Файл: 9. 1 азастан соыстан кейінгі жылдарда (19461953) Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

9.1 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 9

Қатысушылар саны қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

Оқу бағдарламасына сай оқыту мақсаттары

9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.

Сабақтың мақсаты

  • Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалайды.

  • Сталиндік идеологияның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерін түсіндіреді;

Бағалау критерийі

Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалайды.

Сталиндік идеологияның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерін түсіндіреді;



Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей (талдау, жинақтау, бағалау)

Тарихи концепт

Дәлел

Тарихи дағды

Тарихи деректердің интерпретациясы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларының сабаққа қатысын түгендеп, топқа бөлу.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға бірнеше тақырыптық суреттер беріледі. Суретке сәйкес жетелеуші сұрақтар қойылады:

  • Қандай суреттер көрсетілген?

  • Бұл еңбек, фильм туралы қандай ақпарат білесіздер?

  • Бұл тұлға кім болуы мүмкін?

  • Саяси қуғын-сүргін туралы не білесіздер?

  • Бүгінгі сабағымыз немен байланысты деп ойлайсыздар?


Өткен тақырыпты еске түсіріп, жаңа тақырыппен байланысын айқындайды. Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады, назарларын тарихи концептіге аударады.
Мақсаты: Жылдам және креативті түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: білім алушылардың есте сақтау дағдысы дамиды, суреттер арқылы өз көзқарасын білдіреді, ортада талқылайды, жаңа тақырыпты айқындады.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы саралау жүргізуге болады. ЕБҚЕ оқушыларға (көп сөйлемейтін оқушыларға) қадамдық жеңіл сұрақтар қойылады. «Қандай суреттер көрсетілген?, Сталин қандай басшы болды? «Жекебасқа табынушылық» дегенді қалай түсінесіз?».


Оқушылар «Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген суреттермен өз ойларын ортаға салады, талқылайды. Жетелеуші сұрақтар арқылы өткен тарихи оқиғаларды еске түсіріп, жаңа тақырыпты айқындайды.

Оқушылар осыған дейінгі білімдері – «жекебасқа табынушылық», «саяси қуғын-сүргін», «еңбекпен түзеу лагерлері» ұғымын еске түсіреді.

Оқушылардың деңгейін бағамдау мақсатында диагностикалық бағалауды үздіксіз қолданамын.
ҚБ «Ең үздік жауап» арқылы бағалау

Тақырыптық суреттер





Аяған Б. Қазақстан тарихы (1946 жылдан бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Б.Ғ.Аяған, Қ.Б.Әдиет, А.Б.Сатанов. –Алматы; Атамұра, 2019. – 23-27беттер


Сабақтың ортасы

Белсенді оқу әдістері

(30 мин)
Жаңа сабақ

10 мин (5 мин фильм + 5 мин талқылау)

10 мин

10 мин

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

«Аманат» фильмі. https://www.youtube.com/watch?v=KrjN_KxQKmc

Б Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау үшін «Аманат» фильмінен үзінді көрсетеді. (Фильм ұзақтығы қажеттілікке қарай қысқартылады). Фильмді көрсетер алдында білім алушыларға, оны көрудегі мақсат қандай, неге назар аудару керектігі туралы нұсқау беріледі:

  • Бұл фильмнен не көремін деп ойлайсыз?

  • Фильм атауына негізделіп, көремін деген 3 идеяны және адамдарды тізіп жазыңыз.

  • Бұл фильм түсірілген кезеңнің өмірі туралы қандай мәлімет береді?

  • Фильмнің негізгі екі ерекшелігін анықтаңыз.

Фильм мазмұны бойынша талқылау ұйымдастырады. Қосымша сұрақтар:

  • Фильм не/кім туралы?

  • Фильмдегі оқиға қай кезеңді бейнелейді?

  • Қандай тарихи тұлғалармен таныстыңыздар?

  • Тарихшы Ермұхан Бекмахановты неліктен 25 жылға бас бостандығынан айырды деп ойлайсыздар?

  • Қазақстан Республикасының заңында 25 жылға бас бостандығынан айыру қандай жаза түріне жатады? («Құқық негіздері» пәніндегі білімдерін негізге алады)

  • Тарихшы адам өз елінің және жерінің тарихын зерттеп жазу - қылмыс деп ойлайсыздар ма? Себебі?


