Сапрғали Бегалин ((ҚАНАТТЫ ҚАЗАҚ(Поэмадан үзінді)Совет Одағының батыры –Нұркен Әбдірұлына арналған.Іштен ер боп кім туады,Ез болам деп кім өсер,Жұмбақ — адам болашағы,Күрессіз оны кім шешер.Сол күресте ер ететінАқыл мен қайрат, заманын,Өрің қия сен жететін,Таймасын, тап бас табанын.Өмір өрін ойын деме,Өршеленбей асырмас,Өрді ер асар өршеленеМұқалып өрге бас ұрмас.Қыран ұясыӘкеліп бір алдарынаҰлан өскен ұясын,Қондырайын қолдарыңаБір тас түлек лашын.Қарқаралы әсем біткен,Ойда өлкелеп су ағып,Қияларын тас бекіткен,Өрде иірін, бұлт бағып.Осы қардың аясындаТуып өскен біздің ұлан,Бақытты өмір саясында,Өткізіп түн, атқызып таң.Балаусадай бала күні,Мектеп барған боқша арқалап,Асыр салған күндіз - түн,Құрбы серік досы алқалап.Осы ауылда, осыңда өскенКомсомолға жетіп жасы,Мектебі еді Нұркен түскен,Берген әкеп ата-анасы:"Ағаш туған Отаныма,Жас жүректен беріп сенім,Ұлы сертті жас жаныма,Айтқан жерім осы менің".Дейтін Нұркен есіне алсаӨскен ауыл, туған жерін,Соны айтатын қайда барса,"Көз алдымда сертім менің".Аты Нұркен жас түлектіңҚияда өсіп, шың жайлаған.Еркесіндей жер мен көктің.Совет ұлы от жайнаған.Өнерге еркін, өрісі кең,Алғыр, өжет заман жасы,Барлық Отан үйімен тең,Өмір қызық кең құлашы.Жас қайраты қанаттанып,Жалын атып шырқап көкке,Ұшуға ұйтқып талаптанып,Ерген өршіл дос жүрекке.Заманы сай талабына,Ұшса аспаны, қонса жері,Неге ұмтылса алады да,Ерке өсірген еркін елі.Қақты қанат аспанынаКешіп өтті көк теңізін,Шығып өнер асқарынаНұркен көкте жосылтты ізін.Жетілдіріп қос қанатын,Желпігендей жас жігерін,Нұркен сонда-ақ толғанатынСүйіп ыстық туған жерін.Аттаныс алдындаАттанысқа ел сайланды,Жау тиді Отан бір шетінен,Қару-жарақ ер байланды,Кек дуылдап келбетінен.Сол қалың ел ортасында Іркіп қайрат тал бойына,Нұркен ұқсап жас лашынғаТалап тоқып өр ойына.Оның үлкен бір сыры бар,Көкейінде қиыстаған,Алда өмірдің бір сыны бар,Өзі ту ғып ерте ұстаған.Дана жолмен көп билеген,Қалың совет зор елі бар,Жауын елеп бас имеген,
Сан миллион сайлы елі бар.
Шалғайы кең із түспеген
Шексіз байтақ кең жері бар,
Асқарлары көкке өрлеген,
Асу қия, тік белі бар.
"Ел сыналар, ер екшеліп,
Басқа сынды күн туғанда,
Ер сыналар майданға еніп,
Белді ел үшін шарт буғанда.
Өмір-майдан жері емес пе,
Балтыр түріп, батыр шығар,
Айқасты ондай ер егесте
Ездер күйрер, ерлер жығар.
Жығылам деп кім шығады,
Жығамыз деп тек ер сенер,
Сенсе күшке кім бұғады,
Егесте ерге ел сенер"
Осындай көп ойлар толғап,
Өнерге өскен талаптанып,
Айла мен күш бірге асыр сап,
Аспанға ұшты бұлтты жарып.
Қомданып ол қос қанатын,
Қиырға ұшар жас қырандай,
Ал ұш деген сын сағатын,
Естігенше жүр тына алмай.
Көзі аспанда көк бір майдан,
Жас қайраты жалын атып,
Салуға асық көкте сайран,
Жау ордасын жалындатып.
Томағасы сыпырылып,
Балақ бауы шешілгендей,
Қанат, құйрық көкте ысқырып,
Екпіні бұлт көшіргендей.
Көктен жерге көзін салып,
Атырабын шолтағандай,
Туған жерін есіне алып,
Жүйтки қанат толғағандай.
Көз алдында өскен жері
Самаладай сан сәулетті,
Отан күшін шешкен жері
Ақтарған ол мол дәулетті.