Файл: Жргізуші азаты соы ханы Кенесарыны туанына 220 жыл.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 89
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Жүргізуші: Қазақтың соңғы ханы Кенесарының туғанына 220 жыл
Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге. мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді.
-
Жүргізуші: Замандастырың сипатауына қарағанда ол ашаң көзді, орта бойлы, жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін байсалды ұстайды. Өзгенің пікірін әрдайым тыңдайды. Қонақжай. Әкесі мен ағаларынан қолбасшылық, жауынгерлік өнерге үйреніп, үлкен әскери тәжірибе жинаған.
-
Жүргізуші: «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді»
Кенесарының саяси көзқарасы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінде басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар негізінде қалыптасты. Кенесары Қасымұлы 1837-1847 жылдардағы қазақ халқының Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресінің жетекшісі.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қазақ елінің бостандығын қалпына келтіруге бағытталды.
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жеңіліс тапты.
Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.
-
Жүргізуші: 1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен қатар билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
-
Жүргізуші: Тарихи деректерде Кенесарының 1847 жылы қырғыз жеріндегі Кекілік-Сеңгір аңғарында ұсталып, Жамбы ауылында кісі қолынан өлгені, қырғыздар денесін сонда қалдырып, бас сүйегін Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы – князь Петр Горчаковқа апарып бергені айтылады.
Алайда соңғы ханның сүйегі әлі табылған жоқ.
-
Жүргізуші: Қазіргі уақытта Кенесары Қасымұлының атына байланысты Нұрсұлтан қаласында тамаша ескерткіші бар.
Ескерткіштің ресми ашылуы 2001 жылдың 11 мамырында өткен.
оның есімімен аталатын үлкен көшелер Нұрсұлтан, Алматы, Көкшетау қалаларында бар.
-
жүргізуші: Кенесары үңгірі
Кенесары үңгірі, Көкшетау үңгірі, Бурабай көлінен оңтүстік-батыста 0,5 км жерде, Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде орналасқан
Ауыздан ауызға тараған аңыз бойынша, Хан Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары бала кезінен атқа мініп, садақпен нысананы дәл көздеуді үйренген. Бурабайдың тоғайлы сай-саласында аңшылыққа шығуды жақсы көріпті. Аңға шығып, қанжығасы майланып қайтқаннан кейін өзінің жасағымен осы үңгірде қонған екен. Сол себепті, ел аузында ол «Кенесары үңгірі» деп аталып кеткен.
Кенесары ханға арналған Е.Бекмахановтың және де басқа жазушылардың еңбектері бар
-
жүргізуші:
Қазақ хандары мен батырларының ел тарихындағы орнын, тұлғалық рухын зерделеуде Қазақтың бір туар ұлт жанды феномен тұлғаларының бірі Кенесары ханның рухын сомдап, ұрпақ санасында сақтап тұрған, Кенеханның елдік қызметтеріне куә болған Нысанбай жыраудың тарих бетінде қалған сөздері еріксіз ойымызға орала береді:
-
жүргізуші:
Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан
Жетім қалдым айрылып!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып!
Балдағы алтын ақ берен
Тасқа тиді майрылып.
Кемшілік түсті басыма,
Көрінгеннен қаймығып
-
жүргізуші:
Ол бар күшін Қазақстанды біріктіруге және оған егемендігін қайтаруына жұмсады.
Кенесары Қасымұлы қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, бар өмірін өз халқының бостандық құқығын қорғауға жұмсады.
Ұлт тұлғасы дүниеден өтсе де, оның ерлігі, елдігі, даналығы кейінгі ұрпаққа рухани мұра болып қалады, ол тарихи уақыттың негізінде ұлт рухының тірегіне айналады. Осы себептен Кенесарыхан феномені ұлт санасында мәңгі өмір сүретін дүние.
1