Файл: Былтыры оу жылында е кп грант инженерлік мамандытара берілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Былтырғы оқу жылында ең көп грант инженерлік мамандықтарға берілді.

2021-22 оқу жылы жоғары оқу орындарында 56 мыңнан астам грант бөлінді. Президенттің тапсырмасы бойынша алдыңғы оқу жылына қарағанда гранттардың жалпы саны 5000-ға артқан болатын. Ал биыл 2022 жылы 73000 грант бөлінді. Алайда мектеп бітіретін оқушылар саны да көбейген.

Бұл 73 000 гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Президентіміз Қасым-жомарт Тоқаев елімізге технарьлар көп керек екенін баса айтқан болатын.

Білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінеді. Енді университеттерге академиялық дербестік беріліп, олар білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға немесе нарық талабына сай өздері әзірлейді. Яғни енді мемлекет емес жұмыс берушінің өзі бұл бағдарламаларды реттеуге мүмкіндік алды. Демек, кәсіпорындармен, зауыттар мен фабрикалармен бірлесе отырып, нарыққа, жұмыс берушілерге керек мамандар даярланады.

2022 жылы ҚР Білім министрі Асхат Аймағанбетов ендігі проблема – нарыққа қандай дағдылар керектігін анықтайтын кәсіби стандарттардың жетіспейтінін айтты. Колледждерге де академиялық дербестік беріліп, оларға кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өздері әзірлеу, оқу мерзімдерін де өздері (колледж, университет) айқындау мүмкіндігі берілді. Маман оқу бітірген соң бір ғана емес үш біліктілікке дейін алып шығатын болады. Бұған дейін студенттер 2-4 жыл оқып, жұмыс берушілердің талаптары толығымен ескерілмеген, мектепте оқыған пәндер қайталанып, жас маман тек бір ғана біліктілік алған болатын.

2021 жылы да ең көп грант техникалық мамандықтарға берілген болатын. Бакалавр дәрежесі бойынша ең көп грант инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді 17028 грант. Оның ішінде

  • Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс бағытына - 2249 грант, электр техникасы және энергетика мамандықтарына – 1630, электр техникасы және автоматтандыруға – 630, тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіруге – 1460, Механика және металл өңдеу мамандығына 1350 грант, Фармацевтикалық өндіріс технологиясына – 782 грант, т.б. бөлінген.


Гранттар саны бойынша екінші орында –
 педагогикалық мамандықтар 9573 грант. Оның ішінде ең көбі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» 1216, «Химия мұғалімдерін даярлау» 770, биология мұғалімдерін даярлауға да дәл осындай, «Физика мұғалімдерін даярлау» 738, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 625 грант, «Математика мұғалімдерін даярлау» 580, «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» 570 грант, Информатика мұғалімдерін даярлау» 513 грант, т.б. бөлінді.
Үшінші орында – ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487 грант берілген. Бұған Ақпараттық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік, Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар, т.б. білім беру бағдарламалары кіреді.

Төртінші орында – жаратылыстану ғылымдары саласы 4088 грант, оның ішінде

  • «Биология және сабақтас ғылымдар» (566 грант) ғылыми «Физика» (ғылыми, атомдық физика, техникалық физика, т.б. – 841 грант), ғылыми «Химия» (ғылыми, 650 грант), «Математика және статистика» (503), «Жер туралы ғылым» (407) бар.


Одан кейінгі орында «Денсаулық сақтау» саласы,  оған 2 700 грант бөлінген, оның ішінде 1575-сі жалпы медицинаға, Педиатрияға – 500 грант, ең азы стоматологияға (20 грант) берілген.
Ауыл шаруашылығы саласына 1895 грант бөлінді. Оның ішінде

  • «Ветеринарияға» (714 бюджеттік орын), Өсімдік шаруашылығына (525), Агроинженерияға (352), т.б. грант бөлінді.


Қызмет көрсету саласынан Туризмге (365), Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіне (360) грант берілді.
Ал шығармашылық мамандықтар ішінде ең көп грант – сәулет өнері мамандығында – 361 (2020 ж. 350), одан кейін дінтану мен теология – 200 грант бар (2020 ж. 300).

