ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 347
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білу.
Қорыта айтқанда, бұл жинаққа енгізіліп отырған материалдар оқушылардың 7 сыныптағы физика пәнінен бөлім бойынша және тоқсандағы оқу мақсаттарын меңгеру жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған тапсырмалар жаңа ізденістердің, ресурстардың және бағалауды тиімді ұйымдастырудың пайдалы дереккөзі бола алады. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасының жоғарылауына ықпал етеді. Ал терең біліммен сусындаған оқушы еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана білімді де білікті педагог тәрбиелей алады.
Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әлі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға болуы тиіс. Өйткені, білікті ұстаз - кемел білім кепілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Алтын белгі. Жоғары сынып оқушыларына арналған басылым -
Годова И.В. Физика 7 класс. Контрольные работы в новом формате. - М.: "Интеллект - Центр", 2013 -
Зорин Н.И. Контрольно - измерительные материалы. Физика 7 класс. – М.: Вако, 2016 -
Кирик Л. А. Физика: самостоятельные и контрольные работы. – М.: ИЛЕКСА, 2015 -
Ударцева В.М., Ударцев С.В. Физика және Астрономия. 7 сынып жұмыс дәптері. 1-2 бөлім -
Ханнанова Т.А., Орлав В.А. Сборник тестовых заданий по физике. - М.: Вако, 2015 -
Чеботарова А.В. Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары.-Алматы: Мектеп, 1989 -
EduCon басылымдары. Тест кітапшалары -
https://bilimland.kz/kk
Физика пәнінен 7 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Оқу-әдістемелік құрал
Басуға 30.05.2018ж. қол қойылды.
Қағаздың пішімі А4
Офистік қағаз
Есепті баспа табағы 6,5 б.б.
Таралымы 30 дана
Ескертпелер үшін
Ескертпелер үшін