Файл: Пн азастан тарихы таырып 1 тас дуіріндегі азастан.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пəн: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Тақырып № 1: ТАС ДƏУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


1. 1938 жылы неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір:

A) Шақпақата.

B) Тесіктас.

C) Батпақ.

D) Тəңірқазған.

E) Шабақты.

2. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік- ойықтар жасау арқылы өткірлеу:

A) Ретушь əдісі.

B) Жапсырма тəсілі.

C) Тегістеу.

D) Леваллуа.

E) Чоппер.

3. Синантроп өмір сүрді

A) 2 млн жыл бұрын.

B) 1 млн 750 мың жыл бұрын.

C) 1 млн жыл бұрын.

D) 500 – 200 мың жыл бұрын.

E) 100 – 35 мың жыл бұрын.

4. Ертедегі адамдардың ұжымы:

A) Рулық.

B) Тайпалық.

C) Тобыр.

D) Тайпалық одақ.

E) Қауым.

5. «Саналы адам» қалыптасты

A) 1 млн жыл бұрын.

B) 500 – 200 мың жыл бұрын.

C) 100 – 35 мың жыл бұрын.

D) 40 – 35 мың жыл бұрын.

E) 12 – 5 мың жыл бұрын.

6. Кейінгі палеолиттің хронологиясын атаңыз.

A) Б.з.б. 2,5 млн – 800 мың жыл.

B) Б.з.б. 800 мың – 100 мың жыл.

C) Б.з.б. 100 мың – 40 мың жыл.

D) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

E) Б.з.б. 12 мың – 5 мың жыл.


7. Алғашқы еңбек құралдары негізінен неден жасалды?

A) Мыстан.

B) Сүйектен.

C) Ағаштан.

D) Тастан.

E) Балшықтан.

8. Маңғысау түбегіндегі қай тұрақтан табылған

құралдар Олдувай сайынан табылған ең көне


құралдармен замандас?

A) Батпақ.

B) Тесіктас.

C) Шақпақата.

D) Сексеуіл.

E) Семізбұғы.

9. Ертедегі адамның ең алғашқы кəсібі

A) Мал шаруашылығы.

B) Терімшілік.

C) Балық аулау.

D) Егіншілік.

E) Қыш құмыра жасау.

10. Домалақ малта тастан, екі жағынан егеп, жүзі өткір,

ирек ара сияқты жасалған құрал:

A) Шоқпар.

B) Үшкір тас.

C) Чоппинг.

D) Жұмыртас.

E) Чоппер.

11. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар:

A) Семізбұғы, Батпақ.

B) Бөріқазған, Шабақты.

C) Қарағанды, Зеленая Балка.

D) Ботай, Шебір.

E) Пеньки, Усть-Нарым.

12. Егіншілік пайда болды:

A) 13 мың жыл бұрын.

B) 10 мың жыл бұрын.

C) 5 мың жыл бұрын.

D) 3 мың жыл бұрын.

E) 2 мың жыл бұрын.

13. Питекантроп пен синантроптың өзгеше атауы.

A) «Епті адам».

B) «Тік жүретін адам».

C) «Саналы адам».

D) «Алғашқы адам».

E) «Кроманьондық адам».

14. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын, 300-ге жуық тас құрал табылған тұрақ:

A) Батпақ.

B) Усть-Нарым.

C) Шақпақата.

D) Сексеуіл.

E) Қарасу.

15. Қазақстанда табылған неолиттік тұрақтар саны:

A) 400-ден астам.

B) 100-ден астам.

C) 300-ден астам.

D) 500-ден астам.

E) 200-ден астам.

16. Ұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал:

A) Бифас.

B) Микролит.

C) Қырғыш.

D) Чоппинг.

E) Қашау.

17. Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ болып келген

қырғыштар Орталық Қазақстандағы қай тұрақтан


табылды?

A) Бөріқазған.

