Файл: Цифрлы сауаттылы Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Цифрлық сауаттылық

Педагогтың аты-жөні

Т.Т.Калиев

Күні

14.04.2023

Сынып 11а

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты құқықтық қорғау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.6.2.1 - ақпарат және интеллектуалды меншікті қорғау қажеттілігін негіздеу (Қазақстан Республикасының

1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы" Заңдары)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Қолданушының деректер қауіпсіздігінің шараларын қолдануды түсіндіреді: құпия сөздер, тіркеу жазбалары,

аутентификация, биометрлік аутентификация;

Көптеген оқушылар:

Ақпаратты немесе интеллектуалды меншікті қорғау заңдарын сақтау дәлелдерін береді.








Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Сабақ мақсаттарын хабарлау:

 ақпаратты және интеллектуалды меншікті не үшін қорғауды;

 ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды қандай заңдар

реттейтінін білетін боласыңдар.

Жаңа материалды меңгеру

–Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға көшірудің тек артықшылықтары ғана болмайды.

Белгілі бір қиындықтар да бар. Маңызды мәселелердің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету.

Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға байланысты ақпараттық қауіпсіздік үшін негізгі

тәуекелдерді атаңдар.

Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай негізгі ұғымдарын білесің?

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар НМШЖ әдісін қолданып, оқулықтағы мәтінді оқып шығады.

Н – негізгі ойлар (мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтіннің негізгі ойын анықтау).

М – мұқият оқу (қайтадан мұқият оқып шығу, толық ақпараттың негізгі оймен үйлесуі).

Ш – шолу жасау (бар біліммен қатар салыстыра байланыстыру).

Ж – жетілдіру (мәтін жадысы бойынша қайталау, толық қарап шығу: Нені жіберіп алдыңыз? Бұл

қалай орын алды?).

Білу және түсіну

1. Ақпараттық қауіпсіздік деген не?

2. Ақпараттық қауіпсіздікке төндіретін ең басты қауіптерді ата.

3. Ақпараттардың мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата.

4. Ақпараттарды қорғау үшін қандай нормативті-құқықтық құжаттар қолданылады?

Қолдану

1. Нақты жағдаяттарды оқы, талда және қандай жағдайда азаматтардың ақпараттар бойынша

құқықтары бұзылады?

• сынып жетекшісі ұсынған сауалнамада ата-аналарға қатысты сұрақтар бар: «Тегі, аты, әкесінің

аты, үйдің мекенжайы, телефон номері, сотталғаны туралы анықтама, күнкөріс қаражатының

көзі, саяси партияларға мүше болуы».

• Дүкеннің зергерлік бөліміне жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші жұмысқа

орналасуға келген кондидаттан тиісті мемлекеттік органдардан сотталғандық туралы анықтама,

кредиттерінің саны, басқа кіріс көзі туралы деректер, салық деклорациясын талап етті.

• Тергеу барысында экономикалық қылмыс жасаған К. деген азамат жұбайының кірісі туралы

ақпаратты хабарлаудан бас тартты.

• Мәжіліс депутатынан оның отбасы мүшелерінің өткен жыл бойынша кірістері, сондай-ақ бір

жылғы кірістерінің шамасынан асып кеткен шығындары және оларды алу көзі туралы

мәліметтер талап етілді.

Жұптық жұмыс.

№1 тапсырма: Ақпарат иесіне сол ақпаратты кімге қолжетімді етуді шешуге мүмкіндік

беретін құқық.

 Меншік құқығы

 Пайдалану құқығы

 Құқықты өзгерту

 Билік ету құқығы

 Жоғарыда айтылғанның бәрі

2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

А деңгейі. »Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып, «Ақпаратты құқықтық қорғау»

деген тақырыпта ақпарат іздеп тауып, кестені толтыр (кестенің үлгісі оқулықта берілген).

В деңгейі. Параграфта ақпаратты қорғаудың үш негізгі бағыты сипатталды. Осы бағыттардың

әрқайсысы үшін қатынастарды қандай заңдар реттейтінін анықта.

С деңгейі. Қандай жағдайда ақпараттарда азаматтардың құқығы бұзылатындығын талдап,

анықтаңдар.

Мәжіліс депутатынан өткен жыл бойынша өзі және оның отбасы мүшелерінің кірістері,

сондай-ақ бір жылғы алған кірістерінің шамадан асып кеткені және оларды алған кіріс

көзі туралы мәлімет талап етілді.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды




Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

«Неліктен құқықтық қорғау заманауи қоғамның қажетті атрибуты болып саналады?»