Әлеуметтік бағытта ең көп 300 грант психология мамандығына берілген. Аз грант бөлігендердің қатарында журналистика мен репортерлік іс (197, 2020 жылы 160), әлеуметтану – социология (117), Халықаралық қатынастар және дипломатия (80) саясаттану (92), мәдениеттану (30), Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі (25 грант) бар.

Бұл техникалық бағыттағы мамандықтармен салыстырғанда бірнеше есе аз.

Өнер және гуманитарлық ғылымдарға 1615, бизнес, басқару және құқық саласының мамандықтарына 1223 грант бөлінді.

Гуманитарлық бағыттағы 12 мамандық бойынша 1 285 бюджеттік орын бөлінген. Оның ішінде философия және этика (110), түркітану және шығыстануға (80), аударма ісіне (343), филологияға (100), тарих және археологияға (117), дін және теологияға 200 (2020 жылы 300) грант

берілген. 

1223 грант (2020 жылы 979 грант) - бизнес, басқару және құқық мамандықтарына берілген. Олар: Маркетинг және жарнама (95, 2020 жылы 85), Менеджмент және басқару (325, 2020 жылы 275), Аудит және салық салу (146, 2020 жылы 140), Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі (368, 2020 жылы 294) БББ тобы.

Педагогикалық ғылымдар бойынша ең аз грант музыка (30), Педагогика және психология – (130), география (205, 2020 жылы 150), Дене шынықтыру (202) мұғалімдеріне бөлінген.

Ал, техникалық мамандықтардан ең аз грант Теңіз көлігі және технологиялары (123), Әуе көлігі және технологиялары (250, 2020 ж. 300), Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану (90, 2020 ж. 62), Балық шаруашылығы (80, 2020 ж. 70), Мал шаруашылығы (275, 2020 ж. 210), Орман шаруашылығы (221, 2020 ж. 242) мамандықтарында.

Қызмет көрсету саласынан 2020 ж. ең аз грант Әлеуметтік жұмыс мамандығына берілсе (127 грант), 2021 ж. 350 грант берілді.

Шығармашылық саласында ең аз грант Композицияда – 19 грант, Орындаушылық өнерде – 20 (2020 ж. – 10) грант. Театр өнеріне 35, хореографияға 45 (2020 ж. 30) грант берілген. Ал ең көп грант – сәулет өнері мамандығында – 361 (2020 ж. 350).

Айтыла бермейтін гранттар

  1. Атаулы гранттар. Белгілі бір университеттерге ғана бөлінеді. Сіз таңдаған мамандыққа атаулы грант бөлінеді делік. Мысалы, ІТ мамандығы бойынша атаулы грант Астана ІТ, Алматыдағы ХАТУ, Қазақстан-Британ университетіне, медицина бойынша С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-ға бөлінеді.

  2. Педагогикалық квота гранттары. Кейбір педагогикалық университеттерге арнайы, әртүрлі мөлшерде бөлінеді. Мысалы, қазақ (орыс) тілі/әдебиетін таңдаған түлектер осы пәндер жұбындағы үш мамандықты өздері қалаған жоғары оқу орнынан белгілейді. Және төртінші мамандық ретінде педагогикалық грант бөлінетін аймақтық университеттердің бірін белгілеуіне болады. Педагогикалық мамандықтар «Серпін» бағдарламасына қатысады. «Серпінге» қатыса алатын түлектер, төртінші мамандық ретінде педагогикалық мамандықты белгілеп, осы бағдарламаға қатысатын университетті көрсетсе болады. Педагогика және психология мамандығына 125, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 350, Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға 105, т.б. грант бөлінген. Жалпы Педагогика және психология мамандығына 2021 жылы 250 грант бөлінген екен. Биылғы грант саны әзірге белгісіз. Биыл да дәл 250 грант бөлінсе, оның 125-і белгілі бір университеттерге берілетін педагогикалық грант деген сөз. Педагогика және психология бойынша педагогикалық грант бөліген университетке Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық гранты берілмеуі мүмкін. Өзіңіз таңдаған мамандықтың педагогикалық гранты қай университеттерге және қайсысына көбірек бөлінгенін білсеңіз, грант ұты мүмкіндігіңіз жоғары болады.