B) Усть – Нарым.

C) Семізбұғы.

D) Арыстанды.

E) Батпақ.

18. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас

құрал:

A) Чоппер.

B) Кескіш.

C) Жұмыртас.

D) Бифас.

E) Үшкіртас.

19. Тас дəуірінде ру ішіндегі мəселені шешті.

A) Көсемдер кеңесі.

B) Ақсақалдар кеңесі.

C) Жалпы жиналыс.

D) Ақсүйектер кеңесі.

E) Жауынгарлер жиналысы.


20. Ертедегі адамдар инені неден жасады?

A) Үшкір тастан.

B) Мыстан.

C) Қоладан.

D) Үшкір сүйектен.

E) Темірден.

21. Қазақстан аумағындағы белгілі мезолиттік тұрақтар саны:

A) 10-нан астам.

B) 20-дан астам.

C) 40-тан астам.

D) 60-тан астам.

E) 80-нен астам.

22. Бумеранг пен жебелі садақ дүниеге келген дəуір:

A) Мезолит.

B) Неолит.

C) Палеолит.

D) Қола дəуірі.

E) Энеолит.

23. Адамдардың шығу тегін жануарлар,өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын наным-сенім:

A) Магия.

B) Тəңірлік.

C) Анимизм.

D) Тотемизм.

E) Зороастырлық фарн.

24. «Қыш құмыралар заманы» деп аталған дəуір:

A) Мезолит.

B) Палеолит.

C) Энеолит.

D) Неолит.

E) Қола дəуірі.

25. Тасқа түсірілген хат-суреттер:

A) Топономика.

B) Стратография.

C) Терракота.

D) Пиктография.

E) Тотемизм.

26. Адамзат баласының бірінші қолданған металы:

A) Қола.

B) Қалайы.

C) Мыс.

D) Темір.

E) Алтын.

27. Мұздықтың ери бастауы:

A) 100 мың жыл бұрын.

B) 40 мың жыл бұрын.

C) 13 мың жыл бұрын.

D) 7 мың жыл бұрын.

E) 5 мың жыл бұрын.

28. Адамдар дəн үккішті ойлап тапқан кезеңі:

A) Энеолит.

B) Мезолит.

C) Неолит.

D) Орта палеолит.

E) Кейінгі палеолит.

29. Микролиттер пайда болған кезең:

A) Кейінгі палеолит.

B) Энеолит.

C) Орта палеолит.

D) Мезолит.

E) Ерте палеолит.

30. Орталық Қазақстандағы неолиттік тұрақ:

A) Пеньки.

B) Усть-Нарым.

C) Батпақ.

D) Сексеуіл.

E) Зеленая Балка.

31. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды:

A) Ертіс бойынан.

B) Қаратаудан.

C) Есіл аңғарынан.

D) Арал маңынан.

E) Сырдарияның орта ағысынан.

32. Ботай тұрағында қандай жануардың сүйегі көп


мөлшерде табылды?

A) Сиыр

B) Қой

C) Балық

D) Мамонт

E) Жабайы жылқы

33. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі:

A) Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі.

B) Өнердің қолөнерінен бөлінуі.

C) Сауданың егіншіліктен бөлінуі.

D) Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі.

E) Сауданың қолөнерінен бөлінуі.

34. Табиғи – климаттық жағдай бүгінгі күнге ұқсас болды

A) Кейінгі палеолитте.

B) Энеолитте.

C) Орта палеолитте.

D) Мезоитте.

E) Неолитте.

35. Қазақ жеріндегі неолит тұрақтарының ең көнесі:

A) Б.з.б. 7 мыңжылдыққа тəн.

B) Б.з.б. 5 мыңжылдыққа тəн.

C) Б.з.б. 4 мыңжылдыққа тəн.

D) Б.з.б. 3 мыңжылдыққа тəн.

E) Б.з.б. 2 мыңжылдыққа тəн.