Файл: Мектеп директоры Г. Байназароваа . Смайылов атындаы 43 тірек мектебі (РО) жанындаы интернат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп директоры

Г.Байназароваға

«Қ.Смайылов атындағы № 43 тірек мектебі (РО) жанындағы интернат» КММ директор жанындағы кеңесінің күн тәртібінде 10-11 сыныптар білім алушыларының география пәнінен

білім сапаларын саралау туралы

Анықтама

10-11 сыныптарға біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог зерттеуші

Муканова Динара Мекеновна сабақ береді.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып жасалған.

Сыныптардың білім алушыларының қалыптастырушы бағалары «Білімал» электронды журналына қойылған. БЖБ және ТЖБ күндері белгіленіп, журналға енгізілген. Бұл сыныптарға білім беру жалпы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

География пәні бойынша 10-11 сыныптар арасында 4 нұсқа бойынша 35 сұрақтан тұратын тест алынды.

10 «ә» жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша аптасына 2 сағат география өткізілді. Жаратылыстану бағыты бойынша оқушылар Географиялық зерттеу әдістері, табиғатты пайдалану және геоэкология бөлімі бойынша геоэкологиялық категориялары, ғаламдық проблемалардың туындау себептері, геоэкономика бөлімі бойынша дүниежүзі елдерінің даму көрсеткіштеріне талдау жасай білуі қажет. Сонымен қатар, қосымша оқулықтан бөлек қазіргі уақытта 10 сынып оқушыларымен дүние жүзі елдерінің картасы, географиялық орны, астаналары ақша бірліктері, үлкен елдердің жер аумақтары бойынша қосымша жұмыстар жүргізіліп отыр. 10 а сыныптар қоғамдық -гумманитарлық бағытта, аптасына 1 сағат.

11а,11ә сыныптарда жаратылыстану математикалық бағытта, аптасына 2 сағат, қоғамдық-гумманитарлық бағытта аптасына 1 сағат.

11 сыныптарда география сараптама, аудандастыру түрлері, қоршаған ортаның антропогендік өзгеру факторлары, картографиялық әдістерімен жұмыс жасау және карталарды сандық және сапалық ерекшеліктері ажырата білуі керек.

Тест сұрақтары 8-9-10 сыныптарда жалпы өтілген тақырыптар негізінде алынды. Көптеген оқушылар:

-Аймақтар бойынша елдердің орналасу ретін,

-Оңтүстік Батыс Азия елдерін,


-Ертіс өзені ағып өтетін аймақтарды белгілеуде;

-Мұнайдың ірі кен орындарының атауларын;

-Өзен бойында орналасқан бөгендер;

-Жер аумағы бойынша үлкен жеті ел қатарындағы мемлекетті;

-Климаттық белдеулердің ерекшелік сипаттамасын;

-Ірі мегополистерді;

-Монархиялық мемлекеттерді ажыратуда қателіктер жіберген.

Тестке жалпы 10-11 сыныптардан 33 білім алушы қатысты, нәтижесі төмендегідей:

10 сыныптан- Сұңғатқызы Жанерке -26, Орынбекова Әсел-23, Елеусіз Ақниет -27, Құралова Елназ-11, Қаһарман Кәусар-21, Рахимбеков Ислам-10, Мейрамбекова Нұржұлдыз-23, Айдарбек Айжан-25, Сембек Нұрали-29, Ыдырысова Алтынай-18, Қапиетов Шахмұхаммед-29, Әлібекқызы Айжан-13, Әміржан Әзиз -22, Қадырақын Жібек-13, Оразәлиева Аяулым-22, Мейрамбек Мейірбек-23, Қанатова Айгерім-21, Ермек Нұртілек-24, Ораз Жанель-23

11 сыныптан- Жәнділдин Н -26, Кусаинова Ақнұр-23, Рымбек Руслан-25, Амангелді Заңғар-26, Қадырақын Ақпейіл-27, Оразғали Баян-24,Амантай Мәдинә-22, Мерхамит Самал-18, Совостьянов Владислав-23, Жұматай Әділ-20, Самат Ұлпан-24, Мейрамбек Балнұр-25, Рымқұл Айшабибі-23, Төлеубек Диана-18.

Қорыта келгенде, осы тексеріс барысында төмен көрсеткіш көрсеткен білім алушылармен қосымша жұмыстар жасауды қажет етеді. Сыныптардың білім деңгейі стандарт талабына сай.
Шешім қабылданды:

1.10-11 сынып білім алушылары арасында төмен көрсеткіш көрсеткен білім алушылармен жекелеме жұмыс жүргізу пән мұғалімі Муканова Динара Мекеновнаға атап тапсырылсын.

Анықтаманы әзірлеген Г.Арконова