Файл: Атырау инженерлі гуманитарлы институтты колледжі Оуісі жніндегі орынбасары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Коэффициенттік әдіс-өткен жылдардың жетістіктерінің негізінде қаржылық жоспарлау;
2. Нормативтік әдіс- қаржылық есептеулер ғылыми негізделген нормалар мен нормативтердің негізінде жасалады;
3. Экономикалық талдау әдісі- қаржылық жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады және өткен мерзімдегі қаржы ресурстарының қозғалысына экономикалық талдау жүргізуге негізделген;
4. Сараптамалық бағалау, бағдарламалық-мақсаттық, экономикалық-математикалық модельдеу әдістері қаржы ресурстарының қозғалысы барысында жоспарланған жобаларды әртүрлі нұсқалар мен жағдайлар тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы жоспардың неғұрлым оңтайлы нұсқасын таңдап алуға болады және алға қойылған мақсатқа толық жетуге мүмкіндік береді;
5. Баланстық әдіс шығындардың мөлшері мен олардың орынын толтыру көздерін өзара сәйкестендіру үшін, құндық және натуралдық көрсеткіштерді бір-біріне келтіруге қолданылады; жатады.
Қаржылық жоспар жүйесіне дербес және жиынтық жоспарлар кіреді. Дербес (бастапқы) жоспарлар кәсіпорын, ұйым, мекемелер деңгейінде қалыптасады. Ал, жиынтық жоспарлар жалпы мемлекеттік, салалық және аймақтық деңгейлерде жасалады. Жалпы мемлекеттік жиынтық қаржы жоспарларға мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, жиынтық бюджеттер (республикалық, жергілікті, арнаулы экономикалық аймақтар бюджеті, бюджеттен тыс қорлар бюджеттері), мемлекеттік бюджет, мемлекеттің төлем балансы жатады. Қаржылық көрсеткіштерсубъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің әртүрлі жақтарын көрсететін есептеу және есеп беру көрсеткіштерінің жүйесі. Қаржылық көрсеткіштерге:
1. Кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржылық көрсеткіштері (пайда, өнімнің өзндік құны, рентабельділік, акционерлік капитал мөлшері, дивидендтер және т.с.с.);

2. Жалпы экономикалық қаржы көрсеткіштері (өндірілген өнімнің шығындарының мөлшері, өзіндік құнның төмендеуі, резервтерді анықтаут.с.с.);

3. Жиынтық қаржы көрсеткіштері (мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының көлемі, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, бюджет тапшылығының жалпы ішкі өнімге, ұлттық табысқа шаққандығы пайыздық мөлшері және т.с.с); жатады.
II ТАРАУ. ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Қаржы механизмінің құрылымы туралы қысқаша мазмұны
Қаржылық механизмнің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады:


  • қаржылық механизмнің құрылымы мен оның әр түрлі бөліктерінің нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;

  • мемлекетте және шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшері арқылы.



Жалпы шаруашылық механизмі сияқты қаржылық механизмнің әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болатын оған тән ішкі құрылымы бар.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржылық механизм мемлекет қаржысының механизмі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмі, сақтық механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысынын механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемлекеттік кредит механизмі болып бөлінеді. Бюджеттік механизм республикалық бюджеттің механизмі мен жергілікті бюджеттердің механизмінен тұрады. Қаржылық механизмнің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмінің құрылымына: қаржы әдістері, қаржылық тұтқалар, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету кіреді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржылық механизмі деп бөлуге болады.
Қаржылық механизмнің құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледі.


  • қаржылық ресурстарды жұмылдыру;

  • қаржыландыру;

  • реттеу;

  • ынталандыру.


Қаржылық механизмді ұйымдық - басқару аспектіде де қарауға болады. Бұл үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі, блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмалар, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржылық механизмнің блогы (буыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Қаржылық механизмнің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықшалықты түрде білінеді.

Әрбір элемент бірыңғай қаржылық механизмнің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

Қаржылық механизм элементтерінің - қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі қаржылық механизмнің «конструкциясын» құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржылық механизмнің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің арақатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б.


Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалану нысандары мен іс-әрекет әдістерінің өзара іс-қимылы арқылы білінеді.

