Файл: Батыс азастан облысыны олимпиадасы . Кекілбаевты Шандоз деректі тарихи баяндаы тарихи фактілер мен деректер Орындаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Батыс Қазақстан облысының олимпиадасы»
Ә.Кекілбаевтың «Шандоз» деректі – тарихи баяндағы тарихи фактілер мен деректер
Орындаған: Жәнібек ауданы, Ғ.Қараш атындағы
ОЖББ мектебінің 8-сынып оқушысы
Хамзин Гулнара Мирасқызы
Жетекшісі: Қымбат Осатова Муханбетовна
жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Орал, 2023
Өзектілігі:
Әдебиет- ұрпаққа өнеге.
Біздің парызымыз – бүгінгі ұрпаққа тұлғалар есімін ұлықтап, олардың шығармаларынан, аға буыннан өнеге ала отырып, туған жерін сүюіне, оның қасиетін сезініп өсуіне мүмкіндік жасау және ел ішіндегі мол қазыналарды жинау.
Мақсаты:
Батыс Қазақстан облысындағы және де басқа ақын–жазушылар мен зерттеушілер шығармашылығын зерттеу және біздің өлкемен тығыз байланысты авторлардың шығармаларымен танысу, зерттеу.
Халық ауыз әдебиетімен сусындау және жер –су атауларына қатысты зерттеулерді зерделеу , аңыз - әңгімелер жинау, туристік- экологиямен байланыстыру.
Батыс Қазақстан жерін тану және ең маңыздысы Отанды сүюге тәрбиелеу.
Рухани адамгершілік тәрбие беру болып табылады.
Міндеті:
-
туған өлкеге деген тарихи танымы мен зердесін қалыптастыру; -
өз өлкесінің тарихына қызығушылығын, патриоттық сезімін қалыптастыру; -
жаңа ұрпақты азаматтыққа, адамдық жақсы мінез- құлыққа тәрбиелеу; -
өлкенің әдебиетін тануы,өз бетінше зерттеу жұмысының қажеттілігін білуі.
Жаңалығы: туған өлкенің әдебиеті және жаңа әдеби өмір мен халық ауыз әдебиетін қоса зерттеу. Еліміздің әдебиет қорын бағалы байлықтармен толықтыру және шығармадағы тарихи бейнелерге қатысты деректерді саралау, даралап, деректер жазып алу.
Дереккөздер:« Шандоз» атты еңбектер мен зерттеушілер пікірі, ойлары алынды.
Зерттеу әдісі: Зерттеу, ізденіс жұмыстары, сұхбат т.б.
Құрылымы: кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдер мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми болжам: тарихи баянды талдау арқылы тарихи тұлғаларға қатысты келтірілген деректер, соған орай себеп пен салдар
, көзқарас пен пікірлер – бүгінгі таңдағы ұрпақ үшін өткеннің бағасын біліп, тарихи саралауға жол ашар ұстаным. Өйткені Махамбет – қазақ әдебиетінде көп зерттелеген ақын десек те, оның өмірі мен шығармашылығы әлі де жұмбаққа толы.
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізі бөлім
1.1.Әбіш Кекілбаев шығармашылығының басты өзегі - тарих пен тағдырлар философиясы
1.2.Исатай бастаған, Махамбет қостаған ұлт- азаттық көтеріліс.
1.3. Жәңгір хан – трагедиялық тұлға
ІІІ . Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Әбіш Кекілбаев шығармаларының өзегі – тарих пен тағдырлар философиясын сан алуан тұрғыдан мейілінше саралап, даралап көрсету. Мұның бір мысалына жазушының ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» тарихи – деректі баянын да жатқызуға болады. Көркем ой тұрғысынан алып қарағанда, аталған тарихи – деректі қазіргі қазақ әдебиетінің даму өрісіндегі ірі туынды деген ойдамын. Бұл орайда Ә.Кекілбаев шығармасындағы тарихи фактілер мен деректердің, іс – әрекетке негізделген оқиғалардың қай – қайсысы болсын әрқашан белгілі бір көркемдік мақсатқа жұмыла қызмет етеді, соған жұмыла қол жеткізеді. Әсіресе, келтірілген әрбір фактілер мен деректердің баршасы сол тарихи баянның көркемдік мазмұнын философиялық тұрғыдан байытуға, тереңдете түсуге, бір сөзбен айтқанда, авторлық жаңа концепцияның дараланып, шоқтығы арта түсуіне айрықша қызмет етеді. Махамбет батыр, Жәңгір хан , Өтеміс, Исатай сияқты әр алуан тарихи тұлғалардың соны болмыстары, іс – әрекеттері жазушы қаламы арқылы өзіне лайық көркемдік биіктеріне көтерілген.
