ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім: Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар!
Бұл мерекенің негізгі мақсаты- бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздердің алдарыңызда 4 «а» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірт және бастауыш сынып түлектері.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерімді құрметтеп, ортаға шақырайық.
(оқушылар вальс биімен шығады)
Алинұр: Қайырлы күн!
Ажар : Эфирде жаңалықтар!
1. видео жаңалықтыр
Алинұр: Студияда Қанағат Ажар
Ажар: және Балғынбек Алинұр
Алинұр: Бүгінгі күннің басты жаңалығы 4-сыныптағы бастауыш мектеппен қоштасу кеші болмақ. Мереке болып жатқан орыннан репортаж. №6 жалпы білім беретін мектебіне барған біздің корреспондентіміз Қалкещ Фатима баяндайды. Фатима сөз кезегі өзіңізде...
Фатима: Рахмет Алинұр..
Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Біз №6 жалпы білім беретін мектебінде, жиын залында , кеш өтіп жатқан орындамыз. Бұл жерге бастауыш сынып түлектері мен ата-аналар, ұстаздар, көптеген қонақтар жиналған. Кештің басты кейіпкерлері бастауыш сынып түлектерінен интервью алудың сәті түсті. Өтінемін эфирден алыстамаңыздар .
2.видео сыр сұхбат
1. Диас сізге сұрақ - Дәл қазір қандай сезімдесіз?
2. Бексұлтан сізге сұрақ- Бастауыш сынып сені неге үйретті?
3. Нурали сізге сұрақ- Ең алғаш бастауыш табалдырығын аттағаныңыз есіңізде ме?
4. Осман сіз 1-сыныпқа келгенде қандай болдың?, қазір қандайсыз?
5. Нұрәлі сізге сұрақ- 4 жылда қызықты сәттерің көп болды ма?
6. Нурсагын сізге сұрақ жалпы сіз не айтар едіңіз?
7. Амир сізге сұрақ- бастауыш сынып сізге несімен қымбат?
Фатима : Бүгінгі кештің кейіпкерлері өте әдемі. Тіпті, бастауыш мектепті емес, орта мектепті бітіріп жатқандай әсер аласың. Барлығы да өте көңілді. Бұл кеш ән, би -жырмен жалғасын таппақ! Түлектерге сәттілік тілеймін! Менде әзірше осы.
Алинұр сөз кезегі өзіңізде
Алинұр : Рахмет, Фатима . Біз одан әрі жалғастырамыз. Сонымен, бүгінгі басты жаңалық 4-сыныптың бастауыш мектеппен қоштасу кеші. Бұл балдырғандар 1-сынып табалдырығын 201 9жылы аттаған еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр.
Ажар: Бар жоға 6 ай уақыт ішінде әріп танып, әліппемен қоштасты. Оқуды, жазуды үйренді. Сурет салу, тігін тігу, спорт мен музыкаға төселді. Ағылшын тілі мен орыс тілін де меңгерді. Бұл жолда мұғалімдер сынып жетекшісі Бақытгүл Қажайқызы, Назгуль , Ақдидиар , Асем , Ақерке мұғалімдердің еңбектері зор.
Алинұр : 4 жыл бойы еңбектенді. Ал 4 жыл деген бұл 2904 сабақ, 168 сынып сағаты, 2433 шулы да қызықты үзілістер, тау-тау оқылған кітаптар мен жазылған дәптерлер, көптеген конкурстар мен жарыстар, мерекелік шаралар, реніштер мен достасулар.
Ажар: Иә, оңай болмаса керек.
Алинұр: Дегенмен, ешкім де артта қалмай, бастауышты түгел аяқтап шыты емес пе?
Ажар: Иә,иә! Онымен қоса сыныптың жетістіктері де аз емес . Ал,қазір назарларыңызға жарнама ұсынамыз .
Нурсағын: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық!
Фатима ӘН
Диас:Балалық шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Мадина:Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Нуралы; Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Хормен; Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Алинұр : Міне ұстаздар мен мектеп туралы өлең шумақтарын оқып, ән салдық. Бізде әзірше осы. Әдеттегідей, жаңалықтар соңында ауа райын Бейсенова Мадина таныстырады.
