Файл: Т110120130 бу турбинасыны техникалы сипаттамалары Турбинаны номиналды уаты 110 мвт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 229

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Т-110/120-130 бу турбинасының техникалық сипаттамаларыТурбинаның номиналды қуаты 110 МВт.Жылулық бу алымдарының номиналды жүктемесі 733 ГДж/сағ.Жылулық бу алымдарының максималды жүктемесі 770 ГДж/сағ.Турбина кірісіндегі бу сипаттамаларықысым Ро = 12,75 МПа;температура tо = 555 оС.4 К е с т е – Турбинаның регенеративті бу алымдарының сипаттамалары



Қыздырғыш

Қысым, МПа

Температура, оС

1

2

3
4

5

6

7

ПВД-7

ПВД-6

ПВД-5

Газсыздандырғыш

ПНД-4

ПНД-3

ПНД-2

ПНД-1

3,32

2,28

1,22

0,6

0,5

0,3

0,1

0,038

379

337

266

266

190

145

-

-
Турбинаның төмен қысымды цилиндрындағы (ЦНД) ішкі келтірілген ПӘК ηцндоі = 0,70.Турбинаның шықтағышындағы қысым мөлшері Рк = 5,0 кПа.2.4.3 Жылулық сүлбенің сыртқы элементтерінің есебі1) Тұзсыздалған судың бір блокқа қажетті мөлшері, [1]Dблхов = 0,02·Dка + 25 = 0,02·500 + 25 = 35 т/сағмұнда бу қазанның өнімділігі Dка = 500 т/сағ.2) Жылулық жүйеге қажетті химиялық тазартылған су шығысыDтсхов = 0,0075·Vтс + 1,2·Dгв = 0,0075·10725 + 1,2·174 = 290 т/сағмұнда жылулық желінің көлемі Vтс = q·Qот = 65·165 = 10725 м3,жылуландыруға арналған бу алымдарының жүктемесі Qот = 690 ГДж/сағ = 165 Гкал/сағ;жылулық желінің меншікті көлемі q = 65 м3/Гкал/сағ.Ыстық сумен қамтамасыздандыруға ыстық су шығысыDгвс = Qгв·103/(tгв – tхв)·C = 40·103/(60 – 5)·4,19 = 174 т/сағ3) ХСТ-ға алғашқы су шығысыDв = 1,25· Dтсхов + 1,4·Dблхов = 1,25·290 + 1,4·35 = 411 т/сағ.4) ХСТ-ға алғашқы суды қыздыруға жылу мөлшеріQв = Dв·С·(tвых – tвх) = 411·4,19·(30 – 5) = 41 ГДж/сағ5) Турбина шықтағышындағы жылу мөлшеріДиафрагма толық жабық кезінде [4] бойыншаQквент = 184 – 175 = 9 Гкал/сағ = 9·4,19 = 38 ГДж/сағЖелдету бу ағынымен жылудан бөлек қосымша жылу мөлшеріQ′к = Qв – Qквент = 41 – 38 = 3 ГДж/сағЖылумен және ыстық сумен қамтамасыздандыруға жылуландыру бу алымынан берілетін жылу мөлшеріQ′от = Qот – Q′к = 733 – 3 = 730 ГДж/сағЖелі су шығысыDсв = Q′от·103/С·(tпм – tом) + Dтсхов = = 730·103/4,19·(150 – 70) + 290 = 2468 т/сағ
6) Үрлеу судың кеңейткішінің (РНП) есебіБу қазан дағырасындағы (барабандағы) қысым Рб = 15,5 МПа.Үрлеу судың мөлшері Dпр = р·Dка = 0,01·500 = 5 т/сағ;мұнда р = 0,01 – үрлеудің бөлігі;Dка = 500 т/сағ – бу қазанның өнімділігі.РНП қосылу сүлбесі 4 - суретте келтірілген.РНП-1 бөлініп шыққан бу мөлшеріDс1 = Кс1·Dпр = 0,44·5 = 2,2 т/сағ;мұнда бөлініп шығу еселеушісіКс1 = (hпр·ηс1 – h'пр1)/( hс1 – h'пр1) = (1630·0,98 – 670,5)/(2757 – 670,5) = 0,44;мұнда үрлеу судың энтальпиясы hпр дағырадағы қысым Рб = 15,5 МПа мөлшерімен су мен бу кестелері арқылы табылады, hпр = 1630 кДж/кг.РНП-1 қысымы Рс1 = 0,6 МПа кезінде, қаныққан құрғақ будың энтальпиясы hс1 = 2757 кДж/кг;h'пр1 = 670,5 кДж/кг – үрлеу судың энтальпиясы;РНП-1 ПӘК мөлшері ηс1 = 0,98.РНП-1 ден РНП-2 берілетін су мөлшеріD'пр = Dпр – Dс1 = 5 – 2,2 = 2,8 т/сағ;РНП-2 ден бөлініп шыққан бу мөлшеріDс2 = Кс1·D'пр = 0,616·2,8 = 2,2 т/сағ;мұнда бөлініп шығу еселеушісіКс2 = (h'пр1·ηс1 – h'пр2)/(hс2 – h'пр2) =(670,5·0,98 – 483,2)/(2699 – 483,2)= 0,616;РНП-2 дегі қысым бойынша су мен будың энтальпияларыРс2 = 0,17 МПа, hс2 = 2699 кДж/кг; h'пр2 = 483,2 кДж/кг; h'пр1 = 670,5 кДж/кг.РНП-2 ден шығатын су мөлшеріD"пр = D'пр – Dс2 = 2,8 – 0,22 = 2,58 т/сағ.2.4.4 Турбинадағы кеңею құбылысты hs-диаграммада салуТурбина кірісіндегі бу сипаттамалары (Ро = 12,75 МПа, tо = 555 оС) ескеріліп оның энтальпиясы hо = 3488 кДж/кг табылады.Турбинаның регенеративті бу алымдарының сипаттамалары арқылыР1 = 3,32 МПа, t1 = 379 оС; Р2 = 2,28 МПа, t2 = 337 оС; Р3 = 1,22 МПа, t3 = 266 оС; Рд = 0,6 МПа, tд = 200 оС; Р4 = 0,52 МПа, t4 = 160 оС; Р5 = 0,32 МПа, t5 = 130 оС;hs-диаграммада кеңею құбылыста нүктелер табылып, энтальпиялары 5 - кестеге толтырылады.5 нүктеден адиабата Ка нүктеге (қысымы Рк = 5 кПа) түсіріледі де энтальпия мөлшері hка = 2140 кДж/кг табылады.13 Сурет – hs-диаграммада турбинадағы кеңею құбылысы Төмен қысымды цилиндрдың ПӘК-ін ηцндоі = 0,70 ескеріп, шықтағышқа берілген бу энтальпиясының мөлшері табыладыhк = h5 – (h5 – hка)·ηцндоі = 2730 – (2730 – 2140)·0,7 = 2320 кДж/кг.5 және К нүктелерін қосатын сызықта қиылысатын қысымдар Р