«Кермиығым кербезім, Керіскідей шандозым!» деген Махамбеттің Исатай өлгендегі жоқтау жырының алғашқы екі жолын жазушы деректі – тарихи баянының эпиграфы етіп алады. «Шандоз» сөзіне орай зерттеуші Ж.Дүйсенбаева: «Шығарманың аты болып, шандоз сөзі бекерге тұрған жоқ. Шандоз сөзі бұрын тілімізде сиректеу қолданыста болған (жергілікті сөз, «сұлу, көркем жігіт» мағынасында). Ақын өлеңдерінде бұл сөз екі рет пайдаланылған. «Қарағай шаптым шандоздап», «Керіскідей шандозым». Ол әдебиетте «шандоз» сөзімен де Исатайдың айбынды бейнесін жасап кетті. Шандоз – Махамбеттің өлеңінде өз орнында қолданылған. Ал Әбіш Кекілбаев сөзге екінші өлмес ғұмыр сыйлап, ұмытылып бара жатқан сөзді тірілтіп, шығармасының аты , тақырыбы етіп алған», дейді(Ж.Дүйсенбаева. Ә.Кекілбаевтың «Шандоз» деректі – тарихи баянындағы Жәңгір бейнесі. «Ә.Кекілбаев және замана шындығы» атты конференция материалдары, 265-б.).
Тарихи баянда Махамбетке қатысты келтірілген деректер, соған орай себеп пен салдар , көзқарас пен пікірлер – бүгінгі таңдағы ұрпақ үшін өткеннің бағасын біліп, тарихын саралауға жол ашар ұстаным. Өйткені Махамбет - қазақ әдебиетінде көп зерттелген ақын десек те , оның өмірі мен шығармашылығы әлі де жұмбаққа толы. Шығармадағы мына бір үзіндіге назар аударайық: «Қай кезде де қырық құбылып, құйқылжып баққан мына дүниеде кімнің қадірін кім ұға қояды дейсіз? Әйтпесе, кейінгі екі жүз жыл ішінде қазақ сахнасына тап Махамбеттей болып мығым орныққан мәшһүр тұлғалар кемде - кем ғой. Тәңірі оның өзі түгілі сөзін тұтқиылдан тап беріп, төтен баурап алатын өзгеше бір өктемдікке ие етіп жаратқан ғой. Сөйте тұра, осындай өле – өлгенінше өртше лапылдап өткен маздақ жанның қаңқасының қайда қалғанынан күні кешеге дейін бейхабар келіппіз. Ал дәл қай арада кіндігі кесіліп, жөргекке түскенін әлі күнге дәп басып ешкім айта алған емес. Бас-аяғы қырық үш жыл жасаған қып-қысқа ғұмырының кей сырына таныс болсақ, көп сырына шалыспыз». Белгілі жайттың бірі, Махамбет туралы сөз болғанда ол туралы екіұшты деректер мен ұшқары пікірлер ұшыраспай тұрмайды, өйткені Махамбет сияқты қилы кезеңде күн кешіп, алмағайып дәуірде атой салып адам туралы бәрі қаз – қалпында сақтала қойды деу ақылға қонбайды.
3
Ал, Махамбет жөніне келер болсақ, Махамбет батыр жүректі жан еді. Бәрін біліп тұрып орыс патшасына арқа сүйеген хан Жәңгірге қарсы шықты. «Бұл ханға (Жәңгірге) және оның артында тұрған патша өкіметіне қарсы жасалған би- батырлардың ереуілі болды.
М.Әуезов: «Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да – бір өзі.»