Нақты өмірде, шаруашылық және қаржылық механизмдерде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар нақтылынады және нақтылы нысандар ретінде болады.

Шаруашылық және каржылық механизмдерде қаржылық-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер - шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер - ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері (көлемдері) қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы үйлестіру, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, өңірдің, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдарының ресурстарға қажеттіліктерінің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.


2.2 Қаржы механизмінің құрылымы туралы негізгі тұжырымдар
Қаржылық құқық қаржылық саясатты қалыптастыру мен жүргізудің құралы болып табылады және экономикалық саясатқа әсер етеді.
Бұл байланыстарды дәйекті түрде былай көрсетуге болады:


  • Қаржыны бұл категорияның мүмкіндіктерін танып білу арқылы пайдалану.

  • Қаржылық саясатты құқықтық ресімдеу.

  • Есептерді шешудің тәсілдері мен әдістерін дамыту және іске асыру.

  • Қаржылық құқық қаржылық қатынастарды регламенттеуді жүзеге асырады.

  • Қаржылық механизмнің сипатты ерекшелігі оның серпінділігі, тұрақты жетілдіріп отырылуы, шаруашылық механизмінің барлық буындарымен тығыз өзара байланысы болып табылады.


Шаруашылык механизмін құратын жеке механизмдер, оларға сәйкес келетін катынастар ретінде, тыгыз өзара байланыста іс-әрекет етеді. Баға, қаржылық, кредиттік механизмдердің кез келгенінің жаман жұмыс істейтін элементі жалпы шаруашылық механизмінің де басқа элементерінің, буындарының жұмысын оқшаулатады. Сондықтан қаржылық механизмнің құрамдас бөліктерінің іс-әрекетін қоғамның, бастапқы шаруашылық есептегі буынның, жекелеген жұмыскерлердің мүдделерінің үйлесуін есепке ала отырып нақтылы жағдайда олардың өзара іс-әрекеті кезіндегі басқа экономикалық механизмдердің түйіндес құрамды бөліктерімен қарастыру қажет.

Қаржылық механизмнің, оның буындарының, тұтқаларының, элементтерінің күрделі жүйесі қоғамның, оның өндірістік қатынастарының немесе ұлттық шаруашылық сферасының, сапасының дамуымен байланысты бұл қатынастар бөлігінің, дамуының белгілі бір кезеңінің ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне сәйкес өнбойы өзгерісте, өзара іс-қимылда болады.


Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржылық саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі рынок жағдайларында қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржылық қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды. Қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінің объективтік заңдылықтарының негізінде жасап шығарылған қаржылық саясат оны іске асыру үшін қаражаттарды, яғни қаржылық механизмнің, соның ішінде тұтқалардың да жекелеген құрамдастарын жасауда, жетілдіруді немесе жоққа шығаруды қарастырады. Экономиканың экономикалық мүдделердің нақты қарама-қайшылықтарын айқындай отырып, қоғам пайда болған келеңсіз үдерістерді жоюға және әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге арналған тұтқалар ретінде басқаруда пайдаланылатын нақтылы қаржылық нысандарды жасайды.

2.3 Қаржы қүқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар
Қаржы қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу қаржылық – құқықтық нормалар мен қаржылық-құқықтық актілер заң түрінде (Қазақстан Республикасының заңы, Президенттің жарлығы) немесе заңға бағынышты актілер түрінде (Мәжіліс шешімдері, Үкімет нұсқаулары, Парламент қаулылары және т.с.с.) қабылдануы мүмкін.

Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттейтін, өкілеттік беретін, тиым салатын болып келеді.

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бүл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқығы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойыша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына жекеленіп айырылады; қаржының кең үсыныс түрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.


Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың катаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құкықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының кұқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құкықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқылық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жанғырады. Олардың қатысушылары субъективті заң құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста балады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен корғалады. Нормативтік-құқықтық, қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара бай­ланысты заңді құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойын­ша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.

Нұсқамалардың мүндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына гана емес, соңдай-ақ олардың қар­жы қатынастарының баска қатысушыларының қүкықтарымен бай­ланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субьективті іс-әреттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен обьективті қаржы кұкыктық қатынастары шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен келісімдер оның тұткалары ретінде көрінеді.