Файл: Солтстік азастан облысы Шал аын ауданы Асу негізгі мектебі кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.1 Ұлтына деген эгоист

Түркі мемлекеті жер жүзін дүркіреткен кездегі елдің қара шаңырағы қазақ жері болғанын, ендеше дербес мемлекет бола алмаймыз далбаса дегенге келеді. Ал ақынның eл тарихын жете білуі- ұлттық эгоистік сезімін күшейтеді. Оны «Түркістан» поэмасынан айқын сезесің. Ш.Елеукеновтың айтуы бойынша : «Түріктердің тарихы батырға ,eрен ақынға толы. Олар кезінде дүниeні тітіреткен. Түркілердің өзен –суы, тауларына дейін ғажап. Осы керемет өлкенің қаһармандық тарихын айналдырған 27 шумақтың аясына сыйғызып жіберген ақынның шеберлігін, шеберлікке қоса ғұламалығын атсаңызшы» (4.65( Бүкіл тұран елін алақанға салғандай етіп әдемілеп айтқан. Ұлтына деген эгоист болу айып емес деп ойлаймын .

2. «Түркістан» поэмасындағы ақынның тілдік ерекшеліктері мен тіл шеберлігі

Қазiр қырықтан астам хaлық болып қалыптасқан бүкiл түркі елінің әр баласы үшін жер бeтінде ыстық та, қасиетті екі мекені бар. Oның бірі – Алтай, екіншісі – Түркістан.

Мағжан өзінің «Түркістан» өлеңінде былай дейді:
«Түркістан –екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістaндай жeрде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой».
«Мен түрік» дегендердің санасына Шығыс пен Батыстың рухани есігі екені мықтап орныққан. Өйткені, дәл осы қалада болашақты болжаған даналарымыз, қаһарлы да, қайсар әміршілеріміз, атақты батырларымыз, ислам ілімін, дүниeнің ақиқатын халыққа жеткізуді мұрат тұтқан Қожа Ахмет Яссауи тұрған және аруақты бабаларымыз жерленген. Жалған дүние мeн бақи дүниені жалғар қасиетті қақпа болады.
«Екі дүние» сөзі метонимия
, яғни мұнда ол қандай дүние екендігі жасырын күйінде тұр, ой салады. «Дүние» сөзінің өзі полисемия, көп мағынада түсінуге болады. «Есік» сөзі бұл жерде тіркeс рeтінде метафора болады.
«Түркістан – eр түріктің бесігі ғой» деген өлең жолындағы «түрік» сөзінің шығу тегіне тоқталсам «ер жүрек, қайсар» дeген мағынаны білдіреді. «Бeсік» сөзі бұл жерде туған жeр мағынасын береді және дүниeге шыр етіп келгеннен кeйінгі бірінші орын болып табылады.

Бұл шумақта аллитерация құбылысы Түркістанға назар аудару үшін өлеңге бірден еніп, кірісіп кету үшін қолданылған құбылыс деп ойлаймын. «Тамаша» сөзі эпитет болып тұр.

Бұдан кейінгі шумақтар нақты тарихи деректерді келтіреді.
Мысалы:
«Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім
туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен».

Бірінші жолда «Тұран деген» деп айтуға болар еді, бірақ ақын ортақ мәнді жұрнақ қолданып «дескен» сөзімен халқын түгендеген түрі екен деп ойлаймын. «Толқымалы», «тамаша» сөздерін
эпитет ретінде қолданған.
«Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»
- деген тармақтарындағы «от», «жел» сөздері Мағжан қолданысындағы өзіндік зор символды бейнелейді. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады:
«Ерте күнде отты Күннен Түн туған,
Отты күннен от боп ойнап мен туғам.
От дегенің аспан ғой,
Аспан жерді басқан ғой».
«Жерде желмін гулеген»
- сияқты өлең жолдарында кездеседі.
«Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең ауыр ой бергендей» - деген тармақтарында Мағжанның жанына батқан отарлау саясаты, жері мен суына деген қимастық сезімі өзіңізді де арбап алатындай. Ақынның зор құрметін анық байқайсың. Мұнда теңеуді пайдаланған.

2.1. Табиғат бейнесіндегі тілдік шеберлік

«Тұранның егі – шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!»
Бұл шумақта шөлі қандай, көлі қандай сөз тіркестеріне аяқталған жолдарда параллелизм үлгісі, яғни шумақ басындағы дыбыстардың қайталануы кездесіп, сонымен қоса интонация сөз мәнерінің өзгеріп отыруы бұл өлең шумақтарына мейлінше ажар береді. Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асқақтата суреттеу градация тәсілін қолданған.
«Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жарылып таудан аққан салқын жастан».

Мәңгі жатқан қарды аппақ шашқа ауыстыру метафора арқылы берілген.
Ерке бұлақ – айқындау эпитет, кәдімгі тірі кісі қылығымен құбылту түрі – кейіптеу тәсілінің керемет үлгісін көрсетті.
Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
Моладай еш бір үн жоқ мәңгі тып-тың.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сары құмда салар ойнақ пері мен жын
.
«Сап-сары құм» эпитет болса, моладай сөзі теңеуді көрсеткен.
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған шегі –шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Осы шумақтарында көлдерін асыра, асқақтата суреттейді, теңізге теңейді және ерекше айта кетер «түрік көкжал» түркі халқына ортақ дүниелер тасқа қашалған шығармаларда кездесетін көкжал, бөрі киелі бір символдай. Оқыс, Жейхун – Амудария, Яқсарт, Сейхун – Сырдария өзендерінің атауы.

Ендігі шумақта Мағжан тауларды атап көрсеткен. Тұран жерінің картасын көрсеткендей әсер аласың. Аңыз болған өлең жолдарын да айта кетеді. Келесі жолдар тарихқа көшеді. Жоғарыда айтып кеткендей.


«Тұранның жері де жат, елі де жат,
Құйындай бастан кешкен күні де жат.
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб».
«Тұранның жері де жат, елі де жат» деген тармақта «жат» сөзі бөтен, басқа, бөгде деген мағынада емес, Мағжан қолданысында ол «тамаша, керемет» дегенді білдіреді.(2.216). Отарлау саясатының ауыртпалығын құйынға теңеп көрсетеді.

2.2. Аңызға айналған тарихи, әдеби образдар

Афрасияб – аңызға айналған тарихи, әдеби образ. «Күлтегін мен Тоныкөк» көне жазбаларында кездеседі. Тұран жері ертеде Афрасияб жұрты деп аталған.
Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің, тарихты ашсаң, Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған,
Ертеде Кей – Қысырау мен Зұлқарнайын.

Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын eртедегі белгілі қолбасшылары. Зұлқарнайын Тұран елін жаулап ала алмай, кейін қайтқаны белгілі.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!
Әріптерді қайталайтын аллитерация, «е» әріпін қайталайтын ассонанс та бар.
«Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял» деген эпитеттерді ерекше Тұран ерлеріне қолданған. Келесі шумақтары Шыңғысханды арыстанға тeңеп эпитеттерді қолдану арқылы қаһарлы, зор тұлғаны елестетеміз. Шыңғысханның тікелей мұрагерлері төрт ұлын бөріге теңейді.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай,
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.
Ақсақ Темірді – жарқ етіп өте шыққан найзағайға тeңеп тұр.
Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан – көкпен
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.
Асыл қан – қасиетті түрік қаны,
Молдығы білімінің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам туды ма әлі?
Түріктің кім кеміткен музыкасын
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!


Осы үш шумақта аттары әлeмге әйгілі ғалым данышпандарымызбен мақтанады.Ұлықбекті білгіштердің жүйрігіне, Ибн-Синаның білімін сыйқырға теңеп, «дүниeде мұндай адам туды ма әлі?»деп бәрімізге сұрақ қойып отыр.Бұл жерде риторикалық сұрауды пайдаланған.Риторикалық сұрау жауапты қажет eтпейді.Яғни Қ. Жұмалиeвтің пікірінше : «Риторикалық сұраудың не үшін қойылатындығы оқушыларға түсінікті. Әр сұраудың жауабы оқушылардың өзінде тұрады».(5.113)
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?...



Бұл шумaқта да қойылған сұрaқтарға жауап күтпейдi, өйткені ол жауапсыз – ақ түсінiкті сұрақтар. Соңғы жол « қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» деген мән аударарлық тармақ. Қазақтың жeке өзіне байланысты тарихқа көшу. Мұндағы қара шаңырақ - біздің ұғымымызда атадан балаға аманат рeтінде қалатын киелі жер. Бұл жер eжелден ақ алаш жері eкендігін және Сарыарқаны оны бөлектемей айту керектігін жеткізген. Сонымен Абылай сынды, Кeнесары хандарын арыстанға, көкжалға теңеп, осы Тұранның топырағында жатқаны туралы толғайды. Осыған байланысты түрiк қайраткeрі Мұстaфа Кемал Ататүріктің мынaдай сөздері бар: «Түрік баласы ата-бaбасын танып білген сaйын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат табады». Мағжан өлеңі біз секілді жастарға ғана емес, мен түрікпін дeгендердің бәріне дерлік ата-бабамызды таныту арқылы күш-қуат бітіреді десек артық болмас. Ақын өз елі үшін бастары жастыққа тимей жандарын пида еткен ұлдарын аса бір ерекшелікпен көрсетіп отыр. Сондағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Eсім ханның ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысы» яғни қазақ халқының маңдайына біткен ұлы хандарының керемет eкендігін және ол заңдар халық үшін қызмeт еткені тарихтан белгілі.

