Файл: Масат Оытуды тиімді діс тсілдерін пайдалана отырып, оу мен оытудаы оушыларды белсенділігін 10% арттыру. Басымдытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Пригород бастауыш мектебі.
«Lesson study - тиімді әдіс»




Мақсат: Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқу мен оқытудағы оқушылардың белсенділігін 10% арттыру.

Басымдықтар.

Нәтиже және табыс критерийлері

  1. Мұғаліммен жұмыс.

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқу мен оқыту үдерісін арттыру.

  • Мұғалімдер проблемаларымен өзара бөліседі.

  • Ұжымның барлық мүшелері арасында жақсы ақпараттық қарым-қатынас орнайды

  • Оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану 20 % артады.

  • Оқушылар мұғалімдерден кеңес сұрағанда өздерін еркін ұстайды.

  1. Оқушымен жұмыс.

Оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу мен оқытудағы белсенділіктерін арттыру.



  • Оқушыға қызмет етуде мұғалімнің жауапкершілігі 30 % артады.

  • Уәждері мықты оқушылардың пайызы 10 % артады.

  • Оқушының белсенділігі 10 % артады.



Р/с

Іс-шаралар

Мақсаты

Жауап

тылар

Ресурстар

Мерзімі

Мониторинг

Эвалюация

Нәтиже


1.Коучинг сабақтар, іс-әрекеттер, lesson study қызметтері


1

Желілік қоғамдастық құру.

Мұғалімдер арасында ынтымақтастықты күшейте отырып, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану жолдарын ұйымдастыру.

Тәлімгер

Интернет желісі.

Скайп арқылы материалдар


07.11.

Ақпарат, хаттама, талдау, фотоесеп

Мектеп  мұғалімдері кәсіби деңгейде жоғарылайды.


2

Коучинг № 1

«Lesson study - тиімді әдіс»

lesson study үрдістері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Тәлімгер


Интерактивті тақта, сұрақ жазылған парақтар т.б.

09.11

Рефлексия және кері байланыс

lesson study үрдістері туралы түсініктері қалыптасады.

3

Коучинг №2

«Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс–тәсілдер арқылы дамыту»

Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі жайлы мағлұмат беру

Тәлімгер

Аудио таспа, постер, түрлі қаламдар, А4 қағазы, ноутбук

16.11

Рефлексиялық жазбалар, кері байланыс парақтары

1.Оқушының оқу процесінде теориялық білімді қалай қабылдайтынын анықтай алады.
2. Оқушыларды бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыруға дағдыландыра алады.
3. Мұғалім өз тәжірибесіндегі кедергілерді жеңуді нақтылай алады.

4

Коучинг № 3

«Сабақтағы кері байланыс»

Кері байланыстың  маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру

Тәлімгер

Үлестірме материалдар

23.11

Рефлексия лық жазба, кері байланыс парақтары

Сабақтағы кері байланыстың тиімділігін түсінеді.

5

2 «б» сыныбына орыс тілі, қазақ тілі пәні, жаратылыстану бойынша Lesson study сабақтарын өткізу

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, зерттеу

Тәлімгер. Мектеп меңгерушісі,

Тізбектелген сабақтар жоспарлары

Плакаттар

Стикерлер

07.11-30.11.

Сабақ жоспарлары. Кері байланыс

Рефлексивті есеп

А, В, С деңгейіндегі балалар анықталады және зерттеледі

7

Жоспарда орындалған жұмыстарды қорытындылау

Анықталған жұмыстарды саралай отырып, білім берудегі кемшіліктерді жою

Тәлімгер (мектеп меңгерушісі

Слайд

Диаграмма

02.12

Мониторинг, кері байланыс, рефлективті есеп

Кемшіліктерді болдырмау


Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің талдауымен рефлексиялық есеп.

2022-2023 оқу жылының 1 оқу тоқсанының қорытындысы негізінде басымдылықтар белгіленіп, мақсат айқындалды. Осы мақсатқа жету үшін мектепте «lesson study үрдістері» басталды. Мектебіміздегі шағын ұжымға мектептің «lesson study үрдістері» негізіндегі жұмыс жоспарын таныстырылды. Жалпы мақсаттың дәл айқындалғанын мұғалімдер бірауыздан құптады.

Үрдіс негіндегі жұмыс жоспарының жауаптылар бөлігіндегі тұлғаларға Макаров ЖББМ –нің тәлімгері Қошаханова А.А енді. Себебі, біздің мектебіміздегі педагогикалық құрамда тәлімгер мұғалімдер болмады. Мектеп меңгерушісі Агзамова Р.К. жоспарды іске асыруда көмекші тұлға болды.

