Файл: Трбиелеубілім беру процесіні циклограммасы 02. 0505. 05. 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

02.05-05.05.2023

Ортаңғы «Балбала» тобы

Тәрбиеші: Абилова К.К

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Күн тәртібі




02.05.2023

03.05.2023

04.05.2023

05.05.2023

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру




Исламның анасымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы әңгімелесу.

Аминаның балабақшадағы дербес әрекеті жайында ата-анасымен сөйлесу.

Мединаның анасымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы әңгімелесу.

Аруай анасымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)




"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолетпен сумен бүрку.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезе төсеніштерін дымқыл шүберекпен сүрту.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Күтушіге төсектерді салуға көмектесу.




Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Сөйлемді аяқта" сөздік ойыны.

Дидактикалық міндеті: балаларды құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге үйрету; сөзді дұрыс таңдауға жаттықтыру. Ойын әрекеттері: көрсеткішті бұру. Ойынның барысы: педагог сөйлемді бастайды. Мысалы, "Менің жылы тонды киген себебім,…" - балаларға оны аяқтауды ұсынады. Балалар: "… жылы болу үшін … тоңбау үшін" және т.б. жауап береді. Кімге көрсеткіш бұрылса, сол жауап береді. Педагог алдын-ала сөйлемдерді әзірлеп қоюы керек. Мысалы: "Біздің шамды жаққан себебім,…", "Қолшатыр алған, себебіміз…" және т.б.. Келесі жолы аяқталмаған сөйлемдерді балалардың өздеріне құрастыруды ұсынуға болады.

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Дауылпаз дабылдап ..." жаттығуы.

- Балалар, сазгерлер ғана емес, жауынгерлер де дауылпазды көп қолданады. Мысалы, жауынгерлер адымдап марш басып жүреді.

- Балалар, дабылды дауылпаз деп те атай береді.
- Дауылпаз дабылдап,

- Ба - ба - бам - бам, - дейді. (айтқызу)
- Дауылпаз дабылдап,

- Бу - бу - бум - бум, - дейді. (айтқызу)
Дабыл-дап, дабыл-дап,

- Бу - бу - бум - бум, - дейді. (айтқызу)
Жаттығуы бірнеше рет қайталанады.

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Барабан дабылы. Дауыссыз [п],[б] дыбыстары".

Мақсат-міндеттер. Балаларды [п] және [б] дыбыстарын жеке, буын және сөз құрамында айту тәртібімен таныстыру, барабан музыкалық аспабының қасиеті туралы мағлұматтарды беру.

Құрастырудан ойын-жаттығу

"Шерудегі көліктер".

Мақсат-міндеттер. Балаларды құрылыс материалдарынан әскери көліктер түрлерін жасауға үйрету; кірпішті немесе білеуді жатқызып, үстіңгі бір жағына текшені, призманы қырына белгілі жерлерге салып, бірін біріне тиістіру амалдарын игерту; құрылыс үлгісіне сай орындау қабілетін арттыру.

Таңертеңгі жаттығу




Таңғы жаттығу

кешені №2

Таңғы жаттығу

кешені №3

Таңғы жаттығу

кешені №4

Таңғы жаттығу

кешені №5

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Көркем сөз

Қасықтарымыз біздің,

Таңқалдырар барлығын!

Қасықтарым сиқырлы,

Тауысады тағамды.

Міне тағам, міне ас,

Қасық түк те қалдырмас!

Салт-дәстүр. Наурыз көже

Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнентұратын

қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық




Сөйлеуді дамыту Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

"Күлімдейміз күндей."

Күлімдейміз күндей (қолдарын жоғары көтеріп, күннің бейнесін жасайды),

Жабырқауды білмей (қолдарын жандарына жібереді).

Күннен шуақ аламыз (қолдарын жоғары көтереді),

Біз бақытты баламыз (қолдарын жандарына жібереді).


Сөйлеуді дамыту «Түрлі - түсті гүлдер»

Ойынның мақсат-міндеттер: дұрыс таңдау жасай білуді, құрдастарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: күлтелері алынатын жасанды гүл, қызыл және сары текшелер.

Тәрбиеші ойынның әртүрлі нұсқаларын қолданады.

Ойынның бірінші нұсқасы:

Балалардың әрқайсысы гүлдің күлтесін жұлып алып, іштерінен тілек тілейді.

Егер баланың тілегі өзінің жеке басына байланысты болса, балаға сары текше беріледі, егер тілегі әлеуметтік маңызға ие болса – онда қызыл текше беріледі. Ойынның соңында барлық текшелерді жинап алып, топтағы адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейін анықтауға болады (бірақ оны балалармен талқылауға болмайды) және балаларға қандай тілектің ұнағанын, оның не себепті ұнағанын талқылауға болады.

Ойынның екінші нұсқасы: Гүлдің бір күлтесін екі баланың алуына болады, олар ойланып және бірге келісе отырып, екеуіне ортақ тілек тілейді.

Ойынды жүргізе отырып, педагог балалардың жолдастарына, қарт адамдарға, әлсіздерге қамқорлық жасағысы келетін тілектерін қолдайды. Педагог егер балалар шынымен қаласа, олардың барлық тілектері орындалатынын айтады.

Сөйлеуді дамыту «Әдепті сөздер шеңбері»

Ойынның мақсаты: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету, зейінділікке, мейірімділікке баулу.

Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне ойыншықты бере отырып, әдепті сөздер айтады.


Сөйлеуді дамыту Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Келетін жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылақ.

Білім беру ұйымының кестесі

бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет




Қазақ тілі

«Жердің көркі - гүл». Гүлдер әлемінде.

Мақсат-міндеттер. Қазақ тілінде гүлдер туралы айтылған сөздерді тыңдауды және түсінуді, табиғаттың сұлулығы туралы ұғымды білдіретін сөздерді жаттауды, жауаптарында жаңа сөздерді қолдана білуді үйрету. Жұмбақты құрастыруда сын есім, салыстыру сөздерін қолдануға дағдыландыру. Көктем гүлдерінің аттарын естеріне сақтап бекіту. Суреттерде және жиі қайталанатын сөздерге сүйене отырып, сабақ тақырыбы бойынша қазақ тіліндегі ақпаратты қабылдай алу қабілеттерін дамыту; сөйлеу, ойлау, еске сақтауды, жағымды көңіл күй таныта білу қабілеттерін дамыту. Халық ауыз әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа табиғатқа қамқорлық сезімдеріне баулу.

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша




Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Серуен




Картотека №1

Картотека №2

Картотека №3

Картотека №4

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (өзін-өзі басқару дағдылары)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Көркем сөз

Қасықтарымыз біздің,

Таңқалдырар барлығын!

Қасықтарым сиқырлы,

Тауысады тағамды.

Міне тағам, міне ас,

Қасық түк те қалдырмас!

Салт-дәстүр. Наурыз көже

Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнентұратын

қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Күндізгі ұйқы

«Шалқан» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату. (көркем әдебиет)

Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру;

Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

Массажды алашалардан өту.

(дене шынықтыру, мәдени-гигиеналық дағдылар)

Бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)




Сурет салудан ойын-жаттығу

"Әскери көлік"

Мақсат-міндеттер. Балаларды көлденең сопақшаның үстіңгі жағына тиістіріп, ортасы жоғары көтерілген доғалы сызықты, дөңгелектің жартысын, салуда жаттықтыру, сопақшаның үстінен, тиістіріп, көлемі бірдей бірнеше дөңгелектерді салып, әскери көлік нысанын салуға үйрету.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Күн шуағы".

Мақсат-міндеттер. Балалардың табиғат құбылыстарын байқау арқылы көзбен қабылдау мен фонематикалық есту қабілетін, есте сақтау қабілеті мен зейінін және ойлауын дамыту.

Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Жауынгерлер сапқа тұрды".

Мақсат-міндеттер. Балалардың біртекті заттарды өзара топтастыру және біреуін бөліп көрсету, бөлмедегі заттарды бір-бірінен ажырату және санын анықтау дағдыларын қалыптастыру; зейінді, ақыл-ойды, есте сақтау, кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту.


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Әскер".

Мақсат-міндеттер. Балаларды Қазақстанның Қарулы Күштері жайлы мәліметтермен таныстыра отырып, Қазақстан әскері туралы түсініктерін кеңейту; табиғаттың әсемдігін сезіне білу қабілетін қалыптастыру; балаларға өз Отанының қауіпсіздігі мен болашағы үшін қорған болу әрбір азаматтың саналы түрдегі жауапкершілігі екендігін ұғындыру; Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні туралы түсініктерін қалыптастыру; бейбітшілік қорғаны мазмұнының мәнін түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс




Сөйлеуді дамыту

"Әдептілік" тақпағын айтқызу.

Мақсат-міндеттер. Бала тілін дамыту.

"Әдептілік" (Өмірбай Өмірзақов).

Рұқсатсыз бақшаға,

Бақыт тіпті бармайды.

Көрнеу қойған ақшаға,

Суық қолын салмайды.

Айтқан ақыл өзінің

Есінен бір кетпейді.

Жолда үлкен кісінің

Алдын орап өтпейді.

Көркем әдебиет

"Биші" тақпағын айтқызу.

Мақсат-міндеттер. Бала тілін дамыту.

"Биші" (Тоқбай Исабеков).

Биле, Алмашжан, билеші,

Әжең көріп, жасарсын.

Билей берсең күнде осы,

Шара апаңнан асарсың.

Қоршаған ортамен танысу

"Судың қасиеттерін ата" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: судың қасиеттері жайлы білімдерін толықтыру.

- Балалар, қазір біз "Судың қасиеттерін ата" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай: мен "Су" дегенде судың қасиеттерінің біреуін орындарыңнан тұрып айтасыңдар. Екі топқа бөлініп, жауап беруге дайындалыңдар. Қай топ жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топтың балалары жеңіске жетеді. Педагог ойынды өзі басқарып отырады. Жақсы орындаған топтың балаларына сарқырама бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

Сөйлеуді дамыту

"Наурыз" тақпағын жаттау

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Б. Жақыпов

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттері:

- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;

- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;

- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;

- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;

- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу. (дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді үйрету. Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық.

Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).

Өнер бұрышында жаңа жыл тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.

Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеушілік іс-әрекет)

Мақсат-міндеттер. Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).

Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)




Ата-аналарға тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру.

Балалардың балабақшадағы тәртібі жайлы әңгімелесу.

7 мамырға ән жаттату.

Баланың демалысын дұрыс ұйымдастыру жайында әңгімелесу.



Тәрбиеші:___________________ Әдіскер:____________________