ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген мұғалімдер өз сабағына талдау жасауда қиналады, олар өз сабағын толығымен сипаттап берумен шектеледі. Оқушылардың жұмыстарын, сабақ үстіндегі өзі жүргізген жазбаларын (егер жүргізсе), оқушылар рефлексиясын талдамастан, "мақсатыма жеттім" деп тұжырымдайды. Сондықтан, осындай үстірт, рефлексиясы әлсіз талдауларды жақсарту үшін, сабақ өткізген мұғалімге өз сабағы жайлы ақпараттарын талдап, сыни бағалап алуға мүмкіндік беру керек. Джон Ковен (1998) «Рефлексия жасау дағдысы жай ғана "рефлексия жаса!" дегенде емес, бірнеше сұрақтар қатары ұсынылып, соған жауап беру арқылы тиімдірек дамиды" деп атап көрсеткен [7]. Бұл мұғалімге өз сабағы бойынша тереңірек ойланып, нақты қорытынды жасауына көмектеседі. Қытай философы Конфуцийдің "Өмірлік даналықты үш түрлі жолмен меңгеруге болады: ең дұрыс жолы - рефлексия арқылы, ең қарапайымы - еліктеу арқылы, ал ең қиыны - өз тәжірибең арқылы" деген сөзінің мәні осыда. Бізге тәжірибелік даналықты игерген, рефлексиясылық ойлауы дамыған мамандар қалыптастыру қажет. Мұғалімдердің рефлексиялық ойлауының дамуына ықпал ету үшін, ұсынылған сұрақтарға бірізділікпен жауап беру қағидаты бойынша құрылған рефлексия модельдерінің түрлерін қолдануға болады. Мысалы, Гиббстің (1998) "Рефлексиялық циклі"[8]:
-
Сипаттау: Не болды? -
Сипаттау: Сіз не ойладыңыз және нені сезіндіңіз? -
Бағалау: Тәжірибеде не жағымды және не жағымсыз болды? -
Талдау: Сіз бұдан не түйдіңіз? -
Қорытынды: Сіз тағы не істей алатын едіңіз? -
Жоспар: Егер бұл қайталанса, Сіз не жасайтын едіңіз?
Бұл рефлексиялаушы сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім өз сабағына талдау жасайды. Өз сабағы арқылы не үйренді, алдағы уақытта сабағына қандай өзгерістер енгізетіні жайлы ойланады, мүмкін, жаңа идеялар тудырады.
Мұғалімдер өз тәжірибесін сыни бағалауға тереңірек үйрену үшін Брукфилдтің төрт линзасын (1995) [9] пайдалануды ұсынған дұрыс:
-
Өзіңе жеке рефлексивті жазбаларың арқылы қарау (сабақ үстінде жоспарға өзгерістер енгізілуі мүмкін: уақытты икемдеу, тапсырмаларды ауыстыру); -
Өзіңе оқушылар көзімен қарау (оқушылар жұмыстарын, рефлексиясын, кері байланыстарын, сабақтан кейінгі әңгіме деректерін талдауды көздейді); -
Өзіңе әріптестің (ментордың) көзімен қарау (сабағын бақылау үшін әріптесін шақыруы мүмкін, соның сабақ бойынша кері байланысын талдауды көздейді); -
Өзіңе теориялық материалдар призмасы арқылы қарау (мен теориялық әдебиеттер ұсынған дәлелдемелерді қаншалықты орынды қолдандым, нені дұрыс жасадым, нені ескермедім?);
Жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұғалімдерге өз сабақтарына осындай рефлексиялық модельдерге сүйене отырып талдау жасауды үйрету олардың өз тәжірибелеріне тереңірек үңіліп, сыни көзбен қарауына ықпал етеді. Бұрын ашық сабақтан кейінгі талдау мұғалімдер үшін психологиялық тұрғыда ауыр өтетін, "кемшіліктерімді бетіме басады-ау" деген үрей туып, арты ренішке ұласып та қалатын. Ал бүгінгі өзіндік талдау мұғалімге барлық кемшіліктерін өзі-ақ көріп, өзі айтатындай мүмкіндік береді, ал біз тек ұтымды жақтарын ғана атап береміз, мадақтаймыз. Бұл екі әріптестің арасындағы қарым-қатынасты нығайтады, жақындата түседі.
Бүгінгі тәжірибеде ұстаздардың рефлексивтік жазбалар жүргізуге дағдылану мәселесі маңызды болып отыр, өйткені мұғалімдер өз тәжірибесінен үйренуі тиіс. Көптеген әріптестерімізден "Рефлексивті күнделік жазу біз үшін артық жұмыс, уақытымыз жетпейді, онсыз да жазуларымыз көп" деген пікірлерін естіп жүрміз. Бірақ, біз ойымызға келген дүниелерді түртіп жазып жүрудің алдағы уақытта пайдасы тиетінін түсінуіміз керек. Кейде сабақ жүргізіп жатып, жоспарға аяқасты өзгерістер енгізіп жібереміз. Неліктен өзгерттім, не дұрыс болмай қалды, нені басқаша жасау керек екені ойда тұрғанда түртіп алмасақ, ұмытып қаламыз, келесі сабақты жоспарлағанда осы кемшіліктерді қайталауымыз мүмкін немесе керемет идеяларымыз іске асырлымай қалады. Өз басым әрдайым жоспарыма ескертпелерімді, жаңа иеяларымды стикерлерге жазып жапсыра беретін болдым, бұл уақытты алмайды, өте ыңғайлы, рефлексия жазғанда сол жазбаларымды міндетті түрде ескеремін. Әріптестеріме де осы тәсілді ұсынып жүрмін.
Мектеп басшысы ретінде ұстаздардың әлеуетін ашу, кәсіби дамуына қолдау көрсету үшін әріптестерді оқыту шараларын іске асыра жүріп, өзіміз сол салада мықты білім мен дағдыларды игеруіміз қажет екенін түсіндім. Қазақ елінің біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев: «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау және үйретуден аянбау» деген сөзі бүгінгі мектеп басшыларының ұстанымына айналуы тиіс.
Мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту үшін оларды рефлексивтік жазбалар жасауға дағдыландыру қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ф.Тернер, А.Уильямс, Б.Рахымжанова, Д.Ілиясова "Қазақстан Республикасындағы педагогтердің деңгейлі бағдарламасындағы коучинг пен менторинг". ("Педагогикалық диалог" журналы, № 4 2013ж. 32-39-беттер)
2. Т.Айдосова, А.Айтпукешов, З.Идришева, Г.Кусаинов, К.Сагинов, С.Ултанбаева "Коучинг пен менторингті іске асыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық", Астана, 2014ж., 28, 40-бет, 13-кесте).
3. Л. Ламберт 2003 «Қайта анықталған көшбасшылық: Педагогикалық көшбасшылыққа арналған шарттар», А.Либерман және Л.Миллер 2005 «Мұғалімдер жетекшілер ретінде» Білім форумы, 69-том, 151-159-беттер
4. А.А.Бизяева "Мұғалімнің рефлексивті ойлауы - оның кәсібилігін дамытудың шарты" мақаласы, "Педагогикалық диалог" журналы, 2013ж. № 4, 132-139-беттер.
5. Сью Суоффилд "Сыншыл достық" мақаласы, "Педагогикалық диалог" журналы, 2014ж. № 3, 79-93-беттер.
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей, 3-басылым, Астана: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014ж 80-83-беттер.
7. Cowan, J. (2006). On becoming an innovative university teacher. Open University press. p.16-20. 8. Gibbs, G. (1988). Learning by doing: a guide to teaching and learning methods. Oxford: Further Education Unit. p.34-42.
9. Brookfield, S. (1995). Brookfield's Four Lenses: Becoming a Critically Reflective Teacher. San-Francisco: Jossey-Bass. p.42-46.