З.Қабдолов: « Абайға дейінгі қазақ поэзиясында Махамбеттен асқан ақын жоқ. Бұл шындықты әр қазақ та, бар қазақ та мойындап болған.»
Алдымен, тарихқа келсек, Бөкей ордасы қалай құрылды деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Қазақ хандығының ішінде XVIII ғасырдың соңында хандық билікке талас – тартыс бұрынғыдан да күшейе түсті. Осы тұста 1749 жылы Кіші жүз ханы болып сайланған Нұралы ханның баласы Бөкей өз қолына тиген хандық билікті одан әрі нығайта түсу үшін 1799 жылы орыс патшалығына озбыр казактардың бақылауына көшкен Еділ мен Жайық арасындағы Кіші жүздің ежелгі ата – қонысына көшуіне өтініш жасап, рұқсат сұрайды. 1801 жылы Бөкей ханға Еділ қалмақтары 1771 жылы Қытайға үдере көшкеннен кейін босаған Кіші жүз қазақтарының бұрынғы ата қонысына көшуге рұқсат береді. Осылайша Бөкей хандығы дүниеге келеді.
Бөкей өзі кім еді және орыс патшалығы оны қашан қайраткер ретінде таныды?
Ол туралы «Энциклопедиялық сөздікте» жарияланған арнайы есімнамалық мақалада: «Бөкей – хан, қазақтардың Орта жүзінен шыққан сұлтандар әулетінің негізін салушы»,- делінген.
Бөкей 1801 жылы император Бірінші Павелден рұқсат алысымен 5000 үйден тұратын өзіне қарасты ұзын саны 22775 адамдық халқын Еділ мен Жайық бойындағы ежелгі ата – қонысына көшіреді. Бөкей ордасының халқы негізінен он екі ата Байұлының рулары мен Жетіру құрамына кіретін үш ата мен Әлімұлы құрамындағы тағы бір ру құрады.
Орыс патшалығы Бөкей хандығына «қамшы мен қалаш» саясатын ұсынды. Әуелі Бөкей ханды қолдап, оны 1812 жылы бүкіл Кіші жүздің ханы етіп сайлады. Алайда , Бөкей көзі қарақты, көреген саясатшы болғандықтан, орыс бодандығына біржолата бас имей, шама- шарқы келгенше халқының қамын ойлаған саясат жүргізді. Ол 1815 жылы дүние салғанда, әлі қабырғасы қатып, бұғанасы беки қоймаған үш ұлы қалды.Олардың ішіндегі еті тірі Жәңгір 1845 жылға дейін Бөкей ордасын билеп, хандықтың іргесін бекіте түсті.
Тарихи баяндағы басты бір жаңалықтың бірі – бұрын біржақты қарастырылып келген тарихи тұлғаларға бүгінгі дүниетаным тұрғысынан қарау керетігі айтылып, олардың тарихи құжаттар арқылы дәлелденуі. Осы ретте, зерттеуші Ж. Дүйсенбаева: « Кеңістік кезде халық Жәңгірді - Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» деген бір өлеңінің мазмұны аясында ғана танып – біліп келді. Ханды тереңдей, қайта танытудың басында «Шандоз» деректі – тарихи баян тұр», - дейді.
4
Ертедегі дастандағы Ер Тарғын Қартқожақтан қашып әзер құтылған. Ақ жүніспен ақырғы рет аймаласатын Тарғын судың бойындағы көк жайлауда 1845 жылы 11 шілдеде бесін ауа беліме ешкімді шығармаспын деп жүрген Жәңгір
кездейсоқ ауырып, бейсебетпен дәмі таусылып, бейуақытта тәжі төңкеріледі. (Ә.Кекілбаевтың «Шандоз» деректі – тарихи баянындағы Жәңгір бейнесі. 325-б.).