Жалпы мектептегі «Lesson study» үдерісі алға қойған мақсатқа жетуге үлкен себеп болды.

Ең алдымен «Lesson study- тиімді әдіс» тақырыбымен коучинг ұйымдастырылды. Үдерістің мақсаты, өтілу барысы, тәжірибені жетілдіру барысында бұл үдерісті қалай пайдалануға болады, өтілу кезеңдері түсіндірілгеннен кейін мұғалімдер: «оқушыларды жеке-жеке зерттеп, бақылау арқылы олардың пәнге деген белсенділіктерін арттыруға болады», «сабақ жоспарларын бірлесе құру - тиімді, себебі сабақ жоспарын бірлесе құру барысында оқушылар үшін тиімді әдіс-тәсілдерді топ мүшелері толықтырып отырады», «Lesson study- мұғалімдерді ынтымақтастыратын үрдіс екен» деген кері байланыс берді.

Осы үдеріс негізінде нысанаға мектебіміздегі 2б-сыныбын алдық. Оған қоса осы сыныпта «Lesson study » үдерісімен қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен тізбектелген сабақ жоспарын құрдық. Сабақ жоспарын бірлесіп жоспарлау қиындық туғызбады. Бала жанының бағбандары оқушыға тиімді жақтарын ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Сабақ жоспарларын бірігіп жоспарлауда пән мұғалімдері мектебіміздің психологінің пікірлерін ескеріп отырғанын көрдім. Бұл да ынтымақтаса жұмыс жасаудың бір көрінісі еді.

Тізбектелген сабақтар легінің алғашқы сабағына топ мүшелері түгел кіріп қатынасты. Бір таңқаларлығы оқушылар әдеттегіден өзгеше ( бір топ мұғалімнің сабақта өздерімен бірге отырғаны) сабаққа таңқалмады. Күндегіше сабақта жұмыстарын атқарып жатты. Бақылау барысында оқушылардың өздерін еркін ұстап отырғандарын, барлық зейіндерінің сыныпта өтіліп жатқан іс-әрекетке ауып отырғанын көрдік.

Әр мұғалімнің өзі бақылап отырған оқушысын жіті қадағалап отырғаны байқалды. Сабақтағы оқушының көңіл-күйі, сабақтағы зейіні, ынтасы, жұбымен жұмыс жасауы бәрі-бәрін көзден таса қылмады.



Сабақ аяқталғаннан кейін оқушыдан сұхбат алу әртүрлі формада өтіп жатты: интервью, эссе, хат жазу. Мұғалімдер бөлмесінде ілесінше сабақты талдау жұмысы жүрді. Мұғалімдердің сабақты талдауынан мыналарды көрдік: мұғалімдер өздерінің сабақ өтілу барысында қол жеткізе алған я алмаған тұстарын ашық айтты, яғни келесі сабақта ақсақтап қалған тұсын жетілдіруім керек деген өздерінің қатерлеріне түртіп алып жатты. Тіпті мұғалімнің өз сабағының сәтті шыққан тұстарын айтып «оғын нысанаға дәл тигізген мергендей» масаттанғанын көрдік. Мен бұдан білікті мұғалімдердің кәсіби жетілу баспалдактарына тағы бір қадамдарын қадағанын байқадық.

Тізбектелген сабақтар топтамасының әр сабағының жоспарын бірлесе отырып жоспарлауда да бақылау жұмысымызды жалғастыра бердік. Өзіміздің мұғалімдерге сенетінімізді, біздің «басты құндылығымыз – оқушы» екенін тағы да нық қадап айтып, шәкірт қауымына қызмет ететінімізді тілге тиек етіп отырдык. Мақсаттарды анықтау, сабақтарды жоспарлау, сабақтарды бақылау, сабақтарды талдау, оқушылармен сұхбат жүргізу, мұғалімнің рефлексиялық есеп беріп отыруы ынтымақтаса жұмыс жасау үрдісіне айналып жүре берді.

Жалпы сыныптағы іс-әрекетті бақылағанымызда ең алдымен оқушылардың көңіл-күйін көргіміз келді. Оқушының өн-бойынан қорқыныш, үрку, сенімсіздік, қысылу мен қымтырылуды көрмедік. Риза болдық. Оқушының өзіне тиесілі орындықта шалқайып отыруының өзі біздің оқушыға, ұстазға деген сенімділігімізді одан әрі күшейте түсті.

