Файл: В. Аванесов Педагогикалы лшемдерді теориясы мен методикасы атты мааланы оып зерделеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 71

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. В.Аванесов «Педагогикалық өлшемдердің теориясы мен методикасы» атты мақаланы оқып зерделеу.

Аталған баяндаманың мақсаты-тыңдаушыларға білім беру жүйелерінде тесттерді әзірлеу мен қолданудың әдістемелік мәселелері қозғалады. Сонымен қатар Батыыс елдерінде " Educational Measurement (білім беру шаралары)"деп аталатын ұйым тест әзірлеу мәселесімен айналысатыны айтылған. Басты мақсаттарының бірі - оқушылардың дайындық деңгейін өлшеуге арналған сапалы тестілерді әзірлеу.

Тестті ұйымдастыру мен орындаушылардың орындауының сандық – сапалық өлшеулері білім – ғылым саласындағы кей мәселер мен зерттеулердің жүргізілуіне, тіпті қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік беретіні тұжырымдалған. Мысалы, студенттердің рейтингін жүргізу, оқу процесін бақылау, адаптивті оқыту мен адаптивті тесттік бақылауды ұйымдастыру.

Тест жүргізу әдісінің әдісінің бес негізгі артықшылықтары:

1.Пәндердің дайындық деңгейіне объективті баға алуға мүмкіндік беретін тесттің жоғары ғылыми негізділігі;

2. Тест әдістерінің технологиялылығы;

3. Өлшеу дәлдігі;

4. Барлық пайдаланушылар үшін педагогикалық бақылау жүргізу және тест нәтижелерін барабар түсіндіру қағидаларының бірдей болуы;

5. Тест технологиясының басқа заманауи білім беру технологияларымен үйлесімділігі.

Тестті жүргізу және ұйымдастыру кезеңдерінде қараусыз ұалдыруға болмайтын мәселелер де айтылған: тесттердің формасы мен мазмұны, сапасын тексеру әдістері мен критерийлері, сондай-ақ педагогикалық өлшемдердің математикалық модельдері әдістеме мәселелері.

«Педагогикалық тест - бұл белгілі бір формадағы, белгілі бір мазмұндағы тапсырмалар жүйесі, қиындықтардың біркелкі өсуі-құрылымды объективті бағалау және оқушылардың (студенттердің) дайындық деңгейін өлшеу мақсатында құрылған жүйе» екені айтылған.

Берілген анықтаманы дұрыс мағынада түсіну үшін сараланған мысалдар мен талқылаулар берілген: ең алдымен, тапсырмалардың бір білім жүйесіне, яғни бір оқу пәніне, олардың байланысы мен реттілігіне жалпы қатыстылығын бөліп көрсету қажет. Тесттің бірқатар жүйелік белгілерінің ішінде маңыздыларының бірі-тапсырмаларды қиындыққа байланысты ажырату. Сонымен қатар тестт құраушысы тест құрамындағы тапсырмалардың дәстүрлі формада емес: тапсырмасы ұзақ емес, шағын, жауаптарын «жалған-шын» формада болғаны, т.б. түрде болғаны айтылған.

Тест тапсырмаларының қиындағын анықтаудың тәсілдері де ақпараттандырылған: а) тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті психикалық операциялардың болжамды саны мен сипатына негізделген және б) тапсырмаларды эмпирикалық сынақтан өткізгеннен кейін, дұрыс емес жауаптардың үлесін есептей отырып анықтау. Қазіргі таңда тесттердің жаңа нұсқаларында оқушылардың психикалық белсенділігінің сипатына көбірек көңіл бөліну қажеттігі айтылған. Орындаушының білім деңгейі мен құрылымы тесттің барлық тапсырмаларына жауаптарын талдау кезінде анықталады. Дұрыс жауаптар неғұрлым көп болса, субъектілердің жеке тест ұпайы соғұрлым жоғары болатыны, сонымен қатар тест ұпайы "білім деңгейі" ұғымымен байланысты және педагогикалық өлшеудің белгілі бір моделі негізінде нақтылау процедурасынан өтетіні айтылған.


Тестті құрастырушылар (оқу орындары) жеке білім құрылымдарын қалыптастыруға ұмтылуы керек екені және соған сәйкес дайындық деңгейін арттырылуы тиіст.

Тәжірибе жүзінде аталған мәселерді шешіп, іске асырған елдерде: Жапонияда және Азия-Тынық мұхиты елдерінің қарқынды дамып келе жатқан елдерінде айқын көрінеді.

