Файл: Коммерциялы емес акционерлік оам алматы энергетика жне байланыс университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасы

CӨЖ 5

Пәні: ЖЭС ЖӘНЕ АЭС-ДАҒЫ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Мамандығы: жылуэнергетика

Орындаған:Батырбаев Махамбет

Тобы: ПТЭк 20-2

Қабылдаған: :Акимбекова Г.Ә

_ _ «» ___2022 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы, 2022



  1. Сығымдағыштардың қандай түрлері болады?

  2. Сығымдағыштар құрылысына байланысты қандай түрлеріне бөлінеді?

  3. Сығымдағыштардың қажеттілігіне байланысты қандай түрлері болады?

  4. Желдеткіштердің қандай түрлері болады?

  5. Сорғылардың қандай түрлері болады?

Сығымдағыштардың қандай түрлері болады?

Cығымдағыш - газ тәрізді денелерді сығуға арналған жұмыстық машина. Сығымдағыш жетегінде жұмсалатын механикалық энергия, сығылған газдың потенциалдық энергиясына өзгереді және жарым-жартылай жылуға айналады. Піспекті сығымдағыштағы энергияның мұндай түрленуі, тікелей қозғалтқыштың газға тигізер әрекетімен жасалынады. Турбосығымдағышта (қалақшалы машиналар), механикалық жұмыстың қалақшаны айналдыруға жүмсалуымен, газ ағынына кинетикалық энергияны береді де, ол одан ары қарай потенциалдық энергияға түрленеді (қысым энергиясы). Сығымдағыштардың қозғалуын сыртқы жұмысшы энергия көзімен жүргізеді.

Теориялық индикаторлы диаграмманың бір цилиндірлі поршенді сығымдағышын қарастыралық. Сығымдағыш цилиндірінің, барлық көлемі болады да, басында жұмысшы көлемі деп қабылдаймыз, яғни сығымдағыштың зиянды көлемі болмайды; сығылатын орта - ауа.

Цилиндрдегі піспектің 1 оңға қарай қозғалысы кезінде, автоматты әрекетті тиектен 3, тұрақты қысым Р1  арқылы ауа сорылады. Ары қарай, поршеннің кері жүрісі кезінде, берілген қысымға Р2 дейін, цилиндр 2 жабық тиекте ауа сығылады. Бұдан кейін айдамалаушы тиек 4 арқылы, сығылған ауа тұрақты қысыммен Р2 резервуарға айдалады. Сығылуға жұмсалған техникалық жұмысшы аудан 1234 көрсетілгендей, ол қайтымды политропты сығылу жағдайына арналғандағысы жалпы түрінде былай жазылады:

  • {\displaystyle 1_{r}=P_{2}V_{2}+{\frac {1}{n-1}}(P_{2}V_{2}-P_{1}V_{1})-P_{1}V_{1}={\frac {n}{n-1}}P_{1}V_{1}[1-({\frac {V_{1}}{V_{2}}})^{n-1}]} Изоэнтропийлі сығылу жағдайында n = k, өте жоғарғы ауа температурасында өтер еді, сығымдағыштарды майлаушы майды қолдануға болмайды, оны пайдалану үшін ауаны салқындатуға тура келеді, яғни жылуды алып кету керек. Сондықтан n < k және сығылу политропты сығылуға сәйкес келеді. Қисық сызықтың салыстырмалы орналасуынан көрінгендей, политропты (n < k) кезіндегіге қарағанда, изоэнтропийлі сығылуда үлкен жұмыс жұмсалынады. Ең тиімдісі болып, n=1 кезіндегі, изотермиялық сығылу болып есептеледі. Сығылар газды салқындату, үдемелі болған сайын, n бірге жуық болады. Бірақ та, изотермиялық сығылуда n = 1 болуы, практикалық жағдайда салқындату қиындығына байланысты бірге жетпейді. Піспекті сығымдағыштың негізгі салқындата сығу процессі 1 1/V1= Р2/V2 кезіндегі формуланың белгісіздерін ашқаннан кейін немесе байланысты табамыз:




