Файл: Бл курс 34 саата негізделген, аптасына 1 саат. Курсты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 71
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТҮСІНІК ХАТҚазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан , 10- сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.« Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл,әзіл, тапқырлық т.б. қамтиды. Бұл курс 34 сағатқа негізделген, аптасына – 1 сағат.Курстың мақсаты :
-
Оқушылар шешендік өнерді ,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру; -
Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту; -
Кітап оқуға деген ынтасын арттыру; -
Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау.
-
Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс, қазақ дәстүрінің қалыптасу тарихы туралы әңгімелеу; -
Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту; -
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау; -
Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету; -
Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу.
| № | Сабақтардың тақырыптары | Сағ. саны | мерзімі | Сабақтың жұмыс тәсілдері |
| 1 | Шешендік өнер – ауызша түрдегі әдеби шығармашылық | 1 | | Баяндау, сұрақ-жауап |
| 2 | Ежелгі Грекиядағы шешендік өнер | 1 | | Баяндау,жекелей сұрақ қою арқылы ізденіске жетелеу |
| 3 | Ежелгі Римдағы шешендік | 1 | | Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу. |
| 4 | Аристотельдің шешендігі | 1 | | Ой тудыру (миға шабуыл), көрнекілікпен жұмыс |
| 5 | Ресейдегі шешендік өнер | 1 | | Жұптық жұмыс, мәнерлеп оқу, Нақты пікір ізденісіне жетелеу |
| 6 | Түркі халқына ортақ Орхон –Енесей көне ескерткіштері | 1 | | Талдау, сұрақ-жауап,салыстыру. |
| 7 | Әл-Фараби еңбектері | 1 | | Жұптық жұмыс, баяндау |
| 8 | Қорқыттың нақыл сөздері | 1 | | Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу |
| 9 | Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен | 1 | | Жұптық жұмыс, пікіралмасу,талдау |
| 10 | Тұрмыс –салт жырларындағы бейнелі ойлар | 1 | | Пікірлесу, түсіндіру |
| 11 | Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары. | 1 | | Ғылыми дәлелдерге сүйену,әңгімелеу, көрнекілікпен жұмыс |
| 12 | Батырлар жыры мен ғашықтық жырлардағы тәлімдік тәрбие | 1 | | Түсіндіру, жаттығу |
| 13 | Айтыстағы сөз оралымдары | 1 | | Баяндау, мәнерлеп оқу |
| 14 | Би-шешендердің шешендік сөздері | 1 | | Түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс |
| 15 | Тәуке ханның «Жеті жарғысы», ондағы билік кесімдер. | 1 | | Рөлге бөліп оқу, түсіндіру . Шығармашылық жұмыс |
| 16 | Қасым хан мен Есім хандардың ережелері | 1 | | Талдау, сұрақ-жауап,салыстыру. |
| 17 | Ақын-жазушылар шығармаларындағы ұтқыр, тапқыр сөздердің тәрбиелік мәні. | 4 | | Жұптық жұмыс, баяндау |
| 18 | Шешендік арнау. ( Асан Қайғы мен Әз Жәнібек) | 1 | | Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу |
| 19 | Шешендік толғау. ( Мөңке би мен Байдалы би) | 1 | | Жұптық жұмыс, пікіралмасу,талдау |
| 20 | Шешендік дау. ( Бұқар жырау мен Қазтуған жырау) | 1 | | Пікірлесу, түсіндіру |
| 21 | Тіл көрнекілігі. ( Троп, метафора, кейіптеу, метонимия, эпитет, теңеулер) | 2 | | Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу. |
| 22 | Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық | 1 | | Ой тудыру (миға шабуыл), көрнекілікпен жұмыс |
| 23 | Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениеті | 1 | | Жұптық жұмыс, мәнерлеп оқу, Нақты пікір ізденісіне жетелеу |
| 24 | Пікірталас,оның түрлері | 1 | | Жұптық жұмыс, баяндау |
| 25 | Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары мен тәсілдері | 1 | | Рөлге бөліп оқу, түсіндіру . Шығармашылық жұмыс |
| 26 | Монолог. ( Кейіпкердің ішкі толғанысы,сөйлеу өзгешелігі,мәтіндегі ойдың тұтастығы) | 1 | | Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу. |
| 27 | Диалог. ( Кейіпкердің ішкі толғанысы,сөйлеу өзгешелігі,мәтіндегі ойдың тұтастығы) | 1 | | Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу. |
| 28 | Шешендік өнер –тауып айтылған тапқыр сөз. (Жоба жазу,қорғау) | 2 | | Жоба қорғау |