ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Домбыралы ауылы

« Горький атындағы мектеп балабақшасы»КММ

Менің-туған өлкем



Оқушы: 9 «А» Жангавал Ахдидар

Тарих пәнінің мұғалім: Смайлова Т.Н.

2022 ж.

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................1

Мақсаты.Міндеті.............................................................................2

Жоспары...........................................................................................3

Негізгі бөлім...................................................................................4-11

Қорытынды.......................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер.................................................................13

Кіріспе

Жоба «Менің-Туған өлкем» оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысып,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізумен танысады. Экологияны жақсартуға елді мекендерді абаттандыруға баса мән беріп, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Елімнің ескерткіштері мен тарихи деректермен танысады.Туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімін оятады.

Табиғаттың тамаша жазы қандай,

Айналама көк кілем жазылғандай.

Сымбатыңнан айналдым, туған өлкем,

Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан жүрегіммен сүйемін. Туған өлкем деп соққан балалық балғын жүрегім мені туған өлкемнің тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.

1

Мақсаты:

- білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді;

- экологияны жақсартуға елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді;

- жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Міндеті:

-туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу;

-туған жерге деген сүйіспеншілік;

-ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді;

-туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезім ояту;

2

Ғылыми жобаның мазмұны:

І. Кіріспе


1.1 Менің туған өлкем

1.2 Ақмола облысы Ақкөл ауданы ауданы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Географиясы

2.2 Табиғаты

2.3 Ақкөл ауданынан шыққан қоғам қайраткерлері

ІІІ. Қорытынды бөлім

3.1 Туған жер - тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

3

Туған өлкемнің географиялық орны
Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

4

Ақмола облысының картасы



5

Ақкөл ауданы

Ақкөл ауданы — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін "Алексеев ауданы" деп аталып келді. Орталығы — Ақкөл қаласы. Халқы[өңдеу | қайнарынөңдеу]



Тұрғындар саны: 25 793 адам (2019).

Ұлттық құрамы: қазақтар (42,86%), орыстар (38,96%), украиндар (4,26%), немістер (5,85%), беларустар (1,43%), татарлар (2,23%), еврейлер (0,34%), башқұрттар (0,33%), ингуштар (0,17%), корейлер (0,20%), әзірбайжандар (0,29%), поляктар (1,31%), армяндар (0,12%), басқалары (1,99%).

Ауылдық округтер[өңдеу | қайнарынөңдеу]

29 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Азат ауылдық әкімдігі

Ақкөл қалалықәкімдігі

Еңбек ауылдық округі

Жалғызқарағай ауылдық округі

Кеңес ауылдық округі

Қарасай ауылдық округі

Наумов ауылдық округі

Новорыбин ауылдық округі

Урюпин ауылдық округі

6

Ақкөл ауданы



7

Туған өлкемнің тарихы

Қазақ жері ғасырлар бойы түрлі саяси оқиғалардың куәсі болғандығы белгілі. Бірнеше мыңжылдықтар бойы тарихи жағдайлар, тілдер мен халықтар, ал олармен бірге географиялық атаулар да өзгерді. Еліміздегі географиялық атаулардың түрлі тілдік қабаттары (қытай, парсы, араб, моңғол, қалмақ, орыс) әр кезеңдердегі жаугершілік, басқыншылық заманның, саяси-әлеуметтік жағдайлардың айқын көрінісі. Тілдік қабаттардың ішінде ең көп тарағаны славян тілді топонимдер болып табылады.

Біз тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу нысаны етіп алып отырған Ақмола аймағында, дәлірек айтқанда Көкше жерінде 1740 жылы Орта жүз руларының солтүстік көршіміз Ресейге қосылуы туралы шешімі қабылданды. Көкшетау аймағының тарихы ресми әдебиеттерде Сарыарқа арқылы Омбыдан Орынборға дейін бекіністер, станицалар мен қоныстар салына бастаған уақыттан белгілі. (Таңғ.өлке.., 2009, 9-б.). Бұл тарихи оқиға өңірдің топонимикасына айтарлықтай әсер етті. Славян топонимдерінің Ақмола облысында пайда бола бастауы XVIII ғ. I жартысынан басталып, XIX ғ. аяғына дейін Ресей империясының саясатымен, сондай-ақ, кеңес үкіметі мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі қоныс аудару процесімен тікелей байланысты болды. 1822–1867 жылдар аралығында хандық билік жойылып, аға сұлтандық ел билеу жүйесі енген соң, қазақ жері отаршылдық қағидат негізінде бірнеше әкімшілік аумаққа жіктелді. Сол кезеңде географиялық нысандар жаңа атауларға ие бола бастады. 1868 жылдан бастап («Жаңа Низам» ережесі), 1917 жыл аралығында қазақ жерлерін Ресейдің меншігі ретінде ресми жариялағаннан кейін, географиялық нысандарды қайта атау күшейе түсті (Мырзахметов, 1993, 74-б.).  Ресей империясының отарлау саясаты тұсында Дала өлкесі аумағына орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы басталды (Жартыбаев, 2008, 87-б.).