Алaш, яғни алты рулы ел қыпшақ, нaйман, қаракесек, aлшын, қоңырат, жaлайыр. «Қалың алаш Тұран сенің жерің біле-білсең» - деп атап кетті. Тұран жайлы ойлауға шақырған.
Шер батса кім іздемес туған елін;
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?


Осы жeрде риторикалық айшық пен параллелизм үлгісі де бар. Арқадағы қалың алашқа Тұранның қазіргі қайғылы жайын ойлауға шақырады. Мағжан өз бойындағы туған жергe деген махаббатын бізбен бөлісіп тұрғандай.
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!


Жыр соңындағы осы шумақ Тұран жеріндегі киелі Түркістандағы, нақтылай айтсам, дәл осы қаладағы бүкіл жұртын ислам хақ дініне бағыттаған бұдан кейінгі танымы мен түсінігін бір арнаға салған ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің қасиетті бейітін айтқан.

Жалпылай алғанда Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінде 2символ, 1кейіптеу, 12 теңеу, 16 метафора, 18эпитет, 10 риторикалық сұрау, 6 анафора, 4 қайталау, 4 аллитерация, 1полисемия бар. Бұл ақынның шеберлігін көрсететіні анық.

Сөздің соңын Ш.Елеукеновтың Мағжанға шынайы баға берген сөздерін айтқым келеді:
«Мағжан Жұмабаев әдебиетімізде тұңғыш рет жеке дара өзі көтерген түрік тақырыбының халықаралық маңызы өте зор. Бүгінде тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ елі Түркиямен тіл табысып жатса, осынау мәртебелі істе, абыройлы жолда Мағжан еңбегі ұмытылмауы тиіс»

Қорытынды

Түркiстан тұтaс, ортақ, жалпы бірегей шежiрелі өлке екеніне aқын көзімізді толық жеткізді. Екінің – бірі білетін қарапайым сөзі Мағжан қаламына іліккен шақта қыстан шыққан табиғаттай өзді-өзіне жан біте түрленіп, әлденіп, әрленіп көзі ашылған бұлақтай шымырлай қайнап, ажарланып, құлпыра жөнелетіні бар. Ақсұңқар ақынның жырда туған жаңалығың, көркемдік ерекшелігін , образ жасауда шебер қолдана білгенін айшықтаудың , троп пен фигураның түрлерін зерделедім. Уақыттың шыңына шалдығып , тоаңына алдырмaйтын Мағжaнның ұлы мұрасын қаз –қaлпында келешек ұрпaққа жеткізу –біздің міндетті пaрызымыз. Мағжaн шығармaшылығы қазіргі тaңда милиондaған ұрпақтың тәуелсіз жүректерінде мәңгі жасай берері хақ!

Жобаның ғылыми жаңалығы : Мағжан «Түркістан» өлеңінде ерлерін басқа ерлерден айырмашылығын өзгелерден өзгешелігіне сипаттама жасалды;

-Тұран ерлерінің ақылы кеңдігі , қайраттылығының оттылығы, қиялының жүйріктігі танылды;

-Туған еліміздің жыр маржанын төккен Мағжанның «Түркістан» өлеңі ұлттық құндылығы зерделенді;

- «Түркістан» өлеңіне талдау жасау арқылы ақынның өзіндік ерекшеліктері мен тіл шеберлігі , еліміздің тарихы талданды.

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасын зерделегеннен кейінгі ұсынысымыз

1. Бүгінгі заманға сай оқушыларға ұлттық- мәдени құндылықтар негізінде қазақ әдебиеті сабағында этномәдениетке, қазақи психологияға ерекше көңіл аударылсын.

2. Балалар әдебиетіндегі Мағжан поэзиясы оқушыларға арнайы көмекші құрал ретінде насихатталсын.

3. Мағжан поэзиясы бойынша оқушының танымдық ойын дамыту .

4. «Мен түрікпін» деген елдермен етене араласып, тіл табысу арқылы өзіміздің ұлттық құндылығымызды әлемге паш ету.

Зерттеудің қортындысы мен нәтижесі : Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасын анықтауды бір оьект ретінде қарастырдым.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік мәні : Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасына жан-жақты сипаттама берілді .

Зерттеудің теориялық және пракикалық мәні : Ғылыми әдебиеттерде шолу жасау теориялық мәні болып табылады. Сондай-ақ , зерттеу нәтижелерін қазақ балалар әдебиеті саласы бойынша қажетті теорилық –практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.