  • {\displaystyle l_{t}=P_{1}V_{1}ln(V_{2}/V1)} Сығымдағышта сығылған газ тұйықталғанда, айналмалы процессті немесе циклды жүргізбейді. Сығымдағыштың толассыз әрекеті кезінде, тек қана, сығылу процессінде өзгеру жағдайы шектелген. 5.2 суретіндегі Ts-диаграммасында сығылу процессі көрсетілген. Сығымдағыштың бір цилиндірінде сығушы қысымның мүмкіндігі шектелген, бір жағынан, сығылушы ауаның температурасының артуынан майлау қиындайды және оны пайдалану сенімділігі кемиді де, ал басқа жағынан, сығымдағыштың, зиянды кеңістіктің әсеріне байланысты, жұмыс атқару өнімділігі кемиді. Піспекті сығымдағыштарда зиянды кеңістік деп аталатын - цилиндр қақпағы мен піспектің соңғы жағдай орны аралығында болатын кеңістік. Зиянды кеңістікте V0 қалатын сығылған ауа, айдамалағаннан соң, піспектің кері жүру кезінде кеңейеді. Бұдан кейін, ауаның жаңа порциясының сорылуы, зиянды кеңістікте қалған ауа қысымы, copy қысымына (нүкте 0) дейін кемігеннен кейін, басталады. Сонымен, цилиндрге сорылатын газдың саны көлемі азайуынан сығымдағышқа беруі кемиді.

Сорылып алынатын ауаның, санды мөлшерін, компрессордың көлемдік коэфициентімен анықтайды да, сорылып алынатын ауа көлемі V, суреттеліп жазылған поршеннің Vh көлемінің қатынасына тең:

  • {\displaystyle \lambda =V/Vh} Қысымның артуынан сығылуымен компрессордың береуі кемиді, себебі V'

Сығымдағыштар құрылысына байланысты қандай түрлеріне бөлінеді?

Компрессор тоңазытқыш машиналарда буландырғыштан тоңазыту агентінің буын соруға, сығымдауға және конденсаторға айдауға арналған. Компрессорлар жұмыс принципі бойынша поршеньдік, турбиналық және ротациялық түрлерге бөлінеді. Бұл компрессорлардың ішінде кең қолданылатын түрі поршеньдік құрылымдысы. Поршеньдік компрессорды сығымдалатын тоңазыту агентінің мөлшеріне, цилиндрлердің саны мен орналасу ретіне, цилиндрлерде будың қозғалу бағытына, поршеньнің жұмысшы жақтарының санына, иірмойын-шатунь жүйесіне, цилиндрлердің мен картердің құрылымдық орындалуына, қозғалтқыш құрылғының типі сияқты белгілеріне байланысты бір-бірінен ажыратады.Сығымдалатын тоңазыту агентіне байланысты компрессорлардың амиакты, фреонды т.б. түрлері бар. Тоң өндіру өнімділігіне байланысты компрессорлар мынадай түрлерге бөлінеді: аз өнімділікті: 14 000 Вт /12 000 ккал/сағ/; орташа – 14 000 – 105 000 Вт /12 000-90 000 ккал/сағ/; жоғары өнімділікті – 105 000 Вт-тан /90 000 ккал/сағ/ жоғары. Сығымдау сатыларының санына байланысты компрессорлар бірсатылы, қоссатылы және үшсатылы түрлерге бөлінеді. Цилиндрлерінің санына байланысты компрессорлардың қос-, төрт-, алты- және сегізцилиндрлі түрлері белгілі. Цилиндрде тоңазытқыш агент буының қозғалу бағытына байланысты компрессорлар буды тек бір бағытта қозғалтатын тірағынды /прямоточные/, буды ілгері-кейін қозғалтатын қарсы ағынды түрлерге ажыратылады. Өндірістік мекемелерде кеңінен таралған түрлері – амиакты, немесе фреонды бірсатылы крейцкофсыз сальникті және сальниксіз қарапайым жұмыс істейтін тік құрылымды немесе У-тәрізді құрылымды, тікағынды немесе қарсыағынды түрлі компрессорлар болып табылады. Компрессорларлың таңбалануы мемлекеттік стандарт бойынша әріптік және сандық таңбалаумен анықталады: әріппен тоңазыту агентінің түрі, сандар арқылы цилиндрлерінің саны және орналасу реті, картерді нығыздау құрылымы, сығымдау сатылары, температуралық жұмыс режимі мен тоң өндіру қуаты көрсетіледі

.

Желдеткіштердің қандай түрлері болады?

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo — желдету) — өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.[1]

Желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.[2]

Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш— фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты — центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады (суретті қ.). Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады