Файл: Блім 4 xiх асыр xx асырды басындаы азастанны мдениеті Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті | |
Педагогтің аты-жөні | Сисенгалиева К | |
Күні: | 25.04 | |
Сынып:7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог. Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.3.3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау | |
Сабақтың мақсаты | Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалайды |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Саламатсыздарма оқушылар. Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа дайынбызба? Ендеше балалар, осындай керемет көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Сабағымыз басталмас бұрын бағалау парағымен таныстыру «Айналмалы дөңгелек» әдісі: (5 мин). Тапсырма: Оқушыларға өткен тақырыптан тосын сұрақтар қойылады және оқушылар сол сұрақтарға жауап беру керек. 1. Ш.Уәлихановты не себепті қазақтың алғаш ғалымы деп атаймыз? 2. Ш.Уәлиханов қашан және қай жерде дүниеге келді? 3. Ш.Уәлиханвтың ғылыми зерттеулері 4. Шоқанның шын есімі кім? 5. Шоқанның кадет корпусына түскендегі жасы? 6. Шоқан қағазға түсірген жыр? 7. Ш.Уалихановтың ғылыми зерттеулерін ата? 8. Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған С.Я.Капустин ол туралы не деп жазды? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ең әуелі сабағымыздың мақсатын айқындап алайық. Тақтаға назар аударыңдарғ тақтада қандай ойын? «ДАРТС» ойыны, ол ойынның мақсаты не? Мақсаты нысанаға дәл тигізу Сыныпты 2 топқа бөлеміз 1-топ. Ағартушының педагогикалық қызметі 2-топ. Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі бойынша екі топқа бөлінеді Ой шақыру: «Сабаққа кіру билеті» сандықшасы бойынша билеттерді тандайды, онда Ы.Алтынсаринның фотосуреті және «Кел балалар оқылық» өлендерін анықтау арқылы жаңа тақырыпты ашады. | Оқушылар өз жауаптарын ұсынады Дискрептор - Өткен тақырыпты еске түсіреді. Оқушылар мақсаты нысанаға дәл тигізу | Мадақтау Бағалау парағына балл қояды | Wordwall.net «Айналмалы дөңгелек» әдісі https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4 Мұғалім презентациясы «Дартс» ойыны |
Жаңа сабақ | Зерттеу және талдау Оқушыларға арнайы Қостанай облысы Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінін арнайы түсірілген бейнебаяны көрсетіледі. Оқушыларға Ы. Алтынсаринның қоғамдағы орны мен рөлін анықтау үшін ықшамдалған мәтін таратылады. 1)Ы. Алтынсаринның қызметіндегі жаңалығы; 2)Ы.Алтынсаринның ғылым-білім саласына қосқан үлесі; Өзара талқылау жүргізуді тапсырылады. 1) Ағартушының педагогикалық қызметі 2) Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби «Жеке жұмыс» Тарихи диктант Ыбырай Алтынсарин ... оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. ... жақын танысып алды. Ол өзінің бай ... Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол ... өткізді. ЕББҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды Картамен жұмыс( жұптық жұмыс) картадан Ы.Алтынсариннің алғаш ашқан мектептерін анықтап картаға түсіреді. Ой түйін «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш айдың ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды» - деп Ы.Алтынсарин қуана жазды ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды | Дескрипторлар: бейнебаяндағы негізгі ойды анықтайды; -Ы.Алтынсариннің ағартушылық жаңалығы сипаттайды; Дескрипторлар -Ы.Алтынсариннің ағартушылыққызметін анықтайды; -шығармаларының мазмұнын ашады; картадан Ы.Алтынсариннің алғаш ашқан мектептерін анықтап картаға түсіреді. | ҚБ «Ең үздік жауап» Әрбір дұрыс жауапқа балл қою | https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4 Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі http://www.youtube.com/watch?v=opjbYtZCukw |
Қорытынды | Кері байланыс «Сабақтан шығу» билеті. Мына сұрақтар бойынша жауап береді. - Не білдім? - Не білемін? - Не білгім келеді? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | «Ыбырай-тұңғыш қазақ мектебін ашқан ағартушы педагог» Эссе | | | |