Мұғалім сұрақ қойғанда оқушының ойланып барып: «....... менің ойымша, сіздің айтып тұрғаныңыз дұрыс, мұндай жағдай менде де кездесті»-деп өз ойын еркін жеткізе бастағанда риза болғаннан еріксіз басымызды шайқадық.

Оқушыны өз ойын жеткізе білуге, белсенділігін арттыра білуге бірден-бір себепші болған ынтымақтаса жұмыс жасаудың нәтижесі деген ой түйдік. Оқушы қауымын бәрінен биік санайтын ұстазға деген құрметіміз еселене берді.

Тәжірибесі тереңге тамыр жайған бала жанының бағбандарына арнап тағы да коучингтер ұйымдастырдық. Мақсатымыз: теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс –тәсілдер арқылы дамыту, әрекеттерді айқындау және шешу жолдарына дағдылану, алдында тұрған проблеманы айқындап, оны шешу жолдарын қарастыруға көмектесу еді. Коучинг барысында пікір алмасу, ой бөлісулер болды.

«Мен өзімнің сабақтарымда балалар үшін тиімді, баланың ашылуы үшін көмек бере алатындай әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушының мінез-құлқын, деңгейін ескеріп отырамын», «Сабақтың мақсатына қарай жаңа әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану қажет» деген ұстаздар берген кері байланыстардан пән мұғалімдерінің өз сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ мақсатына қарай оқушының қажеттілігі үшін пайдаланады деген ой түйдік.


Тағы да коучинг ұйымдастырдық. Мақсатымыз: мұғалімдерімізді кәсіби жетілдіру, қолдау көрсету, жетелеу, баптау еді. Өйткені бізге мұғалім өзгермей еш нәрсе де өзгермейді деген ой маза бермеді.

Өткізген келесі коучингтің тақырыбы: «Сабақтағы кері байланыс» болды. Жалпы сабақтарда кері байланыс жақсы, дәл, нақты берілетін болса, алар шыңымыздың баға жетпес болатынын ұғындырдық. Яғни, ол шарадан бұл шара дәмдірек, құндырақ,бағалырақ болады деген ой тастадық әріптестерімізге. Коучинг мұғалімдерімізге ой салды. Кейбір ұстаздар өз сабақтарында кері байланыстың орташа деңгейде жүретіндігін жеткізді. Мұғалімдеріміздің айтылған ойларынан оларға тағы бір көмектің түрі керек екенін түсіндік. Бұдан не түйдік: келесі оқу тоқсанында біз үшін құнды дүние болып табылатын «кері байланыс» жұмысын жандандырамыз деп шештік. Мұғалімнің оқу іс-әрекеті кезіндегі оқушымен ара - қатынасына, оқушының қажеттілігін ескеруде шеберлігіне шүбә келтірмейміз, бірақ сабақта болсын, кез-келген өтілген шарада болсын кері байланыс жүйелі, тиімді берілетін болса, жұмысымыз одан әрі игі жемісін беріп отырады деп ойлаймыз.

Кезекті отырысымыздың бірінде жалпы « Мектебіміздегі ахуал қалай болып жатыр?», « Не байқалып жатыр?», «Кім нені сезініп жатыр?» деген сұрақтармен ой тасталды. Еңбек өтілдері 3-5 жыл мұғалімдер мектебімізде кәсіби тәжірибе алмасу ортасының қалыптасқанын, оқушыларда белсенді іс-әрекеттердің байқала бастағанын айтты. Оған қоса мектебімізде «Ашық есік» күнін өткізуге ой тастады. Ондағы мақсат: өздерінің белсенді іс-әрекеттерімен сабақ көрсеткілері келетінін, нысанаға алынған сынып оқушыларының өздерінің сабақтарындағы қабілеттерін көрсеткілері келетінін, өз сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдердің қолданылатынын айтып ұсыныс жасады.

Ұстаздар ұсынысын құп алып, мектебімізде «Ашық есік» күнін өткізуге шешім қабылдадық.

Не үйрендік?

Басымдықтар негізінде мектеп мақсатын айқындауды, шешу жолдарын табуды үйрендік.
Не өзгерді?

Мұғалімімнің жаңаша оқытуға деген көзқарасы өзгерді, кәсіби дамыды.

Оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, еркіндік, көшбасшылық қасиеттері қалыптасты.

Ұжымның ынтымақтастық мәдениеті артты.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі шыңдалды.
Алда әлі не атқарамыз?

Мұғалімнің өз білімін шыңдап, кәсіби дамуына ықпал жасауды тоқтатпаймыз.

Оқушы белсенділігін одан әрі арттырамыз.