Бұрын Бөкей Ордасының жері болған, кәзір Ресей жері болып кеткен Жәңгір ханның жазғы жайлауының да тарихта алатын орны зор. Ханның «Солтүстік астанасы» - жазғы жайлауы Тарғын өзеннің бойында орналасып, жергілікті қазақтар оны «Тарғын қала» деп атаған. Бұл тарихи орын туралы М.Я.Киттаридың «Ставка хана Внутренней Киргизской (Қазақ – Қ.А.) Орды» атты мақаласында бұлай жазылады: «Ставканың солтүстік-батысында, Камышиннен 110, Саратовтан 180 верст жерде екінші ставка (орда) орналасқан. 1838 жылы Жәңгір хан тұрғызған бұл жер - «Ханның көшпелі жазғы ордасы» деп аталады. Торғын өзенінің жағасында орналасқан бұл орда 9 ағаш үйден тұрады, үйдің көбі жазғы, яғни пеш салынбаған. Солардың ішінде екі қабатты – төменде төрт, жоғарыда жеті бөлмесі бар үй Жәңгірдің жазғы ордасы. Үй айналасында алма, шие, басқа да жеміс ағаштары отырғызылған
» (Журнал М.В.Д…, 1849, 48 б.).
Сан ғасырлар бойы Жәнібек жұртына атақоныс болған жерлерді жоққа шығарып, «Бөкей хандығына дейін бұл аймақты Ресей патшасы қорыққа айналдыруына байланысты бос жатыпты, кейін хандық құрылған соң, патша жарлығымен бөкейлікке бөлініп берілген екен,- деген қасаң тұжырым шындықпен үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Мысалы, алдында сөз болған зерттеуші –этнограф П.Палластың «Торгун» деген сөзі қазақша «Тарғын» сөзінің баламасы болатыны даусыз. Орыстар қазір «Торгун»деп атап та, жазып та жүрген бұл өзенге қазақтар ежелден «Тарғын»деп ат қойып, айдар таққан. Торун (Тарғын) – орыстың ұлы өзені Еділдің бір саласы. Жәнібек ауылынан 70 шақырым жердегі Волгоград облысының Палласовка қаласына жиі қатынайтын Жәнібек ауданының жұртшылығы осы өзеннің орысша жазылған атауын қалаға кіре берісте орнатылған белгіден бірден көреді. Көзі жіті, көңілі ояу жәнібектік тұрғындар «Торгун» (Тарғын) сөзінің түп-төркіні мен тегіне мұқият назар аударып қарағанда- ақ, ең алдымен естеріне ел аузындаға сақталған аңыз –оқиға түседі.Аталмыш өзен қазақтың кәдуілгі «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын батырдың жылқыларын суарған суаты болған. Бұл дерек тек жұрттың айтқаны бойынша ғана зердеге тоқылған жайт десек, жаңсақтық болар еді.
Жәңгір хан атындағы тарихи –этнографиялық музейінің меңгерушісі, өлкетанушы Нұржан Төлеповтің «Хан бөгеті» жөніндегі тың деректері мен «Тарғын» өзеніне қатысты суреттер, ашық аспан астындағы Жәңгір хан қолдауымен тұрғызылған жәдігер тарихын көрсете алады.
Жәңгір хан тұсында көтерілістің шығу себебі неде?
Мәселе, әрине, Жәңгірдің жеке басының зұлым, зорлықшыл ниетінде, соған Исатайдың қарсы тұруында емес. Бұған себеп болған –Ішкі Орда халқының қоғамдық дамуындағы өзгерістер, сол тұста отаршылдық және феодалдық- әкімшілік қысымның қатаюы. Алдымен жай шаруа қазақ жерден, қоныстан қысым көре бастады...
5
Бұрынғы Бөкей мен Сығайдың тұсында қағаздап жер бетінде «пәлен старшынға қарамағындағы халқымен көшіп, жайлап- қыстап жүру үшін осы жерлер беріледі» деген сөздер жазылатын. Жәңгір сол тәртіпті өзгертіп, айтылған мол –мол қонысты төрелер мен билердің жеке өз меншігіне берді. Жерден, қоныстан қысым көрген, хан салығы әбден титықтатақан шаруаны 1816, 1820, 1827 жылдардағы жұт одан сайын күйзелтті. Мұндайда Махамбет айтқандай, «Егескен жерді шарт кетпей, Шаппаған нәмәрт оңар ма?» Сонда «шарт кеткен ердің» басы – Исатай Тайманов.