Алғашқы қоныс аударушылар көшпелі халықтар қоныстанған үлкен аумаққа қоныстана бастады. Қоныс аудару саясаты көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге үлкен зиян келтірді, себебі көшпелі қазақтарды шұрайлы жерлерден ығыстырды. Бұл қоныс аудару Солтүстік Қазақстанды, оның ішінде қазіргі Ақмола облысының аумағын қамтыды. Қазақ даласына шаруалардың қоныстануы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында басталды, осы кезде Ақмола облысында алғашқы қоныстар пайда болды.

 Ақкөл ауданына қарасты қазіргі Қарасай ауылы Степок деген атаумен Қарауылтөбе жеріне орналасқан. Сонымен қатар картадан аумақтағы Қашқар қонысында Ксеньевское, Дауылбай қонысында Елененский, Қызылжарда Поречный, Жалғызағашта Ильинский, Бекжан қонысында Кольцовка, Карамола қонысының үстінде Приозёрный деген атпен қоныс аударушылардың ауылдары пайда болғанын аңғаруға болады (ООТА, І. 48; ООТА, І. 72.).

8
Сондай-ақ, қазіргі Аққөл ауданының құрамындағы Новорыбинка ауылының бастапқы атауы Шортанкөл болса, Бұланды ауданына қарайтын Никольск ауылының алғашқы атауы Жарлыкөл болған. Бұл мәліметтер «Ақмола уезінің Моншақты, Есіл, Ақмола, Нұра, Спасская және Шерубай-Нұра болыстарының картасында» да көрсетілген. Аталған карта Ақмола уездінің болыстары бойынша жүргізілген экспедиция барысында жергілікті тұрғындармен сауалнама жүргізу нәтижесінде құрастырылған. Картада қазіргі Ақмола облысы аумағының қазақша жер-су атаулары бейнеленген (ООТА, І.82).

Өлкетанушы Хайролла Жармұханов

Домбыралы аулының тұрғыны Өлкетанушы Хайролла Жармұханов.

Ғылыми жұмыстарымен таныстым,еңку-еңку жер шалып,ел аралап,мысқалдап жинаған еңбектері тарихшылар әлі танымаған,жазушылар әлі қағазға түсірмеген талай шындықты топтастырды,көп мағлұматты жинастырды.

Ұстаздар қауымын ұмсындыратын,оқушыны қызықтыратын,зиялы қауымға ой салатын жинақтың ел бірлігін,ұрпақтар сабақтастығын,туған жерге деген ынтызарлықты оятатын оқулық жазған. А.Үйсімбаев.Ақкөл ауданының әкімі


9

Сағадат Нурмағанбетов

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, КеңесОдағының Батыры, ҚазақстанРеспубликасының тұңғыш қораныс министрі, «Халыққаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы. Өмірбаяны


ҰлыОтансоғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты.

1946 жылы Әскери академияны

1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді.

1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары.

1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы

1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.

1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.

1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.

Армия генералы, КеңесОдағының батыры, Халыққаһарманы.



10

Жайық Бектұров

Жайық Бектұров (1912–1998) - 15 қазанда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Қызылағаш ауылында туған. Жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебін (1934), Қазақ мемлекеттік университетін (1955) бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол кейін Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында комсомол жұмысында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің жауапты редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы «Колхоз жолы» (кейін «Еңбек туы») газетінің редакторы, Талдықорғанда ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болған. «Жол жоралғысы» (1977) жинағының авторы. 



11

Қорытынды

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

Туған өлке – деген туған тіл,салт- дәстүр, еліңнің тарихы,байлығы,мектебің,үйің,бәрі бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.Туған жер жайлы жыр да,қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінен кездеседі.Біздің қазақ халқы да туған өлке қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер, өлке жайлы мақал - мәтелдерінен, өлеңдерінен көреміз.Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған өлкесі,туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.Биік таулар,мөлдір көлдер.Осы жерде ата-бабаларымыз батырларымыз туып өскен.»Отаның алтын бесігің»-деп дана халқымыз бекер айтпаған.Өз отанын сүю,ана тілін білу пенденің ең бірінші міндеті.