6 = 0,10 МПа мен Р7 = 0,038 МПа арқылы 6 және 7 нүктелерде энтальпия мөлшерлері табылады h6 = 2600 кДж/кг және h7 = 2520 кДж/кг.2.4.5 Су мен шықтың сипаттамаларын анықтауБу алымдардағы қысым мөлшерлері арқылы қанығу температуралар tн мен шық (дренаж) энтальпиялары hдр табылады.Қыздырғыштардан шыққан су температуралары tві судың қызбау мөлшері Δtн арқылы табылады. Судың қызбау мөлшері ПВД да Δtн = 1-3 оС, ПНД да Δtн = 4-5 оС, сонымен tві = tні – Δtн , оС.Судың (шықтың) энтальпиясы қысым мен температураға байланысты табылады, ал қоректендіру судың қысымы Рпв = 18,5 МПа тең, ал нагізгі шықтың қысымы Ркн = 2,5 МПа тең. Табылған мәліметтер 5 кестеге жазылады.Турбинаның бу алымдарының жылулық құламасыНі = hі – hк , кДж/кгТурбина бу алымдарының электр энергияны өндірмеу коэффициенттері табылады. Электр энергияны өндірмеу коэффициенттер мөлшеріуі = (hі – hк)/(hо – hк);мұнда hі – бу алымындағы энтальпия, hк – турбина кірісіндегі бу энтальпиясы, hк – турбинада жұмыс атқарып шыққан будың энтальпиясы.Т-110/120-130 бу турбинаның жылулық сүлбесі 14 - суретте келтірілген.14 Сурет – Т-110/120-130 бу турбинаның жылулық сүлбесі 2.4.6 Жылулық сүлбенің есебіТурбинаға берілетін болжамалы будың шығысыDo = β∙[N/((hо – hк)∙ηм∙ηг) + у6∙Dспв + у7∙Dспн] == 1,2∙[110∙103/((3488 – 2400)∙0,98∙0,98) +0,211∙28,3 + 0,143∙40] = 140 кг/смұнда β – регенерация коэффициенті, регенеративті бу алымдарына бу шығысының мөлшерін ескереді, турбина түріне байланысты β мөлшері 1,05-1,2 аралығында алынады;N = 110∙103 кВт - турбинаның номиналды қуаты;hо = 3488 кДж/кг - турбина кірісіндегі бу энтальпиясы; hк = 2400 кДж/кг - жұмыс атқарған будың энтальпиясы.Жылуландыруға бу шығысы:Жоғарғы желі су қыздырғышқа (СПВ):Dспв =[Gсв∙(tспв – tспн)∙Ср/(h6 - h'6)∙ηп] == [608∙(118 – 94)∙4,19/(2630 – 429)∙0,98] = 28,3 кг/с;мұнда желі су шығысыGсв = Qт в(tпм – tом) = 204∙103/4,19∙(150 – 70) = 608 кг/с = 2189 т/сағ;tспв = 118 оС – СПВ-дан шыққан ыстық судың температурасы арқылы қысым мөлшері табылады Рспв = 0,185 МПа, (негізінде Рспв