  3. Тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші оқу орындарында оқытуға арналған гранттар. Оңтүстік өңір үшін Серпін бар. Ал бұл Атырау және Маңғыстау өңірінің түлектеріне берілетін грант. Атырау өңірінің түлектеріне 4000, Маңғыстау облысының түлектеріне 6000 грант бөлінген. Яғни, осы өңірдің жастары таңдаған мамандығы бойынша Қазақстанның басқа өңірлеріндегі осы бағдарламаға қатысатын университеттерді белгілесе грантқа түсу ықтималдығы жоғары болады.

  4. «Серпін» бағдарламасы. Бұл бағдарламаға Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облысының түлектері қатыса алады. Ол «Серпінге» қатысатын солтүстік және шығыс өңірдің жоғары оқу орындарын белгілеулері керек.

  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарына да гранттар қарастырылған.


Ал, мемлекеттік грантқа ілінбей қалдыңыз делік. Алайда грантқа түсіп, стипендия алып оқуға әлі де мүмкіндіктеріңіз бар. Бірақ оған өтініш қабылдау уақыты шектеулі болады. Кейде 2 апта, кейде 10 күн. Сол белгіленген мерзім ішінде грант конкурсына қатысуға арналған арнайы сайттарда өтініш беріп үлгеруіңіз керек. Ол гранттар:

  1. Әкімдік гранттар – жергілікті, қалалық әкімдіктерден бөлінетін гранттар. Мысалы, 2021 жылы Астана әкімдігінен түрлі мамандықтарға 5000 грант бөлінді. Әкімдік грантқа қатысу үшін арнайы сайтта өтініш қабылданады. Алайда бұл гранттарды қай оқу орнына берілетінін әкімдіктер өздері шешеді.

  2. Түркия гранты – Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде бөлінетін грант. Көрсетілген мерзім ішінде университет сайты арқылы кез-келген түлек құжат тапсыра алады.

  3. Ректор гранттары. ЖОО ректорлары бөледі. Әр университетте әр түрлі мөлшерде бөлінеді. Мысалы, 2021 жылы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде 149, Туран университетінде 30 ректор гранты бөлінді. Ректор грантын, әдетте, жоғары балл алған түлектер иелене алады.

  4. Жоғары балл алып, грантқа ілікпей қалғандарға бөлінетін гранттар. Алтын белгі, ерекше аттестат иегерлеріне берілетін жеңілдіктер. Мысалы, 2021 жылы Туран университетінде 125 баллдан жоғары алған түлектерге 4 жыл тегін оқуға, 120-124 балл алғандарға 2 жыл тегін, 115-119 балл алғандарға 1 жыл тегін грант берілді. Сонымен қатар кейбір университеттерде «Алтын белгі» иегерлеріне, қызыл аттестат иегерлеріне жеңілдік беріледі. Туран университетінде 105-114 балл алған түлектерге 50%, 95-104 баллға 30%, 85-94 баллға 20%, 75-84 баллға 10% жеңілдіктер болды.

  5. Халықаралық бизнес университетінде Назарбаев білім беру қоры гранты бар. Оны жеңіп алу үшін түрлі республикалық, халықаралық бизнес-олимпиадалардың жеңімпаздары арасында тегін оқуға гранттар байқауы өткізіледі.

  6. ҚР Ұлттық банкінің гранты. Қаржылық талдаушы, қаржылық тәуекелдерді басқару, макроаналитика және болжау мамандықтарына бөледі.

  7. Жақия Сәрсенов атындағы білім беру гранты әлеуметтік жағдайы төмен, балалар үйі мен балалар интернатының тәрбиеленушілеріне беріледі. Арнайы іріктеу конкурсы арқылы, қатысушының академиялық білімі мен үлгреімі, жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып тағайындалады.

  8. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП), ҚазҰУ, ҚБТУ, Тайбурыл, т.б. арнайы стипендиялары мен гранттары бар.

Бұл грант конкурстарына тапсыратын құжаттар мемлекеттік грант конкурсына өткізетін құжаттармен бірдей.


Бір ерекшелігі, басқа оқу орнына ауысатын болсаңыз, бұл гранттарды алып кете алмайсыз. Бұл сол оқу орнының гранттары болып есептеледі.