Мақсаты: жылдам және функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: оқушыларға фильмнен бұрын зерттеу сұрағын қою арқылы дәлел концептісіне негізделген зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттаймыз.Нәтижесінде оқушылар деректерді тиімді түрде қолданып үйренеді. Сұрақтар бойынша өз көзқарастарын айтады, талқылайды. Пәнаралық байланыс бойынша «Құқық негіздері» пәнінен алған білімдерін қолданады.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы барлық оқушыларға саралау жүргізуге болады. ЕБҚЕ оқушыларға (көп сөйлеметін оқушыларға) қадамдық жетелеуші сұрақтар қойылады: «Фильм не/кім туралы?» «Оқиға қай кезеңде болды деп ойлайсыз?», «Қандай тарихи тұлғалармен таныстыңыздар?», «Неліктен тарихшы ғалымды 25 жылға бас бостандығынан айырды?».

Тапсырма №1. Дерекпен жұмыс.

Топтық жұмыс.

Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау үшін мәтіндік дереккөзбен (1-қосымша) таныстырады. «Дәлел» концептісіне негізделген таратпа материалды топтарға ұсынады. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндереді. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы топтар деректі талдайды.
«Дәлел» концепциясы бойынша тапсырма үлгісі

(2-қосымша)

Аты:

Мерзімі:

  1. Бұл дереккөздің қай түріне жатады?




  1. Авторы/жасаушысы кім?




  1. Қашан жазылған/жасалған?




  1. Автор қандай тарихи оқиғаны негізге алған?




  1. Не үшін жазылған немесе жасалған?

Кімге арналған?




  1. Автор/ жасаушы қандай көзқарасты ұстанған?




  1. Көзқарас/позиция дереккөзді қалай көрсетеді?




  1. Осы дерек сіз зерттейтін тақырыпқа, оқиғаға қандай дәлелдер береді?





Мақсаты: оқушы деректі талдай отырып, автордың көзқарасы мен мақсатына, деректің құндылығына өзіндік интерпретация жасай алады және зерттеушілік қабілеттері артып, сыни тұрғыдан ойлайтын азаматтар қалыптасады.

Тиімділігі: Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы білім алушылардың жазылым дағдысы мен деректі қаншалықты дұрыс жинақтай алғанын көруге мүмкіндік береді. Тарихи сананы қалыптастыруға жетелейді.

Саралау: «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы білім алушылар деректі топпен талдайды. Тапсырма барлық оқушыларды қамтиды. Блум таксаномиясының білу, түсіну деңгейіндегі оқушылар қарапайым сұрақтарға (Бұл дереккөздің қай түріне жатады? Авторы кім? Қашан жазылған?) жауап бере алады. Ал жоғарғы деңгейді игере алатын оқушылар автордың көзқарасын, не үшін жазылғандығын, зерттеп отырған тақырыпқа дәлелдеме келтіре алады.
Тапсырма №2. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Жеке жұмыс.

«Пирамида» әдісі бойынша Сталиндік идеологияның қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсерін берілген дереккөз - мәтін (3-қосымша) арқылы талдау жасаңыз.

  1. Мәтін не, кім туралы?

  2. Оқиғаның ерекшеліктері

  3. Оқиғаның орны мен уақыты

  4. Негізгі оқиғалар

  5. Негізгі кейіпкерлер

  6. Сіздің эмоцияларыңыз

  7. Мәтін жайлы өз пікіріңіз


Мақсат: оқушылардың белсенділіктерін жетілдіру және алдын ала білімдерін өзектендіру мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізілді.

Тиімділігі: оқушы дереккөзге зерттеу жүргізе отырып, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Саралау: Тапсырмада сұрақтары сараланып берілгендіктен жоғары қабілетті оқушылар өз жауаптарын дәйектермен бекітеді. Ал ЕБҚЕ оқушылар (С деңгейлі оқушылар) ешбір дәйексіз жалпылама жауап береді.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мүмкін болатын жауаптар:

  • Фильм қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы,саяси қудалауға ұшыраған тарихшы Е.Бекмаханов туралы;

  • Фильмде саяси қуғын-сүргін кезеңі бейнеленген.

  • Тарихи тұлға сол кезеңде заңға қайшы іс-әрекет жасағаны үшін жазаланды.

  • Тарихи тұлғаға жазықсыз жала жабылды.

  • Тарихи тұлға мемлекет саясатына қарсы іс-әрекет жасады.

  • 25 жылға бас бостандығынан айыру біздің қоғамда ең ауыр жаза түріне жатады.

  • Тарихшы адам өз елінің, жерінің тарихын зерттеп жазу - қылмыс емес. Себебі кез келген адам өз ой-пікірін айтуға құқылы.


