Файл: Дамуына сер ететін факторлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.

Дамуына әсер ететін факторлар


АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты: Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциондық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.

АІИ этиологиясы бойынша екі топқа бөледі:

Облигатты

Облигатты-патогенді микроағзалардың қоздыруы бойынша. Бұл топқа «дәстүрлі»инфекциондық аурулар-бала аурулары, ішек аурулары, ВГВ, ВГС және т.б. жатады. Бұл аурулардың үлесіне АІИ 15% келеді. Таза стационарда патогендік тудырушылар келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • стационарға патогендік қоздырғышты тасушының түсуі;

  • егер аурухана жұмысшыларының арасында қоздырғышты тасушы болса;

  • ауруларға келушілер немесе беріп жіберген киімдер мен тамақ арқылы;

Шартты

Шартты-патогенді микроағзалардың, сонымен қатар адамның қалыпты микрофлорасына, кіретіндердің қоздыруы бойынша. Бұл топқа шартты-патогенді микроорганизмдердің тудыратын аурулары жатады. Бұны іріңді-қабынбалы аурулар анықтайды. Қоздырғыштары: стафилокок, стрептокок, грамотрицалық бактериялар. Кейбір кездерде ауруханаішілік ауруларды псевдомонадалдар
, легионеллалар, ротовирусм туғызады. Зәр шығару жолдарының патологиясы грамотрицалық микро-ағзаларға байланысты Көкшіл ірің таяқшасы төменгі тыныс жолдарының инфекциясын тудырады. Психиатрлік стационарда ішек инфекциясы, гастроэнтерологиялық стационарда-хелинобактериоз және т.б. кездеседі.

АІИ тудыратын негізгі қоздырғыштар:

Бактериялар

Вирустар

Қарапайымдылар

Грибы

Стафилококк

  • Стрептокок

  • Көкшіл ірің таяқшасы

  • Энтеробактерия

  • Эщерихия

  • Сальмонелла

  • Шигелла

  • Иерсиния

  • Листерия

  • Капилобактерия

  • Легионелла

  • Клостридия

Вирусы ВГВ,

  • ВГС және ВГД

  • ВИЧ

  • Тұмау вирусы

  • Корь вирусы

  • Эпидемиологиялық паротит

  • Ротовирус

  • Энтеровирус

  • Норвоин вирусы

Пневмоцисталар

  • Криптоспоридиялар

*Кандида

  • Аспергилла

Аурухана Ішілік немесе Нозокамиальды Инфекциялар.

Аурухана ішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады. Медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қадай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да осы топқа жатады. Науқас тек ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу мақсатыменбаруы кезінде ауруханаішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр.

Мысалы:

АҚШ-та АІИ-дан жыл сайын 90 мың американдық өледі. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпиталды инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд еуроны құрап отыр. Францияда 2001 жылы 4 млн астам ауруханада емделу күндерді болуын, яғни науқасты емдеудегі артық қаржы кетудің себебін медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жұмауынан» деп есептейді.

 

Аурухана ішілік инфекция этиологиясы.



АІИ-ны шақыратын қоздырғыштар саны 300-ден артық, олардың құрамына патогенді және шартты патогенді флоралар кіреді. Ең жиі кездесетін АІИ-ларға жатады:

1) Грам оң коккты флора:

- Стафилококктар (алтын, эпидермальды)

- Стрептококктар (пиогенді, энтерококк, пневмония шақыратын).

2)Грам теріс таяқшалар:

- энтеробактер туыстығы және көк іріңді таяқша.

3)Шартты патогенді және патогенді саңырауқұлақтар:

- ашытқы тәрізді кандида, терең микоздардың қоздырғыштары.

4)Вирустар:

- жай герпес (ұшық) және жел шешек қоздырғышы. аденовирустар, тұмау, парагрипп, паротит

5) РС-инфекция

- энтеровирустар, риновирустар, ротавирустар, т.б. инфекциялар.

 

Аурухана ішілік инфекция көзі: Ұзақ уақыт тасымалдаушы болған және сырқаттардың жасырын түрімен ауырып жүрген медицина қызметкері Стационарда ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар. Олар өте төзімді Аурухана Ішілік Инфекция штаммының тасымалдаушысы болады.