Білім деңгейі көбінесе оқушылардың жеке күш - жігері мен қабілеттеріне байланысты, ал білім құрылымы оқу процесін дұрыс ұйымдастыруға, оқытуды дараландыруға, мұғалімнің шеберлігіне, бақылаудың объективтілігіне байланысты екені айтылған.

Сонымен қатар Ресей елінде жүргізілетін ЕГЭ тесттерінің артышықтары мен кемшіліктері теріліп, жазылған . Бұндай мәселелер біздің елімізіде байқалған, алайда осындай туындаған мәселерді әділ шешуге еліміз тырысып жатыр. Сонымен Қазақстан елінде ҰБТ тест тапсырмаларын құрастырушы ассоциация құрылғанын туралы естуім бар.






Мерзімі

Оқиға

1

ХХ ғ. Басы

Педагогикалық өлшем ғылыми бағыт ретінде пайда болды

2

1904 ж.

Чарльз Спирманның іргелі зерттеулерінде жалпы инттелектуалдық қабілеттерді зерттеу және әр түрлі пәндер бойынша мектептік бағалауды қолдану мәселесі ашылды.

3

1920 ж.

Педагогикалық өлшем мәселесі бойынша Н.Р. Кэмпбелдің физика негіздері атты кітабы жарық көрді.

4

ХХ ғ.

Тест тапсырмаларының сапасын талдаудың сандық әдістер теориясы қарқынды дамыды.




ХХ ғ. 40 ж. соңы

Білісм өлшемдері саласында маңызды оқиға болды: АҚШ-та құрылған Білім беру тесттілеу қызметі (ETS) тестілеудің теориясы мен практикасы дамытылады.




  1. Мектепішілік бақылау нәтижесін тіркеу түрлері: (жүзеке асырылу керек істің орындаушыларына бұйрық – қажеттігі болғанда) сараптамалық анықтама, мектепішілік бақылау нәтижесі жайында анықтамалар, тексерілген істің туралы баяндама .

Соңғы мәліметтер нақты фактілерді, қорытындыларды және қажет болса ұсыныстарды қамтуы қажет. Нәтиже жөніндегі ақпарат мектеп қызметкерлерінің назарына жеткізіледі (мысалы, педагогикалық кеңес не директор жанындағы кеңес жиналысында). Мектепішілік бақылаудың формасы, мақсаты мен міндеттеріне байланысты, сондай-ақ істің нақты жағдайына қарай ең соңында:


1. Педагогикалық немесе әдістемелік кеңестер отырысы, педагогтар құрамымен шаруашылық және педагогикалық кеңес өткізіледі; 2. Айтылған ескертулер мен ұсыныстар мектеп ісінің номенклатурасына сай құжаттарға тіркеледі; 3. Мектепішілік бақылау нәтижесі мұғалімдерді аттестациядан өткізу кезінде ескерілуі мүмкін, алайда сараптама жүргізуші (экспертік) топтың шешім қабылдауына негіз болмайды.

  • Мектеп басшысы бақылау нәтижесі бойынша төмендегі шешімдерді қабылдайды:

  • Бұйрық шығару;

  • МІБ соңғы мәліметтерін алқалы (коллегиальный) органда талдау;

  • сараптамашыларды тарта отырып бақылауды қайта жүргізу;

  • лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту;

  • қызметкерлерді марапаттау;

  • өз құзырлығы шеңберінде басқа да шешімдер қабылдау.

Оқушылар мен олардың ата -аналарына арналған жолдауындағы тексеру нәтижелері жайлы мәліметтер, сондай ақ басқа адамдар мен ұйымдардың жолдаулары мен сұраныстарында. Олар белгіленген тәртіппен және белгіленген уақытта хабардар болуы тиіс. Жалпы білім беретін мектептер үшін мектепішілік бақылау нормативтері:

1. Мектеп әкімшілігінің сабаққа қатысу, бақылау және талдау - айына кемінде 10-15 сабақ (директор орынбасарлары үшін)

- айына кемінде 8-10 сабақ (білім беру ұйымының директоры үшін)

- мақсатқа байланысты келу 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін

2 қажеттілігі бойынша қысқа мерзімді жоспарлар мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру

3 сынып журналдарын қажеттілік бойынша тексеру

4 БЖБ және ТЖБ орындалуын тексеру тоқсанына 1 рет