Тапсырма - 1. (Топтық жұмыс)

Дерекпен танысады. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы топпен берілген тапсырманы «Дәлел» концептісіне негізделген кестеге орындайды. Жауаптарымен бөліседі. Блум таксаномиясының білу, түсіну деңгейіндегі оқушылар қарапайым сұрақтарға (Бұл дереккөздің қай түріне жатады? Авторы кім? Қашан жазылған?)жауап бере алады. Ал жоғарғы ойлау деңгейіндегі оқушылар автордың көзқарасын, не үшін жазылғандығын, зерттеп отырған тақырыпқа дәлелдеме келтіре алады.


Тапсырма-2. (жеке жұмыс)

«Пирамида» әдісі бойынша оқушы мәтінмен танысады. Реттілігі бойынша сұрақтарға жауап беріп, пирамиданы құрастырады. Жоғары қабілетті оқушылар өз жауаптарын дәйектермен бекітеді. Ал ЕБҚЕ оқушылар (С деңгейлі оқушылар) ешбір дәйексіз жалпылама жауап береді.



Мұғалімнің кері байланысымен жүзеге асады.

ҚБ «Мадақтау» арқылы бағалаймын.

Дескрипторы:

  1. Дереккөздің түрін анықтайды.

  2. Дереккөздің авторын анықтайды.

  3. Дереккөздің мерзімін анықтайды.

  4. Дереккөзден тарихи оқиғаны көрсетеді.

  5. Дереккөздің кімдерге арналғанын көрсетеді.

  6. Автордың көзқарасын анықтайды;

  7. Дереккөздің жазылу мақсатын талдайды;

  8. Дереккөзді тақырыппен байланыстырады.


ҚБ «Мадақтау сэндвичі» арқылы әр топ бір-біріне баға береді.

Дескрипторы:

  1. Мәтінде саяси қудалау мен саяси қудалауға ұшыраған ұлт қайраткерлер туралы жазылғанын көрсетеді.

  2. Сол уақытта Сталиннің тотаритарлық саясаты билік құрғанын, қоғамда жекебасқа табынушылықтың жоғарғы болғанын көрсетеді.

  3. Оқиға жалпы қазақ жерінде 1940-1950 жылдары болды.

  4. қазақ тарихын зерттеушілерді ұлтшылдар деп айыпталғанын, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» науқандары туралы көрсетеді.

  5. Негізгі кейіпкерлерді мәтіннен көрсетеді.

  6. Осы саяси идеологияға байланысты өз эмоциаларымен бөліседі.

  7. Мәтінге байланысты субъективті пікірлерін білдіреді.


ҚБ «Өзін-өзі және өзара бағалау»

«Аманат» фильмі. https://www.youtube.com/watch?v=KrjN_KxQKmc

Ақпараттық мәтін (1-қосымша)
Дереккөз: Кеңес Нұрпейіс. Шығармалар жинағы/ Құраст.: С.О.Смағұлова, Г.Ж.Өскенбаева. - Алматы: «Елтаным» баспасы, 2015, 258-259 беттер
«Дәлел» концепциясы бойынша тапсырма үлгісі (2-қосымша)

Ақпараттық мәтін (3-қосымша)

Аяған Б. Қазақстан тарихы (1946 жылдан бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Б.Ғ.Аяған, Қ.Б.Әдиет, А.Б.Сатанов. –Алматы; Атамұра, 2019. – 23-24-беттер
«Пирамида» әдісіне арналған кесте (4-қосымша)




Сабақтың соңы

Рефлекция

(5 мин)


Рефлекция «ЖҚКӨ» әдісі
Сабақта не ........... болды.

Ж – жақсы

Қ – қызықты

К – кедергі болды.

Ө – өзіме түйіп алғаным.

Берілген тапсырманы орындау арқылы «Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?» сұрағына жауап табады.


Оқушыларды бағалау

А4, конспект

Үйге тапсырма

«Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері» тақырыбында эссе жазу.



Эссе 120-150 сөзден құралады. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім жазылады.








Қысқа мерзімді жоспардың түсіндірмесі
Сабақ тақырыбы: 9-сыныптың оқу бағдарламасындағы «Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері»

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

Оқу мақсаттары: 9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.

Оқу мақсаттарын оқу бағдарламасына сәйкес жоспарладым. Яғни, оқу мақсаты - 9.2.3.1 шифріндегі 2.3 - білім және ғылым бөліміне арналғандықтан, білім алушылар Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалайды; екінші оқу мақсатындағы - 9.3.1.1 шифрінде 3.1 - мемлекеттің ішкі саясаты туралы болғандықтан, 1930-1950 жылдардағы Сталиндік идеологияның саяси-қоғамдық дамуға әсерін деректер негізінде түсіндіреді.

Сабақ мақсаттарын қоюда білім алушылардың академиялық білімдері ескерілді. Нақтылайтын болсақ, оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып сабақ мақсаты - тарихшы Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихына қосқан үлесін бағалайды және қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді деп алдым. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейі - жоғары, тарихи ойлау дағдысы - тарихи дереккөзді интерпретациялау, тарихи концептісі - дәлел. «Дәлел» концептісі бойынша дамытылатын дағдылардың прогрессиясы бойынша 9-сынып оқушылары негізгі қорытындыларды қолдау мақсатында тарихи деректерді олардың контексті, аудиториясы мен міндеттері аясында бағалайды.

Сабақтың мақсаты SMART форматында, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес құрылды. Ойлау дағдыларының деңгейі - жоғары. 9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалу үшін тарихшы ғалымның «не себепті 25 жылға бас бостандығынан айырылғанын» дереккөздер арқылы анықтайды. 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру үшін Сталиндік идеологияның білім мен ғылым қалай әсер еткенін деректер арқылы талдайды.

Сабақта таңдаған әдісім оқу мақсатына оқушылар қол жеткізуге толық мүмкіндік береді. 1-тапсырма «9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау» оқу мақсатына бағытталды. ҚМЖ-да көрсетілгендей «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастыруға тиімдірек, себебі білім алушылардың тыңдалым және жазылым дағдылары мен деректі қаншалықты дұрыс жинай алатынын көруге мүмкіндік береді. «Дәлел» концептісіне негізделген

тапсырманы пайлана отырып, білім алушылардың тарихи деректі (1-қосымша) зерттей алуына, қажетті ақпаратты талдауына, тарихи сананы қалыптастыруға жетелеймін..Тапсырманы орындап болған соң, Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихына қосқан үлесін қандай деректер арқылы анықтағанын сұраймын. Білім алушылардың келтіретін дәлелдерінің сапалығына, санына назар аударамын, тиімді кері байланыс ұйымдастырамын.

Сабақта қолданатын әдісім барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етеді. Мысалы, «9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау» оқу мақсатына сәйкес білім алушылар «Аманат» фильмінен үзінді көреді. Білім алушыларға жаппай жауабы күтілетін сұрақтар ұсынылады. Фильмді көрсетер алдында білім алушыларға оны көрудегі мақсат қандай, неге назар аудару керектігі туралы нұсқау беріледі. «Бұл фильмде не көремін деп ойлайсыз? Фильм атауына негізделіп, көремін деп күтетін үш түсінік немесе идеяны және адамдарды тізіп жазыңыз немесе бұл фильм сізге түсірілген кезеңнің өмірі туралы қандай мәлімет береді, негізгі екі ерекшелігін анықтаңыз» деген секілді сұрақтарды ұсынамын. Нәтижесінде білім алушылар деректерді тиімді түрде қолдануға үйренеді.

Сабақта қолданған әдістер оқушыларды жеке ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту қарастырылған. Оқу мақсаты - «9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау» сәйкес оқушылар дереккөзбен танысады. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы топпен берілген тапсырманы «Дәлел» концептісіне негізделген кестеге орындайды. Жауаптарымен бөліседі. Блум таксаномиясының білу, түсіну деңгейіндегі оқушылар қарапайым сұрақтарға (Бұл дереккөздің қай түріне жатады? Авторы кім? Қашан жазылған?) жауап бере алады. Ал жоғарғы ойлау деңгейіндегі оқушылар автордың көзқарасын, не үшін жазылғандығын, зерттеп отырған тақырыпқа дәлелдеме келтіреді. Жоғарғы ойлау деңгейіндегі оқушылар төменгі ойлау деңгейіндегі оқушыларға жұптасу, топтасу арқылы көмек көрсетеді.

Оқу мақсаттарына қол жеткізудің бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлері сәйкес келеді. Яғни, 9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау; 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау; Оқу мақсаттарына сәйкес тарихи дереккөздерді қолданып, мәліметтерді талдау және жүйелеу тарихи ойлауды дамытуды көздейді. «Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау» үшін «Дәлел» концептісіне негізделген тапсырма үлгісі де, «Сталиндік идеологияның қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсерін түсіндіруге» арналған «Пирамида» кестесін толтыру да «Дәлел» концептісіне сәйкес талдауға негізделген тапсырмалар. Білім алушылар бұл тапсырманы орындау арқылы шығармашылық деңгейде ойлаулары қалыптасады.


Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. 1, 2-тапсырмаларда қажетті ақпаратты мәтіндік дереккөзден (1-қосымша) іздеу, талдау арқылы оқушылардың мәтінмен жұмыс (оқылым сауаттылығы) және ортада өз ойларын талқылау арқылы (айтылым сауаттылығы) дағдыларын дамытамын. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін проблемалық сұрақтар (Сталиндік идеолгия білім мен ғылымға қалай әсер етті? Неліктен тарихшы ғалымға ауыр жаза кесілді?) арқылы зерттеймін. Оқушылар ақпаратты дереккөздерден алған білімдері арқылы интерпретациялайды, оқу сауаттылығын дамытады.

Тапсырмалар оқушылардың жеке немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келеді. «Дәлел» концептісіне негізделген тапсырма үлгісін жазуда кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар беремін. Себебі бұл оқушылар автордың көзқарасын түсінбеуі мүмкін. «Пирамида» кестесін толтыруда жоғары қабілетті оқушылар өз жауаптарын дәйектермен бекітеді. Ал ЕБҚЕ оқушылар (С деңгейлі оқушылар) ешбір дәйексіз жалпылама жауап беруі мүмкін.

1-қосымша

Аты аңызға айналған Бекмаханов

«Буржуазияшыл-ұлтшылдықты насихаттады» деп айдар тағылған Е.Бекмахановтың көңіл-күйі 1947-1950 жылдары өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдік соққының салмағы арта берді. 1950 жылғы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде Шойынбаев, Айдарова, Якунин жариялаған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндадық» деген мақалада кітап пен оның авторы тағы да қатты сынға алынды. «Правдадағы» мақала Е.Бекмахановты ресми түрде тікелей саяси айыптаудың басы болды. 1951 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті осы мақалаға байланысты қаулы алып, оны дұрыс деп бағалап, «Е.Бекмахановтың буржуазияшыл ұлтшылдық көзқарастарын айыптады». Е.Бекмаханов университеттен жұмысынан қуылып, 1951 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ беріп, көп кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мұғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте Ермұхан тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жұмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында №699 іс бойынша айыптау қорытындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылғы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ерекеңнің лагерьдегі тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тікелей жәрдемінің арқасында, қанқұйлы Берия атылғаннан кейін Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралды. 1951 жылы 16 ақпанда оның «қылмыстық ісі» жойылып, өзі ақталып шықты.


Дереккөз: Кеңес Нұрпейіс. Шығармалар жинағы/ Құраст.: С.О.Смағұлова, Г.Ж.Өскенбаева. - Алматы: «Елтаным» баспасы, 2015, 258-259 беттер

2-қосымша

Дәлел

Аты:___________________________ мерзімі:____________________________

  1. Бұл дереккөздің қай түріне жатады?



  1. Авторы/жасаушысы кім?

  1. Қашан жазылған/жасалған?

  1. Автор қандай тарихи оқиғаны негізге алған?


  1. Не үшін жазылған немесе жасалған? Кімге арналған?



  1. Автор/ жасаушы қандай көзқарасты ұстанған?



  1. Көзқарас/позиция дереккөзді қалай көрсетеді?



Осы дерек сіз зерттейтін тақырыпқа, оқиғаға қандай дәлелдер береді?



3-қосымша

1940-1950 жылдары ұлт қайраткерлерін қудалау ісі жалғасты. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов «қазіргі тақырыпқа пьеса жазбайтындар» ретінде сыналды. Ә.Тәжібаевтың «Біз – қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлап өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А.Жұбанов «феодалдық-байшылдық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін қатаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академисының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңінен қанат жайды.

Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан секілді талантты зерттеушілер ұлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер» ретінде де айыпталды. Дулат Шортанбайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ғұмар Қараш секілді қайраткерлердің шығармаларын пайдалануға тыйым салынды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» дейтін науқандар қызу жүріп жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» қолдан жасалынды.

Дереккөз: Аяған Б. Қазақстан тарихы (1946 жылдан бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Б.Ғ.Аяған, Қ.Б.Әдиет, А.Б.Сатанов. –Алматы; Атамұра, 2019. – 23-24-беттер