 

АІИ-ның берілу жолдары мен факторлары

 

Ауа-тамшылы (аэрозольды)

Сулы-алиментарлы.

Тұрмыстық-қатынастық.

Жарақаттан кейінгі инфекция.

Басқа формалары

 

Құрал жабдық арқылы жұғу:

инъекциядан кейінгі операциядан кейінгі

босанудан кейінгі;

қан құюдан кейінгі

эндоскопиялы тексеруден кейінгі

трансплантациядан кейінгі

Гемодиализден кейінгі;

Геморбциядан кейінгі

 

 

Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі.

 

Қоздырғышына байланысты:

облигатты-патогенді және шартты патогенді.

Ағымының ұзақтығы мен ерекшелігіне байланысты:

жедел,

жеделдеу,

созылмалы.

Ауырлығына байланысты:

ауыр,

орташа ауырлықта

жеңіл түрі

Таралуына байланысты:


Жайылмалы инфекция:

бактериемия (виремия, микемия), сепсис, септикопиемия, ИТШ.

Жергілікті инфекция:

тері және тері асты инфекциясы.

респираторлы инфекция.

көз инфекциялары.

ЛОР- ағзалар инфекциясы.

стоматологиялық инфекциялар.

асқорыту жүйесі инфекциялары.

урологиялық инфекциялар.

жыныс жүйесінің инфекциялары.

сүйек және буындар инфекциясы.

ОЖЖ-сі инфекциялары.

жүрек қантамыр жүйесі инфекциялары.

Емдік мекемеде АІИ-мен аурушаңдықтың себептері Жалпы себептері:

Көп мөлшерде инфекция көзінің болуы және таралуына қолайлы жағдай. Пациент ағзасының төзімділігінің төмендеуі. Қоздырғыштардың қоршаған ортаға, залалсыздандырғыш заттарға төзімді болып алуы Негізгі себептердің бірі: антибиотиктерді «оңды – солды» қолдана беру. Нәтижесінде көптеген антибиотиктерге төзімді штамдар пайда болады. Бактериотасымалдаушылықтың туындауы. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері бактериотасымалдаушылығы АІИ-ның негізгі көзі деп есептеледі. Егер тұрғындар арасында St. Aurerus тасымалдаушылары 20-40% болса, ал хирургия бөлімінің қызметкерлерінде 40-85,7% деп есептеледі.


АІИ тууы мүмкін контингенттердің жоғарылауы.

Ауруханада емделіп жатқан және емханада ем алушы пациентердің арасында төмендегі топтардың жоғарылауы:

қарт адамдар

Ерте жастағы балалар ағза қарсылығының төмендеуімен Шала туған балалар

Әртүрлі иммунодефицитті жағдайлы науқастар

Қолайсыз экологиялық фактордың әсеріне байланысты қолайсыз преморбитті фонның болуы.

 

 

Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі. ДСҰ мәліметі бойынша бұл шаралардың 30% негізсіз деп есептеледі.Олардың ең қауіптілеріне жататындар:

Диагностикалық:

қан алу, асқазанды, он екі елі ішекті, ащы ішекті зондтау, эндоскопиялар, пункциялар (жұлын ми, төс және т.б. мүшелерді), венесекция, мануальды зерттеулер (вагинальды, ректальды)- әсіресе шырышты қабатта эрозия мен жара болса.

Емдік шаралар:

трансфузиялар, инъекциялар, мүшелер мен тіндер трансплантациясы, операциялар, интубация, ингаляциялық наркоз, өкпені жасанды желдету, катетеризация, гемодиализ, аэрозольді ингаляция, бальнеологиялық емдік шаралар.

