Файл: Бір шаыра астында Барысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бір шаңырақ астында

Барысы



І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
Бүгінгі мерекемізде біз 4 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз қазақ, орыс, украин, өзбек. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар, қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
ІІ жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз ‒ деп бүгінгі іс-шараның өтуін қадағалайтын әділ қазылар алқасын тағайындаймыз. ( )
1.Кезекті ұлт өкілдерінің таныстыруына берсек (жеребе тастау)
2.«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» ‒ деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, қазақ елінің өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. (ұлт өкілдері слайд, буклет түрінде өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерімен, киімдерімен, тарихи даму жолдарымен таныстырады).
3.Би билеп, ән салып өз өнерлерін көсетеді.

4. Мақал-мәтелдер сайысы.
І жүргізуші:
Бұл күні қыр-қырларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы! 
1. (Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. 1-орыс халқының әні, 1-орыс биін көрсетеді. Жауапты: 6 «В» сыныбы. Барлығы 5-адам шығуы керек.)
ІІ жүргізуші:
Ынтымағы жарасқан берік күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
2.(Сахнаға Украин халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Украин ұлт өкілдері шығады 6 «В» сыныбы.Барлығы 5 адам)


І жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
3.(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады.1-ән,1-биін көрсетеді. 6 «В» сыныбы. Барлығы: 5 адам)
І жүргізуші:
Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
4.(Қазақ халық әнінің сазы естіліп,сахнаға қазақ халық ұлт өкілдері шығады.
1-ән,1-биін көрсетеді. 6 «В» сыныбы, барлығы 5 адам)
Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық 
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге, барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

ІІ жүргізуші
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат.
5.Мақал-мәтелдер сайысы.

Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбаты туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

Сонымен «Бір шаңырақ астында» атты кешіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.