Файл: 1991 жылы туелсіздігін жария еткен азастан зіні рдас мемлекеттері секілді тпелі кезені иыншылытарын бастан кешірді. тпелі кезедегі негізгі масатымыз жоспарлы экономикадан нарыты сатыа кшу болатын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

15.1.1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үш ін аса қатерлі ғана емес, экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті.  Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін  іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі. 

Сонымен қатар сол кездері тәуелсіздік алған мемлекеттердің ішіндегі ең күрделі жағдай Қазақстанның басында болғаны да анық еді.  Әлемдегі ең ұзын шекараның ұзақтығы өз алдына, жас мемлекеттің қаржылық жүйесін алпайыт көршіден бұрып алып өз алдына тәуелсіз бағытқа түсіру де үлкен күшті талап еткені түсінікті. Өйткені, егемендіктің алғашқы жылдары көзге көрінбесе де әртүрлі экономикалық қысымдар болып тұрғаны анық. Басқасын айтпағанда, қазақтың мемлекеттілігіне қарсы «рубльдің шеңберінде қалыңыздар, әйтпесе ел болуларың қиын» деген кері пікірлер де сырттан айтылып жатты. Осы шеңбердің ықпалында ұстап тұру үшін нешетүрлі қитұрқы амалдарды бастан өткеруге тура келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында былай дейді: «Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар өткеннен кейін барып, «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық». 


Кейіннен тәуелсіздіктің тірегіне айналған төл Теңгенің айналымға енуі елдің егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша  тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы сая­саттың жаңа жүйесін құру, экономи­каны жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мем­ле­кетті, либералды экономиканы қалып­тас­тыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті.
15.3. Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит рейтингі берілген. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.
16.1. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс(2008 жылдан бастап) - әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауы 2008 жылдан басталды және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз келеді. Қаржылық жетіспеушілік АҚШ-тарынан басталды. Көлемі жағынан 1930-жылғы Ұлы депрессиямен салыстыруға болады.Екінші дүнижүзілік соғыстан кейін,2009-жылы әлемдік ЖІӨ алғаш рет теріс динамика көрсетті.Сонымен қатар,2011 жылы әлемдік сауда 10%ға қысқартылды.Евроаймақтағы және АҚШ-тағы экономиканың түсуі 2009жылдың екінші жартысында аяқтағанымен,2011-жылы Евроаймақта 2013-жылға дейін созылған және ең ұзақ болып саналған екінші рецессия басталды.Жаһандық тенденцияда 2008жылғы дағдарыстан кейін әлемдегі орта класстың жағдайы төмендеді.Ал Швецарлық «Credit Suisse» банкнің 2015жылғы есеп қисабы бойынша бұл уақытқа дейін оның әлемдік қазынадаға үлесі бірқалыпты болатын.Алайда,әлемдегі бай адамдардың 1%-ының байлығы 50%-дан асып баражатыр. ХВҚ-ның бас экономисті Оливье Бланшардың айтуы бойынша 2014жылы әлемдік қаржы қорының төмендеуіне байланысты басты проблема кіріспен шығыстың теңсіздігі. Жұмыссыздықтың өсуі 2009 жылы 199млн адамды құрап,еңбек нарығының тарихында рекордтық санға айналды. Шет тілдерде сонымен қатар «Ұлы рецессия» деген атпен танымал(ағыл.Great Recession).


Басталу көздері мен себептері[өңдеу]


Дағдарыстың туындау себептерін жалпы циклдік экономикалық дамумен байланыстырады,халықаралық сауда саттық пен капиталдардың қоғалысымен кридиттік банктің қызып кетуі және 1980-жылдардың аяғымен 2000жылдарды жаңадан пайда болған ипотекалық кризистің салдары деп есептейді. 2011жылдың қаңтар айында АҚШ президенті Барак Обаманың шешімі бойынша шақырылған америкалық конгресстің 2008-2009жылғы дағдарысты зерттеуге арналған комиссиясы келесі факторларды анықтады:қаржылық реттеудегі сәтсіздіктер;уйде жұмыс жасаушылра санының артуы;реттеуге келмейтін банк «көлеңкелерінің» өсуі.

16.2.
16.4. 2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады.

Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.

Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, Үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына  қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларғ Тұжырымдама мақсаты әрбір қазақстандыққа қоғам мен мемлекетті дамытуға бағытталған жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін тең жағдай жасау болып табылады.

Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:

1. Жас адамның жан-жақты дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру;


2. Қазақстандық жастарды топтастыру мен гуманизм, патриотизм, еңбек пен ұрпақтар сабақтастығы сынды жалпы адамдық құндылықтарды ілгерілету;

3. Жастардың тұрғылықты жері мен оқуы және жұмысы бойынша атаулы жұмысқа бағытталған тұтастай жүйе құру.

Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.

Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Түркия елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.

Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.

Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады.

Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:

- жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, ресурстардың  топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі әлеуметтік-экономикалық саланы қамту);

- ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндетіне арналған жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі; 

- жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;

- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде мақсатты топқа нақты сегментация беру;

- жауапты орындаушының кәсіптілігі мен барлық деңгейдегі тең орындаушылардың ұйымдылығы.