Емдік мекеменің архитектуралық жоспарының дұрыс болмауы, яғни “таза” және “лас” ағындардың қиылысуы, бөлімшелердің функциональды изоляциясының болмауы. Емдік мекеменің медико-техникалық жабдықталуының нашар болуы, яғни дәрілік заттармен, таңу материальдарымен, инструментермен жеткіліксіз жабдықталуы, ғимарат аумағының тар болуы, вентиляция жұмысының бұзылуы, авариялық жағдайлар, ыстық, суық судың берілуінің , жылу және электр берілуінің бұзылыстары. Медициналық кадрлардың жеткіліксіздігі және персоналдың АІИ-ның алдын алу жөнінде дұрыс білмеуі. Санитарлы пидемиологиялық ережеге сай аурухана ішілік тәртіпті және жеке бас гигиенасын сақтамау.

АІИ эпидемиологиялық ерекшеліктері]

Инфекцияның даму көздерінің молдығы. Іріңді хирургияда, күйіктің, уролоргиялық, туберкулездік стационарларда аурулардың инфекция көзі ретінде басымдылық көрсетуі. Онкологиялық стационарда, ВИЧ ауруларының бөлімдерінде экзогендік аурулардың көптеп болуы ЛПУ-дың жұғу механизмі тек шынайы жолдармен ғана емес, сонымен қатар артифизиальдік, жасанды, инвазивтік және емдеу процедураларына байланысты да жұғады.Әр түрлі типті стационарларға арға тән факторлар мен контигенттердің болуы. АІИ қоздырғыштарының көзі ретінде аурулар, медициналық жұмысшылар, ауруларға келіп-кетушілер көрсетілген. Инфекцияның берілуінің аэрозольдік жолы стафилокок және стрептокок инфекцияларының таралуында маңызды орынды алады. Инфекциялық ауа легионеллездің пайда болуына әкеледі. Жатын орын жабдықтары да анафилококтың пайда болуына әкелетін фактор болып саналады. Тұрмыстық берілу жолы грамотрицательдік бактериялардың туғызатын ауруларымен байланысты.


Берілу факторлары:

контаминирлік инструментарий, дем алуға көмектесетін аппарат, жұмысшылардың залалданған қолдары т.б. Этиологиялық агенттердің әсерінен пайда болатын инфекция тағамдық жолмен беріледі. Емшек еметін жас нәресте, шешесінен жұқтыруы мүмкін. Тағамды дайындау технологиясының бұзылуы, тағам жасайтын орындарда істейтін жұмысшылар инфекция тасушы болса, ішек инфекциларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Инфекцияның берілуінің артифициальдік жолының әсері өсуде. Біз диагностикалық және емдеу технологияларының нағыз агрессиясымен кездесіп отырмыз. Парентеральдік берілу кір шприц пен инені қолданғанда, залалданған препараттарды қанға енгізгенде кездеседі. Медициналық жұмысшылардың антисептика мен асептика ережелерін сақтамау, инструменттерді дұрыс дезинфекцияламау осындай жағдайға әкелуде.

Артифициальді залалданудан қорғанудың профилактикасы

  • бір рет қолданылатын құралдарды қолдану

  • стоматологиялық орындардың жұмысын бақылау

  • ЦСО жүйесін кеңейту және олардың жұмысын бақылауды күшейту

  • қан құю станцияларында жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу

  • эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу

  • плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю

  • хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу

АІИ профилактикасының жалпы шарттары:[

  • адамдарды егу схемасы және көрсеткіштері бойынша вакцинациялау

  • күйген ауруларға-Pseudomonas aerudinosa-ға қарсы вакцинациялау

  • қажетті диета

  • эубиотиктер мен тактериофагтарды қолдану

АІИ ауруларының деңгейін төмендету профилактикасы келесі жолдармен іске асады:

  • диспансерлік бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу

  • әртүрлі типті стацинарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау

  • АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу

  • медициналық жұмысшылардың спецификалық профилактикасын жүргізу

Дереккөздер

http://www.medicinform.net/immun/immun_spec11.htm Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы.

  • http://www.itogi.ru/zdorovie/2011/42/170679.html Мұрағатталған 8 қарашаның 2012 жылы.

  • http://www.nytimes.com/2010/02/27/business/27germ.html?em=&adxnnl=1&adxnnlx=1267412412-yP2bfl/3pu4+g34XVmluJA&_r=0

  • http://nursebook.ru/внутрибольничная_инфекция_вби