Файл: мж 11 сынып Жаратылыстануматематикалы баыты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Биболатова Жадыра Мамыковна

Астана қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы

ҚМЖ 11 сынып Жаратылыстану-математикалық бағыты

Мектеп

Астана қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы ШМҚ, МКК


Пәні:


Химия

Бөлімі:

11.3В 14-топ элементтері


Педагогтің аты-жөні:

Биболатова Ж.М.


Күні:

12.04.2023


Сыныбы:

11 Ә Қатысқан оқушылар саны: 18


Сабақтың тақырыбы:

14 (ІV) топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру


Сабақтың мақсаты / бағалау критерий

Барлық оқушылар үшін:

14 топ элементтердің физикалық жән химиялық қасиеттерін топтағы басқа элементтермен сипаттайды

Кейбір оқушылар үшін

Бір топтағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын салыстырады


Ойлау дағдылары деңгейі

Білу түсіну және қолдану


ЕБҚЕО



Бастапқы білім

11.1A Атом құрылысы

11.1C Химиялық байланыс


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылық ояту

2 мин
Топқа біріктіру

3 мин
Жаңа тақырып

5 мин


Ұйымдастыру

«Пазл» әдісі арқылы топқа біріктіру

«Құпия сурет» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

«Ассоциация» әдісі арқылы сабақ мақсатын тақтаға жазады

Жаңа такырып 14 топ элементтерінің қасиеттері «Видеожазба» арқылы түсіндіру

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Пазл көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I -- Көміртек тобы

II – Кремний тобы

III – Қорғасын тобы

Пазлда көрсетілген сурет арқылы тақырыпты оқушылар айтады

Бірнеше оқушы тақтаға шығып сабақтың мақсатын жазады

Оқушылар экранда көрсетілген видеосабақты тамашалайды

Мақсаты: оқушылар бойында ойын білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Мадақтау әдісі арқылы бағалау

Пазл әдісі

https://clck.ru/33tobf
Ассоциация әдісі

https://clck.ru/33topp


Видеожазба «14 топ элементтері»

https://youtu.be/5L-NNFPiRog




Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс

10 мин

Топпен жұмыс

11 мин


Жұппен жұмыс

4 мин


«Интербелсенді» әдіс

4 мин


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Топ ережесін еске түсіреді

1) Германий

2) Қорғасын

3) Қалайы

Берілген тақырыптар бойынша 14 топ элементтерінің физикалық және химиялық касиеттері тақырыбында постер беру

АКТ пайдаланып Кахут, кюзиз, падлет платформалары арқылы тапсырмаларлар беру

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Топ ережесін қайталайды

Топпен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Берілген тапсырма бойынша постер қорғау
ЖҒС Пікір алмаса отырып алмасады
Смартфондарын алып платформаға кіреді

1 топ кахут

2 топ кюзиз

3 топ вордвел

Барлығы бірдей мезгілде болады Әр топ 3 түрлі интербелсенді әдісті қолданады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Дескриптор:

Топтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын және олардың электрондық құрылымдарына сүйене отырып, молекулалар пішіндерін түсіндіру анықтайды.

Топпен өзара бағалау

«Екі жұлдыз бір ұсыныс»

Дескриптор:

Оқушылардың тыңдалым жазылым оқылым сауаттылығын дамыту мақсатында



flipchart, markers

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

https://clck.ru/33tsMh


Kahoot.com

https://create.kahoot.it/details/b5c78c37-58bf-43f2-8a50-d3a2a593a294
Quzizz.com

https://clck.ru/33toC3
WordWall

https://wordwall.net/ru/myactivities

Сабақтың соңы
Бекіту тапсырмасы

5 мин

Рефлексия «Жетістің шыңы»

1 мин


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы 1-қосымша

АКТ арқылы Padlet.com

Кері байланыс беру

Жұмыс парағына ооқушылар 1,2-нұсқаға бөлініп тапсырмаларды орындайды
Оқушылар смарфондарын алып Падлет платформасына кіріп өз ойын Кері байланыс жазады

1 Білдім

2 Білгім келеді

3 Қолдана аламын

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Padlet.com Кері байланыс
https://padlet.com/jbibolatova1/11-d0877r4fvurrqp92


1-қосымша

Жаратылыстану сауаттылык тапсырмалары




Тапсырма

  1. Электрөткізгіштік қасиет бойынша кімнің айтып тұрғанымен келісесіз?




