Файл: 1 аза жалпы білім беретін орта мектебіні 6 класс оушыларыны трбиелік шаралары туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№ 1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінің 6 класс оқушыларының тәрбиелік шаралары туралы

Хабарлама

2022-2023 оқу жылы бойынша 6 класта 18 оқушымен жылды бастап, екінші тоқсаннан бастап, 21 оқушы болып толықты. Сыныпта 12 ер бала, 9 қыз бала білім алады. Білім алушылар мектеп қабырғасында мектеп формасымен біріңғай жүреді. Мектептің ішкі тіртіп ережелерін қатаң сақтайды және бағынады. Класта 5 озат оқушы , 8 екпін және 7 үлгеруші оқушы бар. Сыныбымыз мектебіміз бойынша тәрбиелік шаралардағы ең белсенді класс. Жыл бойы мектепішілік шараларға қатысып, сынып оқушылары түрлі жетістіктерге жетіп келеді. Класымыздың тәрбие сағатына құрылған жоспары бойынша тақырыптар өткізіліп, балаларға түрлі танымдық сағаттары беріліп келеді. Атап айтататын болсақ:

1 қыркүйек күні «Терең білім, еңбекқорлық және отанншылдық қасиет» тақырыбында тәрбие сағатымен оқу жылының алғашқы тәрбиелік шарасымен бастадық.

2023 жылдың 4 мамыр күні мерекелік тәрбиелік әс-шаралар жопарына сәйкес, 6 класс оқушыларына «Қарулы күштер – ел қорғаны!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында класс оқушылары 3 топқа бөлініп, тапсырма орындады. 1-топ: Құрлық әскері; 2-топ: Әуе әскері; 3-топ: Теңіз әскері

2022 жылдың 14 желтоқсан күні «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы аясында, сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылар мереке кезінде түрлі отшашу құралдарын және де тағы басқа мерекелік құралдарды пайдаланбау жөнінде нұсқаулық берілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ,7 желтоқсан күні «Менің елім – менің болашағы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты патриоттық бағыт бойынша түрлі тәрбиелік тапсырмалармен өткізілді.

Сынып оқушыларына әр мерекеге байланысты толыққанды түсініктеме беру мақсатында жоғарыда аталып өткендей мерекелік тәрбиелік сағаттар мен танымдық шаралар өткізіліп отырады. Сонымен қатар класс ата-аналар жиналысы тоқсан қорытындысымен таныстыру мақсатында өткізіліп отырды. Жыл басында ата-аналар комитет құрамы және төрайымы ретінде Сагимбаева Фарида апай сайланды.

Класс оқушылары аудандық шараларда түрлі жетістіктерге жетіп отыр. Оның ішінде Жансерік Нұрсүгір атты оқушымыз аудан атынан Ақтөбе облысы ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жыл оқушысы-2022»байқауына қатысып, «Мақтау қағазына» ие болды. Спорттық сайыстарды Әбдіразақ Бекнұр мен Әбдіжәлел Нұрислам атты оқушыларымыз үнемі алдыңғы орындардан көрініп, мектепішілік және аудандық жарыстардан жүлдемен оралып жүр.


Класс оқушыларына жыл басында құрылған тәрбиенің 8 бағыты бойынша тәрбие сағаты өткізіліп отырды.

Класс жетекешісі: Хайруллина А.А.