Хор Ұстазым
Мадина: Кеш жарық! Эфирде ауа-райы!
Экранда ауа райының заставкасы шығады. Видео ауа райы
Бүгінгі кешкі ауа райы мерекелік көңіл күйдің әсерінен жылы болмақ. Дегенмен, бастауыш сыныппен мәңгі қоштасқалы отырғандықтанда болар, аздап күн бұлттанып, жаңбыр сіркіреуі ғажап емес. Синоптиктердің болжауынша, жазда күн күлімдеп, демалыс күндеріне қолайлы болады. Балалар мен қыздар өсіп, есейеді. Ал, күзде 5-сыныпта төгетін маңдай терден аздап дымқыл тартады. Дегенмен тер бұл-көз жасы емес. Көз жасымен ауа райын бұзбас үшін синоптиктер жаз бойы көп оқып,дайындалып, көбейту кестесін қайталап отыруды ұсынады.
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жадымызда үні бар.
Сіздермен бірге болған Бейсенова Мадина. Ал,қазір назарларыңызға жарнама ұсынамыз яғни пән мұғалімдеріне жолданады. Келесі кездескенше !
Видео Жарнама
Фатима: Әкемдей мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Мұратбек Балтаұлы амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Ақ ниетті кең пейілді
Біздің бастық осындай.
Хормен: «Қамқор және қайратты »
Аяулым: Қамқор болып жүреді
Қасымызда қашанда
Ақ ниетті кең пейіл,
Күлпаш апай осындай.
Хормен: «Ең сүйкімді де сүйікті»
Балжан: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошынай
Көп шәкірттің досындай Хормен: Махаббат апай осындай
Нурсағын; Үлгілі, әркез ұстамды,
Сабырлы,ізгі ұстазды.
Әкедей көріп сыйлаймыз,
Қоштасар кезде қимаймыз Манай мұғалімге мың алғыс
Амир: Кітапты көп оқыған,
Дүниедегі бай адам
Сол байлықтың иесі
Кітапханашы Жанна апай Сізге алғыс білдіреміз
Дария; Мейірімді дәрігері мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Күлшат апай, бас иеміз сізге де,
Салауатты өмір салтын жыр еткен. Сізге алғыс білдіреміз
Ерасыл: Аспазшы үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген.
Гүлсім апай осындай,
Өнерді түйген түйіннен. Сізге алғыс білдіреміз
Балжан; Қадірлейміз әрқашан Зауреш апай,
Сыйлайды өзіңізді барша бала.
Сыныптың тазалығын сақтайды
Құрметпен бас иеміз өзіңізге Сізге алғыс білдіреміз
Алина ;Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Назгуль мұғалімге , ризамыз
Бізге ұнады әрқашан ән сабағы. Сізге мың алғыс
Күй Алина
Диас, Ерасыл орысша
Жания:
Звучит звонок веселый,
Уходим в 5 класс.
Спасибо вам, начальные,
Мы не забудем вас!
В 5 класс, в 5 класс,
Приглашает школа нас.
Обещаем мы всех вас не подвести,
И достойно себя в будущем вести!!!
Бексұлтан:Артық емес білгеніміз
Орыс тілін сауатты
Біз қызыға үйренеміз
Әрбір жаңа сабақты
Сүйікті ұстаз Асем мұғалім Сізге мың алғыс
Дария, Алина, Мадина ағылшын
Нурали: Ақдидар мұғалімге біз сендік,
Шетел тілін үйрендік
Ағылшынша жазып та ,
Біз сөйлеуді үйрендік. Сізге мың алғыс
Нұрәлі:Білімнің байыбына барып терең,
Ақерке мұғалімге беріп еді,
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем. Сізге мың алғыс
Би РОМАШКА
Экранда «Денсаулық» заставкасы. Жүргізушы шығады.
