Файл: Атырау инженерлі гуманитарлы институтты колледжі Оуісі жніндегі орынбасары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 41
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңдеріндегі қаржы механизмінің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландыруымен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталықтың өсуімен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі өндірістің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Жүргізіп жатқан реформа қоғамдық жүйедегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара іс - әрекетінің көрінісі болып табыладын шаруашылық механизмді қайта құрудың кешенді тәсілдемесін қажет етеді.
Экономикалық механизмнің аталынған жаңа копоненттері ғылыми – техникалық прогресті тездетуді, адамдардың материялдық мүдделеріне ықпал жасау жолымен өндірісті интенсивтендіруді, қоғамның, негізгі шаруашылық есептегі буындардың, жеке қызметкерлердің мүдделерін жақындастыруға шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығармашылық әлуетін жандандыруы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. “Қаржы теориясы” Оқу құралы - Алматы: Мерей, 2015 -
Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. – Алматы: Қаржы – қаражат. 2013 -
Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. – Алматы 2001 -
Финансы. Под. Ред. В.М.Родионовой. – М...: Финансы и статистика 2010 -
Шуляк П.Н. “Финансы предприятия”. – М...: 2016 -
Шахов В.В. “Введение в страхоаание” Изд. 2 – ое. Учебн. Пособие. – М...:Финансы и статистика. 2015 6. «Теория автоматического управления»: Учеб. для машиностроит. спец. вузов/В.Н. Брюханов, М.Г. Косов, С.П. Протопопов и др.; Под ред. Ю.М. Соломенцева. – 3-е изд., стер. – М.: Высш. шк.; 2000.
8. «Datasolution» компаниясының сайты [электрондық ресурс] URL: http://datasolution.ru/avtomatizirovannye-sistemy-upravleniya-tehnologicheskimi-protsessami/
9. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
9. Статья: Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.– [электрондық ресурс] URL: https://www.cleverence.ru/articles/auto-busines/avtomatizirovannye-sistemy-upravleniya-tekhnologicheskimi-protsessami-chto-eto-takoe /
10. Статья: Қаржы механизмі – [электрондық ресурс]
URL: https://arman-engineering.ru/baza-znanij-inzhenera-avtomatizirovannaja-sistema-upravlenija-tehnologicheskimi-processami/
11. Қаржылық саясат және қаржылық механизм – [электронндық ресурс] (дата обращения 10.10.2021) URL https://www.bookasutp.ru/Chapter9_2.aspx
12. Қаржылық механизм: құрамы, динамикасы? [электронндық ресурс] (дата обращения 10.10.2021) URL https://ulagat.com/2021/12/15/қаржылық-саясат-және-қаржылық-механи/