  1. Тотығу дәрежесі бойынша екеуінің де айтып тұрғаны дұрыс екенін ғылыми тұрғыда дәлелде?



  1. Мұғалім оқушыларға шын және жалған тапсырмасын орындауға берді?



Тапсырмалар

Шын

Жалған

1

Германий – жартылай өткізгіш







2

СCl4 салыстырғанда SiCl4 термотұрақты







3

Қорғасын (IV) хлориді бөлме температурада қорғасын (IІ) хлориді мен хлор газына ыдырайды.







4

Топ бойынша төмен қарай s2 электронның байланысқа түспейтін тенденциясы артады

(жұп инертті эффект)







5

Sn+4 > Sn+2 қарағанда анағұрлым тұрақты







6

Көміртек моноксиді күшті тотықсыздандырғыш себебі С+2 → C+4 оңай тотығады







7

SnO, PbO2 , GeO екідайлы қасиет көрсетеді










14 топ элементтерінің қасиеттері

Химия сабағында мұғалім суретке қарап 14 топ элементтердің қасиеттерін анықтауды тапсырды. Айдос пен Айбар 14 топ элементтерінің қасиеттері тақырыбында келіспей қалды. Айдос топ элементтері электрөткізгіш, тотығу дәрежесі жоғарыдан төмен қарай артады деп ойлайды. Ал Айбар топ элементтері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай элктрөткізгіш артады, тотығу дәрежесі төменнен жоғары қарай артады деп ойлайды. Бөлме температурасында салыстырмалы түрде металдарға қарағанда электр тоғын баяу өткізеді.

Температураны арттырғанда металлоидтардың электрөткізгіштігі артады, ал металдарда керісінше кемиді. Мұны байқаған мұғалім оқушыларға не істеді?




2-қосымша

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім 11.3В 14 топ-элементтері

Бөлім/Тақырып

11.3В 14 топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі


Оқу мақсаты

14 топ элементтері қасиеттерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру


Бағалау критерийі

1) 14 топ элементтерінің физикалық химиялық қасиеттрін тооптағы басқа элементтермен сипаттайды
2) Бір топтпғы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын салыстырады, реакция теңдеулерін құрастырып жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Тапсырма 1-Нұсқа

№1 14 топ элементтерінің қасиеттерін толықтырып сипаттаңыз?

Сипаттамасы

Көміртек

Қалайы

Қорғасын

Белгіленуі










атомдық номер










Атомдық массасы










валенттік электрон конфигурациясы










Балқу нүктесі

4489




327

Қайнау нүктесі (° C)







1749

Электртерістілік










№2 Реакция теңдеуін құрыңыз және реакция теңдеуін теңестіріңіз?
А) Германий мен қалайы суда әрекеттеспейді. Қорғасын суда баяу еруі реакция теңдеуін жазыңыз
Б) Кремний сілтілердің судағы ерітінділерімен әрекеттесу реакциясын жазыңыз

С) Көміртек концентрлі күкірт қышқылымен тотығу реакциясы жазыңыз
№3
А) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, график құрыңыз. Қайнау температурасы мен балқу температурасының өзгеру себебін түсіндіріңіз:

14-топ элементтері

Қайнау температурасы

С

4830 (алмаз)

Si

2680

Ge

2860

щPb

2270

Sn

1745



Тапсырма 2-нұсқа

№1 14 топ элементтерінің қасиеттерін толықтырып сипаттаңыз?




Көміртек

Кремний

Германий

Белгіленуі










Атомдық нөмері










Атомдық массасы




28.09




валенттік электрон конфигурациясы










Балқу нүктесі

4489




939

Қайнау нүктесі (° C)




3265

2833

Электртерістілік










№2 Реакция теңдеуін құрыңыз және реакция теңдеуін теңестіріңіз?

А) Көміртек концентрлі азот қышқылымен тотығу реакциясы

Б) Кремнийдің сілтілік металмен реакция теңдеуін құрыңыз?

С) Қалайының оттекпен әрекеттесу реакциясы

№3 Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, график құрыңыз. Қайнау температурасы мен балқу температурасының өзгеру себебін түсіндіріңіз:

14-топ элементтері

Балқу температурасы

С

3750(алмаз)

Si

1415

Ge

937

Pb

232

Sn

327