Нұрәлі : Қайырлы күн, сіздермен бірге «Денсаулық»бағдарламасы және оның жүргізушісі мен,Мұрат Нұрәлі . Бүгінгі бағдарламада бастауыш сынып түлектерінің денсаулығы жөнінде сыр шертпекпіз. Осы орайда студиямызға мектебіміздің медбикесі Күлшат апайымызды шақырған болатынбыз. Қош келдіңіз, .
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме!
Денсаулығы жақсы жандардың оқуға да, еңбекке де қабілеті жоғары болатыны белгілі. Сондай жандар қатарына биылғы бастауыш сынып түлектерін жатқызуға болады. Оқуға да, еңбекке де белсене араласқан бұл түлектердің бойлары да өсіп, үлкейді. 2018 жылдың қыркүйек айы мен осы жылдың мамыр айындағы бойлары айрмашылығы байқалады. Әрине балалар 4 жыл бойы тек сабақ оқып қойған жоқ, спортпен айналысты, еңбекке араласты және де жазғы демалыс лагерінде болды.
Осы жылы да балаларды жазғы демалыс лагері күтіп тұр. Жақсы рахмет
Ендігі кезекті жарнамаға береміз
Диас: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Осман: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Ақ құс әні Хор
Зелнұр: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Әке туралы ән ;Осман ,Ерасыл, Нурсағын
Жания:Сүйікті біздің ұстазымыз...
Айтамыз біз рахмет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Абырой, атақ, бәр жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.
Би Молдава
Ажар; Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп,
Сыныпқа біз енгенбіз.
Сыныптық алғаш мұғалімі
Өзіңізді көргенбіз.
Жақсы оқып, тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.
ДУӘТ Зелнұр , мұғаліммен
ЛЕНТА
Фатима:Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей білім ордамыздың басшысы Сулейменов Мұратбек Балтаұлына сөз кезегі беріледі.
МАРАППАТАУ
1.Ер жігіті қазақтың,
Еркесі Ерасыл бір үйдің.
Адалдықты жаны сүйетін қашаннан,
Ерасыл да бар қатарынан қалмаған.
2.Ажарым адал жүрек ақ көңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бенен біз.
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.
3.Әрқашан да таудай биік талабы,
Орыс тілі оның таңдауы емес
Сыныптағы Нурали ерекше ұл ,
Футбол десе – қабілеті жоғары.
4.Диастың ұзындау бойы бар,
Теңіздей терең ойы бар.
Ертеңгі күні еліне,
Ғалым боп мүмкін танылар.
5.Зелұрдай әншіміз бар мақтанамыз,
Әніне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындырар,
Зелнұрға ақ тілекті жаудырамыз.
6. Бір мінезің бар сенің аңқылдаған,
Қыздардың ішінде жарқылдаған.
Қанат қағып барады Фатима қыз,
Мақсатыңа жете біл армандаған.
7.Үлкені боп келеді жанұяда,
Сөз айтайын ендеше Амирға.
Жігіттің төресін айтпай болмас,
Жақсының жақсысын жарияла.
8. Осман спортты сүйеді,
Намысты бермей күйеді.
Бірақ оның қай жерде жүретінін,
Тек бір өзі ғана біледі.
9. Айтар сөзім, тілегім бар,
Көп жинап, білім деген тірегіңді ал.
Аяулым сен көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
10. Тәртіпті де, тіл алғыш,
Балжан біздің ақылды.
Сабақтан себепсіз қалмайды,
Салт – дәстүрді сақтайды.
11. Үндемей бәрін тындырған,
Сыныптың салмақты ұлысың.
Жымиып күлкісін- ай
Бексұлтанның тұйық мінезін- ай.
12. Тек алға - өмірдегі ұраны,
Ақ жарқын боп, күлімсіреп тұрады.
Жанияның мамандығы қалауы,
Әлі талай заңғар шыңға шығады
13. Нұрсағын өзі қандай сымбатты,
Ұлы ғой әжесінің қымбатты.
Жақсы оқып, қуантасың әліде
Өмірің болсын ұзақ, айбатты.