= 0,18÷0,25 МПа, Рсрн = 0,215 МПа, tсрн = 123 оС, судың қызбау мөлшері 5 оС ескерілсе, tспв = 123 – 5 = 118 оС);
Төменгі желі су қыздырғышқа (СПН):
Рспн = 0,1 МПа (негізінде Рспн = 0,08÷0,12 МПа, Рсрн = 0,1 МПа, tсрн = 99 оС, судың қызбау мөлшері 5 оС, tспн = 99 – 5 = 94 оС).
СПН-ға бу шығысы
Dспн = [Gсв∙(tспн – tвп)∙Ср – Dспв∙(h'6 - h'7)∙ηп]/(h7 - h'7)∙ηп =

= [608∙(94 – 57)∙4,19 – 28,3∙(429 – 265)∙0,98]/(2556 – 265)∙0,98 = 40 кг/с;
Қазанның бу өнімділігі
Dка = (1 + α)∙Dо = (1 + 0,05)∙140 = 147 кг/с;
мұнда α = 0,05 - бу шығынының бөлігі 0,02 мен өзіндік мұқтаждарға 0,03 бу бөлігі.
Қоректендіру су шығысы
Dпв = (1 + αпр)∙Dка = (1 + 0,01)∙147 = 149 кг/с;
мұнда үрлеу судың бөлігінің мөлшері αпр = 0,010.


Жылулық сүлбенің есебі регенеративті су қыздырғыштарының ПВД, газсыздандырғыш және ПНД жылулық баланстары арқылы өткізіледі.

ПВД тобының сүлбесі 15 - суретте келтірілген.

15 Сурет – ПВД тобының сүлбесі
ПВД-1 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D1·(h1 – hдр1)·ηп = Dпв·(hв1 – hв2);
ПВД-1 қыздырғышқа бу шығысы:
D1 = Dпв·(hв1 – hв2)/(h1 – hдр1)·ηп =
= 149·(1016 – 925)/(3180 – 1039)·0,98 = 6,46 кг/с;
ПВД-2 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D2·(h2 – hдр2)·ηп + D1·(hдр1 – hдр2)·ηп = Dпв·(hв2 – hв3);
ПВД-2 қыздырғышқа бу шығысы:
D2 = [Dпв·(hв2 – hв3) – D1·(hдр1 – hдр2)·ηп]/(h2 – hдр2)·ηп =
= [149·(925–760)–6,46·(1039–940)·0,98]/(3100–940)·0,98 = 11,3 кг/с;
ПВД-3 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D3·(h3 – hдр3)·ηп + (D1+ D2)·(hдр2 – hдр3)·ηп = Dпв·(hв3 – hпн);
ПВД-3 қыздырғышқа бу шығысы:
D3 = [Dпв·(hв3 – hпн) – (D1 + D2)·(hдр2 – hдр3)·ηп]/(h3 – hдр3)·ηп =
=[149·(760–693)–(6,46+11,3)·(940–770)·0,98]/(2972–770)·0,98= 3,25 кг/с;
ПВД тобынан газсыздандырғышқа берілетін шық мөлшері
Dпвд = D1 + D2 + D3 = 6,46 + 11,3 + 3,25 = 21,01 кг/с;

