Файл: 65 жалпы білім беретін орта мектебінде трбие ндылытары мейірімділікке баытталан ісшараны есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№65 жалпы білім беретін орта мектебінде тәрбие құндылықтары мейірімділікке бағытталған іс-шараның есебі
2-мамыр күнінен бастап мектебімізде 5 «Б» сыныбында тәрбие құндылықтары мейірімділікке бағытталған іс-шара жоспары құрылды.
Мақсаты: Бала бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату,жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Алғашқы күннен бастап комиссия құрамы сайланып,сол құрамдағы мұғалімдер жоспар бойынша жұмыстар атқарды.
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Атқаратын қызметі |
1 | Исабекова А.Ш | Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
2 | Қабақбаев Б.А | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
3 | Еспамбетова А.Б | Директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары |
4 | Сүтенов Ж.Ж. | Директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары |
5 | Берікқызы А. | «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі |
6 | Күсебай Қ. | Психолог |
7 | Умар А. | Әлеумет педагог |
8 | Кәдір Ж. | Тәлімгер |
9 | Кабылгалимов А. | Сынып жетекші,дене шынықтыру пәні мұғалімі |
| Пән мұғалімдері | |
10 | Жайтуғанова Н.Ш | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
11 | Жарылғас А.А | Орыс тілі пәні мұғалімі |
12 | Шамуратова Н.А | Ағылшын тілі пәні мұғалімі |
13 | Тлеубергенова Б.Н | Математика пәні мұғалімі |
14 | Нағыметова Н.А. | Информатика пәні мұғалімі |
15 | Амидуллаева А.К. | Жаратылыстану пәні мұғалімі |
16 | Бижанова М.С | Музыка пәні мұғалімі |
17 | Бағытбай Ә. | Тарих пәні мұғалімі |
18 | Амитова Р.А | Көркем еңбек пәні мұғалімі |
Жоспар бойынша екінші мамыр күні 5 «Б»сыныбының ата-аналарын жинап ,жоба туралы түсінік берілді.Ата-аналар тарапынан қарсылық болмады.Керісінше, қуаны келісті.
Үшінші мамыр күні 2 сабақтан кейінгі 15 минуттық қоңырауда 5 «Б»сыныбына Класс жетекшісі Кабылгалимов А,Қыздар жетекшісі Берікқызы А және мектеп психологы Күсебай Қ бірлесе "Дос достыққа" сергіту ойынын ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Оқушыларға амандасудың вербальді емес түрін үйрету.
Ең алдымен оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру бізге қиындық тудырды. Қоңырау кезінде оқушыларды бір ауыздан жинай алмадық.Себебі сырттан бақылағанды жөн көрген оқушылар да болды.Бірақ,бос тұрғызбай «айналайын», «ақылдым сол»келе ғой деп шақырып,қостық.Балаларға бұл сөзді есту ыңғайсызданды ма, жүзінде ұялу, ыңғайсыздану кейпі байқалып,қосылды. Сергіту барысында амандасудың түр-түрін қолданған сәтте байқағаным,класта бөлектену бар.Ұлдар ұлдармен,қыздар қыздармен ғана амандасты.Бұл жағдайды жою мақсатында араға мұғалімдер өзіміз кірісіп балаша амандасып, құшақтастық. Сонда да балалар бір-біріне жақындай қоймады.
Осыдан кейін «Кім жылдам»ойынын ойнаттық. Мақсаты:оқушылардың қол моторикасын дамыту. Оқушыларды шапшаңды, икемділікке, бірлікке үйрету. Топтық жұмыс жасау икемдігін дамыту.
Бұл жерде класты екі топқа бөліп, қыстырғыш арқылы топтық жұмысын атқардық.Бұл ойын оқушыларға ұнады,десек те,балалар әлі шашыраңқы. Бір-бірін тыңдағысы келмейді.Екінші топта бір адам жетіспеген соң,қыздар жетекшісі Берікқызы А. сол топқа қатысты.Нәтижесінде 1:1 деген ұпаймен екі топ бірдей болдық.
3-ші сабақтан кейінгі 15 минуттық қоңырауда мектеп психологы Қ.Күсебаймен бірге
«Тыныс алу жаттығулары» ойынын ойнаттық.
Мақсаты: оқушыларға дұрыс демалу ережелерін игерту, топтық жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа шақыру.
Енді біз ойлана келе класты араластырып топқа бөлуді шештік.Сосын, «Класта ұлдардан ең мықты үш ұл керек» деп едік,манадан айырылмай тұрған үш ұлымыз «мен-мендесіп» бөліне қалды. «Онда сіздер үш топ басшысыздар» дедік.Олар мәз.Осылайша қалған оқушыларды 3 топқа бөліп бердік.Бұл жерде оушыларға түтік таратылды ,3 топқа 3 түрлі түстер (қызғылт, қызғылт сары,көк) таңдатылды.5 минуттың ішінде өз таңдаған түстерін түтікпен алып,әр топ өз топтарына жинау керек.Бұл жолы оқушылар белсене ат салысты.Ұл-қыз демей өз топтары үшін жанталасты.Ойын әдемі өтті.Нәтижесінде достық жеңді.Балалар керемет еңбеуктенді.
Бағытталған жоспар бойынша төртінші мамыр күні 2 сабақтан кейінгі 15 минуттық қоңырауда 5 «Б»сыныбына "Лабиринт" жаттығуын өткіздік.
Мақсаты: оқушылар арасында бір-біріне сенімділікті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, топ арасында жағымды қарым-қатынасты нығайту.
Ойында оқушылар 2 топқа бөлінді қыздар тобының жетекшісі – «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Берікқызы Айман және ұлдар тобының жетекшісі- класс жетекші Кабылгалимов Агоран болды. Ойын матаға салынған лабиринт жолдары арқылы орындалды. Ойында оқушылар матаны керіп қолдарымен ұстап тұрды. Мектеп психологы Күсебай Қызғалдақ белгі бергеннен кейін матаның үстіндегі дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып, барлық жолдардан өткізіп шығарды. Ойын ұйымдастырушысы ойын барысында сөйлеуге болмайтынын айтып өтті. Және де сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдар шығып кеткен жағдайда жаттығудың қайта басталатынын атап өтті. Жаттығу орындау барысында қатысушылар ережені барынша сақтауға тырысты. Ойынға оқушылар қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Жаттығу жүргізу барысында қыздар командасы 1-2 қателіктер жіберді, бірақ, жеңіске жету үшін оқушылар бірлескен түрде жұмыс жасады. Топтық ойын барысында ауызбіршілікпен белсенділік танытып ойынды бірінші болып ұлдар командасы аяқтады. Оқушылар жеңіске жеткеніне қатты қуанды. Қыздар арасында ұлдарға аздаған наразылық болды, олар да қателіктер жіберді дегендей оқушыларға түсіндірілді. Қыздарымыз түсінгендей болды. Топтық жарысынан кейін қыздар мен ұлдар бірлесіп лабиринтті жолдардан дөңгелекшені бірлесіп жүргізді. Бұл тапсырманы орындау барысында кей оқушылар қосылғысы келмеді, барынша ортаға қосуға шақырдық. Оқушылар топқа қосылды. Тек бір оқушы мүлдем қосылмады. Ол оқушы 15 минуттық қоңырауда асханаға барғысы келген ниетін білдірді. Жалпы қыздар мен ұлдардың бірлескен ойын барысында оқушылар лабиринтті жолдан дөңгелекшелерді толық өткізіп жүргізе алмады. Ойын барысында оқушыларға марапат, қолдау сөздер айтылды. Ой, жарайсың, молодец, сендер мықтысыңдар, сенің қолыңнан барлығы келеді,сынып ұлдары өте епті екен деген сияқты сөздермен қолпаштадық. Ойын соңында оқушылардан ойын сендерге ұнады ма?-деген сұрақ қойылды. Оқушылар ойын ұнағанын эмоцияларымен көрсетті.
Балалар бірінші күндегідей емес, жинақталып, ашылып келе жатқандай. Жалпы ұжымды біріктіру, топтастыру мақсатында әлі де жұмыстар атқарылуы қажет екендігі түсінікті.
Бесінші мамыр күні №65 жалпы білім беретін орта мектебінде 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Мектеп оқушылары арасында «Жеңістің 78 жылдығына орай ұйымдастырылған саптық жүріске 5 «б» сыныбы қатысты. Саптық жүріс барысында ерекше көзге түскеніп, белсінділік танытқаны үшін 5 «б» сынып оқушылары мектеп директоры М.С.Жантуринаның атынан Грамотамен марапатталды.
Оныншы мамыр күні 2 сабақтан кейінгі 15 минуттық қоңырауда 5 «Б»сыныбына "Көңілді шарлар" жаттығуын өткіздік.
Мақсаты: оқушылар арасында топтық жағымды қарым-қатынас орнату, оқушыларды жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын жүргізу барысында біріншіден оқушылармен «ОК» ойыны жүргізілді. Мектеп психологы Күсебай Қ.Р. оқушыларды шеңбер құруға шақырды. Оқушылар шеңбер құру барысында қыздар-қыздармен, ұлдар-ұлдармен бірлесіп шеңбер құрды. Оқушыларға қыздар мен ұлдар араласып тұрамыз деген соң, оқушылар араласа бастады. Ойын барысында оқушылар «Мен-ОК» деп өздерін көрсетуге, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға тырыстық. Сонымен бірге «Сен-ОК» деп достарын көрсету арқылы, достарының өз-өздеріне сенімділіктерін арттырып, достық қарым-қатынасын жақсартық. «Біз-ОК» деп топтық жағымды ахуал туғыздық. Оқушылар ойын барысында бастапқыда ойынға бірден араласып кете алмады. Класс жетекшісі Кабылгалимов А.Б. арқылы ойынды түсіндіру барысында оқушылар ойынға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, оқушылармен орыс тілі пәні мұғалімі Жарылғас А.А. және мектеп психологы Күсебай Қ.Р. бірлесіп «Көңілді шарлар» жаттығуы өткіздік. Жаттығу оқушылармен жұптық ойын түрінді өткізілді. Ойынға 1 жұпқа бір шардан үлестіріп оқушылар жұппен шармен бірге ойнайды. Ойынның басты ережесі- ойын барысында шарды жерге түсіріп алмауы қажет екені түсіндірілді. Ойынға оқушылар белсенді қатысты. Шарды жерге түсіріп алған балалар ойыннан шығарылып отырылды. Ойыннан шығарылған оқушылар ешбір реніш көрсетпеді. Ойын барысында оқушыларды ынталандыру ретінде «Сен -жарайсың», «Сенің қолыңнан келеді», «Сен-мықтысың» деп қолдау білдірілді. Ойын соңында оқушыларға ойын ұнағанын өз эмоцияларымен көрсетті.
Жоспар бойынша 5 «Б» класына «Директормен пицца» күнін белгіледік. Аптасына 1 рет өткізіледі. Пиццаны класс жетекшімен бірге пән мұғалімдері және әкімшілік құрамы дайындап, оқушылармен бірге пицца жеді. Бұл үрдістің бірінші күні балалар жатырқап, ұялып, сөйлеуге жасқаншақтанып отырды. Содан соң директордың сөздеріне, кейін пән мұғалімдерімен жылы араласып, ашық ойларын айтып отырды. «Директормен пицца» әдісі бұл класс үшін қолайлы болды. Пицца беру үстінде спорттық байқаудан республикалық дәрежеде орын алған Садулов Абдубақытты мектеп директоры Жантурина М.С. жылы лебіздерімен құттықтап, өз ықыласын білдіріп, өз атынан қалам сыйлыққа ұсынды.
Екінші рет пиццаны ұйымдастырғанда оқушылар ашық, жарқын, өздерін еркін ұстады.
Он бірінші мамыр күні 5 «б» класымен мектебіміздің әлеуметтік педагогы Умар А.Р. оқушылармен «Мен және мен жанұям» атты сауалнама алды. Сауалнама жалпы 20 сұрақтан тұрады. Оқушылар қойылған сауалға белсенді жауап берді. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының қаншалықты деңгейде екені анықталды. Жалпы оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасы жағымды жағдайға құрылған. Отбасы мүшелерімен сыйластығы басым. Отбасымен қарым-қатынасында отбасы арасындағы бір-біріне деген жанашырлықты, қомқорлықты, сыйластықта екендігі анықталды.