасау. Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер. Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарлардың көбеюі. Жұмыртқа салатын және төлдейтін жануарлар. Жануарларды қорғау. Адам. Қаңқа мен бұлшық еттердің қызметі. Бұлшық еттердің жиырылуының қозғалыс үшін маңызы. Дұрыс дене сымбаты. Тісті күту – адамның денсаулығын нығайту жолы. Жеке гигиена және оның денсаулық сақтаудағы рөлі.
«Заттар және олардың қасиеттері». Ауа. Ауаның адам, жануар және өсімдік үшін маңызы. Ауаның қасиеттері (түсі, иісі). Ауаның агрегаттық күйі. Жылуөткізгіштік. Ауаның бос кеңістікті толтыратын қасиеті. Су және оның физикалық қасиеттері. Судың агрегаттық күйі: қатты, сұйық, газ тәрізді. Судың табиғи көздері. Судың адам өміріндегі маңызы. Табиғи ресурстар және олардың қолданысы. Табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу.
«Жер және ғарыш». Жер ғаламшары үшін Күннің рөлі. Ай – Жердің табиғи серігі. Күн жүйесінің ғаламшарлары, олардың орналасу реті және сипаттамалары. Жер тобындағы ғаламшарлар. Алып ғаламшарлар. Уақытты өлшеу бірліктері: жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут. Ғарыштағы қашықтық пен уақыт ерекшеліктері.
«Табиғат физикасы». Денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы. Жылдамдықтың сипаттамасы: жылдам, баяу. Қозғалыс тудыратын күштер: тарту және итеру. Заттың массасы. Әртүрлі құралдарды пайдаланып, заттардың массаларын өлшеу. Мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір материалдардың жарықты өткізуі. Қатты және бәсең дыбыс көздері. Температура. Температураны өлшеу. Термометрлер. Температураны өлшеу бірлігі – градус. Магнит қолданылатын салалар.
3) 3-сынып
«Мен зерттеушімін». Ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері. Ақпарат көздерінің түрлері. Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Экспериментті жоспарлау және жүргізу. Эксперимент нәтижелерін диаграмма түрінде көрсету. Қорытынды жасау.
«Тірі табиғат». Фотосинтез үдерісі туралы алғашқы түсінік. Өсімдіктердің бейімделуі. Жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңке сүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер. Табиғи бірлестіктер – жанды және жансыз табиғаттың қауымдастығы. Өз өлкесінің табиғи бірлестіктері. Адам тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері. Табиғаттағы және адам өміріндегі өсімдіктердің рөлі. Өз өлкесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктері. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы. Жануарлар. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс. Тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі (құрғақшылық, су басу, батпақтану). Адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері (ағаш кесу, аңшылық, құрғату). Адамның ішкі ағзалары. Асқорыту жүйесі, оның адам тіршілігіндегі рөлі. Тыныс алу жүйесі және оның ағзалары (өкпе, мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңірдек). Тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі. Қан айналымы жүйесі және оның адам ағзасындағы ролі. Жүрек. Тамыр соғуы. Адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау. Иммунитетті нығайту.
«Заттар және олардың қасиеттері». Заттар мен денелер. Заттарды шығу тегі бойынша жіктеу. Табиғи және жасанды денелер. Заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді). Ауа және оның оның құрамы (көмірқышқыл газы, оттегі, азот, т.б.). Ауаның жануды қолдайтын қасиеті. Жанды ағзалар мен жансыз табиғаттағы су. Негізгі табиғи су көздері. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Ащы және тұщы су. Табиғи жерасты сулары – гейзерлер мен бұлақтар. Ауызсуды үнемді қолдану. Топырақ және оның құрамы (құм, саз, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары, су, ауа). Топырақ түрлері. Топырақтың қасиеттері. Құнарлылық. Топырақты қорғау.
«Жер және ғарыш». Жер сфералары туралы алғашқы түсінік (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера). Графикалық кескіндеу. Ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар. Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру. Адамның ғарышқа алғашқы ұшуы. Айға адамның қонуы. Адамзаттың дамуына ғарыштың тигізетін әсері. Ғарыш игерудегі Қазақстанның үлесі. Байқоңыр ғарыш айлағы. Жердің өз осінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы.
«Табиғат физикасы». Серпімділік күші. Серпімді және пластикалық денелер. Ауырлық күші. Ауырлық күшін табиғатта бақылау. Үйкеліс күші. Үйкеліс күшін табиғатта бақылау. Көлеңке, оның пайда болу себептері. Көлеңкенің ерекшеліктері. Заттардың жарықты шағылыстыруы. Дыбыстар. Дыбыстың көздері мен дыбыс қабылдағыштар. Дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігі. Электр энергиясы, оның көздері. Электр тізбегінің элементтері. Қарапайым электр тізбегінің сызбасы. Әртүрлі металдардың магниттелу қасиеті.
4) 4-сынып
«Мен зерттеушімін». Зерттеулердің өз пайымдаулары негізінде анықталған өзекті бағыттары. Зерттеу әдісін таңдау. Бақылау мен эксперименттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Нәтижелерді оқушы таңдауы бойынша көрсету.
«Тірі табиғат». Қоректік тізбек. Өсімдік – қоректік тізбектің маңызды буыны. Өсімдіктің тіршілік циклі. Тозаңдану негізінде тұқым түзілу. Тұқым таралу жолдары (өздігінен, жел, су, жануарлар, адамдар арқылы таралу). Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің алуантүрлілігі. Өсімдіктерді қорғау жолдары. Өз өлкесінің жануарлары. Бунақденелердің тіршілік циклі (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі). Жануарлардың қоректену ерекшеліктері. Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар. Симбиоздық байланыстар. Қоректік тізбек құрылымы. Тіршілік ортасына байланысты қоректік тізбектердің модельдері. Жойылу шегінде тұрған жануарлар. Қазақстанның Қызыл кітабы. Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсаты. Қазақстанның ұлттық саябақтары мен қорықтары. Адам. Зәр шығару жүйесі және оның рөлі. Жүйке жүйесі, оның адам ағзасындағы рөлі.