Газсыздандырғыштың есебі
Газсыздандырғыштың сүлбесі 16 - суретте келтірген. Газсыздандырғышқа бу 3 бу алымынан беріледі және ПВД тобының шығы мен ПНД-4 қыздырғыштан соңғы шық жіберіледі.


16 Сурет – Газсыздандырғыштың сүлбесіГазсыздандырғыштың материалды баланс теңдеуіDпв – Dд – Dс1 – Dпвд = Dкд ,Газсыздандырғыштың материалды баланс теңдеуінен берілетін ПНД-4 қыздырғыштан соңғы негізгі шық мөлшеріDкд = Dпв – Dд – Dс1 – Dпвд == 149 – Dд – 2,2 – 6,46 – 11,36 – 3,25 = (125,8 – Dд);Газсыздандырғыштың жылулық баланс теңдеуіDпв·hвдд = Dд·hд + Dкд·hв4 + Dс1·hс1 + Dпвд·hдр3 ;Теңдеулердің есебі өткізіледіDпв·hвдд = Dд·hд + (108,52 – Dд)·hв4 + Dс1·hс1 + Dпвд·hдр3 ;149·693/0,99 = Dд·2972 + (125,8 – Dд)·634 + 2,2·2757+ 21,01·770;Газсыздандырғышқа бу шығысы Dд = 0,98 кг/с ;Газсыздандырғышқа шық шығысы Dкд = 125,8 – Dд = 125,8 – 0,98 = 124,82 кг/с;ПНД тобының жылулық есебіПНД тобының жылулық сүлбесі 17 - суретте келтірген. Сүлбе бойынша шық жолында ағын қосылуының екі нүктесі бар, сондықтан әр қосылу нүктелерден соңғы шық ағынның энтальпиясын табу қажет.17 Сурет – ПНД тобының жылулық сүлбесіПНД-4 қыздырғышының есебіПНД-4 пен ПНД-5 аралығында жоғарға желі қыздырғыштың шығы еңгізіледі, шық мөлшері Dтво = 18,68 кг/с, энтальпиясы hдр5 = 527 кДж/кг, сондықтан ПНД-4 қыздырғыш кірісіндегі (1 қосылу нүктедегі) энтальпия мөлшерін анықтау қажет.1 нүктенің материалды баланс теңдеуіненDк2 = Dкд – Dтво = 124,82 – 18,68 = 106,14 кг/с,1 нүктенің жылулық баланс теңдеуіDкд·hсм1 = Dк2·hв5 + Dтво·hдр5 ;124,82·hсм1 = 106,14·504+ 18,68·527 ;hсм1 = 507,4 кДж/кг .ПНД-4 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуіD4·(h4 – hдр4)·ηп = Dкд·(hв4 – hсм1);ПНД-4 қыздырғышқа бу шығысы:D4 = Dкд·(hв4 – hсм1)/[(h4 – hдр4)·ηп] = = 124,82·(634 – 507,4)/[(2832 – 654)·0,99] = 7,3 кг/с,ПНД-5 қыздырғыштың есебі2 нүктедегі энтальпия мөлшеріDк2·hсм2 = Dк1·hв5 + (Dтно + D4 + D5 + D6)·hдр6 ;Dк = Dк2 – (Dтно + D4 + D5 + D6) = = 106,14 – 47,3 – D5 – D6 = (58,84 – D5 – D6) кг/с.106,14·hсм2 = (58,84 – D5 – D6)·504 + (40 + D5 + D6)·429hсм2 = (441 + 8,8·D5 + 8,8·D6) кДж/кг.ПНД-5 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуі