Файл: 65 жалпы білім беретін орта мектебінде трбие ндылытары мейірімділікке баытталан ісшараны есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Нәтижесі:

Оқушылармен қаншалықты сыпайы, мейірімді , жылы сөздермен мақтау сөздер айтсан, олардың жүздеріне күлкі сыйлап , бір марқайып қалады екен! Өздеріне айтылған әрбір мақтау сөзге мәз болып жадыраған жүздері көрінді.

Сабақта жұппен бірге жұмыс жасауды , көмектесуді үйренді. Сабақ барысында жұптық жұмыста бір-бірін құрметтеуді, сыйлауды және өзара жақсы қарым-қатынас

жасауға бейімделді. Әлі де көбірек жақсы жұмыс жасасақ білімді ұрпақтардың көп болары анық!

№ 65 ЖББОМ-нің 5 «б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалім: Жайтуганова Нурлыгул Шаукымовна, еңбек өтілі – 31 жыл, 5-ші сыныптардағы сағат саны -5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша санаты-жоқ, педагог.

№ 65 ЖББОМ-нің 5 «Б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқушыны әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатын үнемі басшылыққа алып отырады.

Сынып оқушыларының тынымсыз қозғалғыш болуларына байланысты, олардың зейіндерін сабаққа аудару үшін балаларға жағымды ахуал туғызуды ширату жаттығуларынан бастайды. Оқушыларға «Мен саған, сен маған», «Амандасу әдебі», «Шаттық шеңбері», «Жақсы тілек айта аласыз ба?» сауалдарын тастау арқылы баланы ортаға тартады. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойынын балалар жақсы көреді, «Синквейн» әдісін ұнатады, сабақта бұл тапсырмаларды орындауда бір-бірімен жарысып отырады. Өз шығармашылықтарыңды көрсетіп, өлең оқуға, ән айтуға немесе өлең шығаруға бейімділіктеріңді көрсете алатындарың бар ма?-десе, сабақ айтуға ынтасы төмен деп бағалап жүрген оқушымның бейімін байқап, баланы ортаға тартады. Мұндай оқушылар қатарына Балықбай Анельді, Омар Рамазанды, Муртазина Мариямды жатқызған болар едім. Балықбай Анель мен Омар Рамазан - сыныпқа биыл келген балалар болса да, сыныппен етене араласып кетті. Сондай-ақ, үнемі өзіне назар аудартып отыратын оқушы Жақсылық Мейірбектің жазуы жақсы, мақтап қойсаң, тапсырманы тиянақты орындауға ұмтылады. Сабаққа белсенділігі орташа Нұр Ибрахим өз ойын ашық айтуға төселді.

Қазақ әдебиеті пәнінен «Отбасы құндылықтары» тарауын өткен кезде «Анасын сағынған бала», «Нағыз әже қайда?» әңгімелерін мазмұндау, оны өмірмен байланыстыру, кейіпкерлерді сомдау кезінде оқушылардың әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдірулері белсенді көрінеді.


5б сыныбына математика пәні бойынша Тлеубергенова Б.Н жүргізілген жұмыстары:

Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор тақырыбы .Жаңа тақырыпты өту үшін бұрыш тақырыбын қайталау және еске түсіру үшін “миға шабуыл” кезінде бұрыштың түрлеріне өмірден мысал келтірілуін сұрадым . Оқушылар сыныптың ішінен терезенің жақтауын, партаның қырларын ,тақтаның қырларын мысалға келтірді. Үйлердің төбелерін жапқан кезде қарапайым .мысал ретінде. алатын болсақ қаңыртырлаған кезде қандай бұрыштарды пайдаланады және неліктен деген жетелеуші сұрақтар қою арқылы жауаптарын алдым. Оқушылар ойларын еркін айта білді. Әр үйдің сырт келбетін салыстыра отырып , үйлердің төбесінің әдемі жабылуын аңғара бастады. Әр үйдің төбесінің жазыңқы, доғал , сүйір бұрыштардың пайдалану жолдарын білді.

Шеңбер. Дөңгелек сектор. Тақырыбын пысықтау кезінде өмірден мысалдар келтірді .Шеңбер мен дөңгелектің бір-бірінен айырмашылықтары сұралды . Оған мысал ретінде алма, мандарин обруч ,сақина, глобус,қарбызды келтірді. Жеке тапсырмалар берілді. Оқушылар бұл сабақта шеңбердің элементтерін , дөңгелек сектор ұғымын меңгере отырып , сызбасын салу жолдарын білді. Сабаққа жақсы қатысып ,сызбаны ұқыпты таза сызғандарға сабақтың соңында мандаринмен марапаттады.

Диограмма тақырыбы. Диограмма тік , бағанды ,дөңгелек болатындығын айта отырып, оқушылардың өдеріне сынып оқушыларының бойларының ұзындықтарын бағанды диограмма түрінде салуларын сұрадым. Кейбір оқушылар берілген тапсырмаларды орындап тексертті. Бұнда оқушылар бір- бірінің бойларының ұзындықтарын салыстыра отырып диограмманы сызып шықты. Жер бетінде елдердің процентпен орналасуларының дөңгелек диограммасы жеке тапсырма түрінде берілді. Диограмма арқылы халықтың орналасуын анықтау. Дұрыс орындаған оқушыларды “жарайсың”, “керемет” ,”сенің қолыңнан келеді”,”сен үшін мақтанамын” деген мадақтау сөздерін қолдану арқылы мақтады.

Тік бұрышты параллелопипед (текше) және оның жазбасы тақырыбын өткен кезде оқушылар сызу ,қию және желімдеу жұмыстарын жасады .Берілген өлшемдері бойынша фигуралардың сызбаларын салып, қайшымен қия отырып параллелопипед пен текшенің макетін құрастырды.. Оқушыларды тиянақтылыққа , ұқыптылыққа, сауатты жазуға, сызбаны дәл тура салуға үйрету. Онда тапсырманы жақсы орындап құрастырып шыққан оқушылардың бағалап ,жұмыстарын жинап алынды.

Кеңістік фигураларының жазбалары тақырыбы. Тақырыпты өткен кезде оқушылар жеке жұмыстар жасау арқылы фигураларды қию және құрастыру арқылы жұмыс жасады. Олар қиылған фигуралар арқылы өздеріне ұнаған суреттерді құрастырды Мысалы: қоянның ,адамның ,динозаврдың суреттерін құрастырды. Тапсырмаларды уақытында орындаған оқушылар “керемет”, “тамаша”, “сенің қолыңнан келеді”, “жарайсың” “сенімен мақтанамын”, “сенің қолыңнан келетіндігін білгенмін” деген мадақтау сөздерін қолдану арқылы мадақтады.



Сабақта ұлттық құндылықтарға байланысты ағаш үйдің шаңырағы қандай фигураға жататындығын ,уықтарды қадаған кезде қандай бұрыш жасай орналастыратындығын, керегелері қандай фигура жасай орналасатындығын айта отырып видиодан көрсетті.
Осы екі апта ішінде оқушылардың оң жаққа өзгеруі бір-біріне деген жылы қарым-қатынасы арқылы көрінсе, мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы оның индивидтік тұлғасының дамуын, өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамытулары сыныптағы өзіндік тәртіпті, әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу мен қабылдай алулары оларды шыдамдылыққа тәрбиеледі деп ойлаймыз. Олай болса, сынып оқушыларымен оқу-тәрбие саласын ұштастыра отырып жүргізілген жұмыстардың нәтиже беретінін көруімізге болады.