Файл: 65 жалпы білім беретін орта мектебінде трбие ндылытары мейірімділікке баытталан ісшараны есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
жаратылыстану пәні мұғалімі Амидуллаева А.К. Әр сабағында ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, оқушылармен жағымды қарым-қатынас құрып, сынып белсенділігін, бірлігін арттырумақсатында жұмыстар атқарды. Жағымды психологиялық орта орнату үшін әр-түрлі әдіс-тәсілдер қолданнылды.“Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз” әдісі арқылы оқушыларға 10-15 секунд аралығында өзіне, содан кейін жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, тілектерін жұптасына айтты.“Сымсыз телефон ” әдісі. Ойынды бірінші мен оқушының құлағына сыбырлап бір сөз айтып, ол сөзді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға айтты. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралды. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала қосымша тапсырма беріліп отырды. Бұл әдіс арқылы сыныптағы оқушылардың көңіл-күйін көтеріп,ой-танымын жақсартуға көп көмек береді.Атқарылған жұмыстарға сипаттама келесідей:- “Қазақстанның экологиялық мәселелері” тақырыбы аясында сабақ барысында оқушылармен ашық микрофон айдарында оқушылармен тақырыпты әңгіме-сұхбат форматында жүргізу арқылы, оқушылар үшін еркін , ашық қарым-қатынас жасалды. Өз ойын өте еркін жеткізген оқушылар: Нұр Ибраһим, Қасқырбаев Мұхаммедәлі . Оларға “сенің сөз саптауың ерекше екен, жарайсың!”, “мені таң қалдырдың!” деген мадақтамалар айтылды.- “Табиғатты қалай қорғаймыз ?”тақырыбы аясында оқушылармен қазіргі экологиялық, жаһандық проблемаларды талдау арқылы, бойындағы патриоттық, жанашырлық, мейірімділік қасиеттерін ояту процесстері жүргізілді. Отан, табиғат ана, туған өлке жайлы мақал-мәтелдер ұсынылды. Өз өлкесіндегі табиғатты қалай қорғауға болатыны жайлы оқушылар өз жауаптарын эссе арқылы ұсынды. Тақырып алдыңғы сабақпен тікелей байланысты болғандықтан өз ойларын шынайы өмірдегі оқиғалармен байланыстырып, тақырыпты кең көлемде аша түсті. Сабақ барысында ерекше көзге түскен оқушылар : Садулов Абдубақыт, Машырық Ахмет, Дүйсенбай Аруна, Муртазина Мариям, Нұр Ибраһим . Оларға: “бүгін сен ерекшесің !” “сен мені таңғалдыруасың !” , “сенің қолыңнан бәрі келеді!”, “осы бетіңнен тайма!” деген мадақтамалар айтылды. - “Қазақстанның қызыл кітабы” тақырыбында оқушыларға жұптық тапсырмалар берілді, оқушыларға жұппен жұмыс жасаған тиімдірек, микротопта жұмыс жасау кедергі келтіреді. Жұптық тапсырманың барысы қызыл кітапқа енген 2 өсімдік, 2 жануарды жазып ,сипаттау. Жақсы нәтиже көрсеткен жұптар: Қайсар-Айгерім, Мариям-Абдубақыт, Мұхаммедәлі-Аруна, Ибраһим-Балдырған. Оларға:
“Жарайсыңдар! , Қолдарыңнан келді! , Келесіде оданда жақсы нәтиже күтемін ,осы бетіңнен тайма !” деген мадақтама сөздер айтылды. Нәтижесі: оқушылар бір-біріне мадақтама сөздерін ұсына алады, ұл балалар қыз балалар бөлініс азайған,жұптық жұмыстарды қызығушылықпен, ізденіспен жасауға икемделді, жұптық жұмыста өз жұбын құрметтеуге, сыйлауға , жақсы,мақтау сөздерін айтуға бейімделді.Орыс тілі мен әдебиеті пәні сабағында Жарылғас А.А ұлттық құндылықтарды арттыру мақсатында қолданылған әдіс-тәсілдері:"Жылы сөз- жақсы тілек" Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың т.с.с Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне айтып, жақсы тілектер жолдайды.“Жақсы көңіл-күй” әдісі. Көңіл-күйі жақсы оқушылар шапалақ ұрады.Бұл әдіс арқылы сыныптағы оқушылардың көңіл-күйін анықтауға көп көмек береді.«Кездескенше» Рефлексиялық сәт. Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады.Мұғалімнің қолында кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Оқушылар оны бір-біріне күн сәулесін бере отырып, «Күндей жарқыра,жүзіңнен күлкі кетпесін,күн көзіндей ашық бол »деген сияқты тілектерін қоса отырып,сабақ туралы өз ойларын айтады.“Легенда о вольном граде” (3 сағат) тақырыбы бойынша “” 1 ші мәтіннің 1-ші бөлімін оқу. Тақырып мазмұнына сай мақал- мәтел айту.“Добро побеждает зло”“Сұрақ-жауап” әдісі бойынша “жақсылық”, “көреалмаушылық” сөздеріне анықтама беру.Қазақстан тарихы пәні сабағында Бағытбай Ә.Оқушылардың пәнге ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып , оқушылармен жағымды қарым-қатынас құрып, сынып белсенділігін, бірлігін арттыру. “Жағымды тілектер ” әдісі арқылы оқушыларға 10-15 секунд аралығында өзіне ,содан кейін жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, өзіне тілегенді жұптасына айтты.“«Айна» ” әдісі.Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрды (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасты.
Оқушылардың көңіл-күйі көтерілді.
Атқарылған жұмыстарға сипаттама келесідей:
- “Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты” тақырыбы аясында сабақ барысында оқушылармен ашық микрофон айдарында оқушылармен тақырыпты әңгіме-сұхбат форматында жүргізу арқылы, оқушылар үшін еркін , ашық қарым-қатынас жасалды. Өз ойын өте еркін жеткізген оқушылар: Нұр Ибраһим, Қасқырбаев Мұхаммедәлі . Оларға “сенің сөз саптауың ерекше екен, жарайсың!” , “мені таңқалдырдың!” деген мадақтамалар айттым.
- “Нәсілдерді қалай ажыратамыз ?”тақырыбы аясында оқушыларға нәсілдік суреттер ұсынылды және картамен жұмыс арқылы Нәсілдердің қайда орналасқаның білді және Қазақстанда қандай нәсілдер болғанның қалай өзгеріске түскенің түсінді. Тақырып алдыңғы сабақпен тікелей байланысты болғандықтан өз ойларын шынайы өмірдегі оқиғалармен байланыстырып, тақырыпты кең көлемде аша түсті. Сабақ барысында ерекше көзге түскен оқушылар : Садулов Абдубақыт, Машырық Ахмет, Дүйсенбай Аруна, Муртазина Мариям, Нұр Ибраһим . Оларға: “бүгін сен ерекшесің !” “сен мені таңғалдыруасың !” , “сенің қолыңнан бәрі келеді!”, “осы бетіңнен тайма!” деген мадақтамалар айтылды.
- “Ежелгі Қазақстанға саяхат” тақырыбында оқушыларға жұптық тапсырмалар берілді, оқушыларға жұппен жұмыс жасаған тиімдірек, Ежелгі адамадардың табиғатқа тәуелділіктен босап, дамуының бағыттары, айттылды ,Егіншіліктің пайда болу жолын білді, Мал шаруашылығының қалыптасу жолын білді. Жақсы нәтиже көрсеткен жұптар: Қайсар-Айгерім, Мариям-Абдубақыт, Мұхаммедәлі-Аруна, Ибраһим-Балдырған. Оларға: “Жарайсыңдар! , Қолдарыңнан келді! , Келесіде оданда жақсы нәтиже күтемін ,осы бетіңнен тайма !” деген мадақтама сөздер айтылды.
Нәтижесі: оқушылар бір-біріне мадақтама сөздерін ұсына алады, ұл балалар қыз балалар бөлініс азайған,жұптық жұмыстарды қызығушылықпен, ізденіспен жасауға икемделді, жұптық жұмыста өз жұбын құрметтеуге, сыйлауға , жақсы,мақтау сөздерін айтуға бейімделді.
Информатикадан Нағыметова Н.А .2-мамыр күні сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу. Мақсаты: ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау жүктеу. Сабақ барысында оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды түгендеп , психологиялық тренинг өткіздім. Оқушылармен жұпық , практикалық , жеке жұмыстар жүргіздім. Сонымен қатар, компьютермен практикалық тапсырмалар бердім. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары оянып атсалысып отырды.Осы сабақ барысында оқушыларға ұлттық құндылыққа байланысты «Кім шапшаң»
атты тапсырмалар бере отырып, «1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне» байланысты әр ұлт өкілдерінің суреттерін компьютермен салғызу бойынша, балалардың бірлік , ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Осы сабақ барысында жақсы деңгейде өздерін көрсете білген оқушылар Муртазина М, Төлеп А, Тынышева А, Қасқырбаев М, Сайлаубай Б «сендердің қолдарынан бәрі келеді» деген мадақтама сөздер айтылды.
Ағылшын пәні бойынша- Шамуратова Н.А «Біз біргеміз, ажырамас іргеміз» атты тақырыптың мақсатында , оқушыларды ұлттық құндылыққа, өзара қарым-қатынас жасауға және оқуға деген құштарлығын арттырып, ұйымшылдыққа баулу мақсатында жұмыстар атқарды.
Сабақтың барысы: Амандасып қал жағдай сұрасып үй тапсырмасын «Clean the blackboard»әдісі бойынша өткен тақырыптағы білімдерін тексеру. Мысалы: сабақтың басында тақтаға үй тапсырмасына байланысты сұрақтар ілінеді. Осы тақтадағы сұрақтарға жауап бере отырып, тазарту керек. Үй тапсырмасын кімнің дайындалғандығын және кімнің дайын емес екендігін сұраққа жауап беру арқылы анықтаймыз.
Жаңа тақырып бойынша жұмыс:
-
«Seasons and weather»тақырыбы барысында оқушылармен жаңа сөздермен таныстық. Сол сөздерді қайталау барысында айтылым мен тыңдалым үйрендік. Берілген тапсырмалар орындалды , түсінбеген жерлерін меннен және сыныптастарымен бірге орындап шықты. Жаңа тақырып барысында «Complete the picture» жаттығуының мақсаты – бүгінгі өткен тақырыптарына байланысты сөздік қорларын байыту, қызығушылықтарын арттыру. Үш қатарға үш мезгілдің суреттері беріледі, сол суреттерге керекті айларды жазатын болады. Мысалы берілетін сөздер : Winter, Summer, Spring.