Файл: латан кіріп, бойды алар, сем н мен ттті кй.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 573

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй...Көңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең, менше сүй!...АбайӘн – поэзиялық мәтін мен жеңіл, тез жатталатын әуенді біріктіретін вокалды музыканың ең қарапайым және кең таралған түрі. Ән жанр, орындау үлгісі және т.б. белгілері бойынша ерекшеленеді.Ән мен музыка арқылы эмоциялық күйді балаға да түсінікті болатындай етіп жеткізуге болады. Осы қалыпта берілген ақпараті бала санасында қалыптасып, оның дамуына жағымды ықпал етеді.Әнмен бірге қуануға, жабырқауға болады, жаңа түсініктер білуге, ойлануға, өмірге қуануға, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылық тудыруға болады.Ән оқушылардың эстетикалық тәрбие алуына, ұжымның ынтымақтастығына, әр баланың шығармашылық қабілеттерінің толық ашылуына ықпал етеді. Ән арқылы сабақ барысында қолайлы психологиялық ахуал орнатылып, сезімдік тонус пен пәнге деген қызығушылық жоғарылайды. Көптеген оқу курстарында оқытуды әсерлі ету мақсатында ән материалы қолданылады.Балаларға арналған әндердің тәрбиелік мәні жоғары, олар мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйретеді, балаларды жақсылық пен жамандық сияқты түсініктермен таныстырып, оларды ажырата алуға септігін тигізеді.Балаларға арналған әндер бала тұлғасының қалыптасуында негіз болып табылатын рухани құндылықтарды қарапайым, түсінікті тілмен жеткізудің тәсілі болып табылады. Балаларға арналған әндер арқылы бала өте күрделі заттарды қуаныш, жабырқау, сүйіспеншілік, қамқорлық, адалдық т.с.с сияқты сезімдер арқылы түсінеді.Өзін-өзі тану пәнінің «Ән шырқайық!» атты әдістемелік тәсілдерінде ән орындалады.БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚСөзі Ж.ТұрбековтікіӘні Ә.ЕспаевтікіЖарастықпен жайнатып өмір көркін,Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,Келешекте ұлы істі меңгеретін.Отанымыз әлпештеп анадайын,Құшақтайды аялап сағат сайын.Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,Не керектің біз үшін бәрі дайын.Білім шыңын өрлейміз, басып алға,Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,Бостандық туы желбіреп қолымызда.БАЛДЫРҒАН ӘНІСөзі Н.ЖанаевтікіӘні Б.ДәлденбаевтікіБіз балдырған баламыз,Шырқап әнге саламыз.Туған жердің төрінде,Алау болып жанамыз.Алау болып жанамыз,
Құлыншақ боп шабамыз.Балапандай талпынып,Көкке қанат қағамыз.Болсын кіші бойымыз,Биікке ұшу – ойымыз.Біз бақытты балдырған,Тойға ұласқан тойымыз.ОЙЫНШЫҚТАРСөзі Н.ӘлімқұловтікіӘні И.НүсіпбаевтікіБіздерде бар қуыршақ,Бұзау, қозы, құлыншақ.Ойыншықтар тыңдайды,Әмір беріп бұйырсақ.Қуыршақтар ұйықтайды,Айтқаныңнан шықпайды.Ал, қозы мен қуыршақ,Ұйықта десең ұқпайды.Тыңдамайды ұрысса,Осылары дұрыс па?!Тентектігін тыймаса,Тұрғызармын бұрышқа.ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫНСөзі Т. АйбергеновтікіӘні Қ. СәтиевтікіКеудесінде таулардың,Кемесінде арманның.Жалау етіп ерлікті,Ескек етіп ерлікті,Өсіп келе жатырмын.Адал терім әрдайымМоншақтатып маңдайым.Соқсын дауыл, соқпасын,Қиындықтың көк тасын,Өсіп келе жатырмын.Кейде күнмен теңесем,Таласып мен күнмен өсем.Гүл теремін жерімнен,Бірге туған елімменӨсіп келе жатырмын.БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІСөзі О.ӘубәкіровтікіӘні Ш.ҚалдаяқовтікіҚуанышқа бөленген әр күніміз,Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.Қайырмасы:Өмір тым жайдары,Қызықтың қайнары,Бақшамыз жайнады.Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.Әдептілік, батылдық – ұранымыз.Қайырмасы:ЖАС ДӘУІРДІҢ ТҮЛЕГІМІЗСөзі Е.ӨтетілеуовтікіӘні И.НүсіпбаевтікіБау, бақша, белдер,Орман, тау, көлдер –Көрікті шексіз даламыз.Дәулеті тасқан,Сәулеті асқан –Көңілді ауыл, қаламыз.Қайырмасы:Жадырап күндей,Жайнаған гүлдей –Бақытты біздер баламыз! (2 рет)Өзіміз туған,Көбелек қуған –Өлкеде өсіп, толамыз.Жалықпай оқып,Көңілге тоқып –Білімді адам боламыз.Қайырмасы.ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫСөзі Б.ТәжібаевтікіӘні И.НүсіпбаевтікіБіз – бейбіт ел ұланы,Өнер, білім ұраны.Алдымыздан жақсы арман,Күлім қағып тұрады.Қайырмасы:Б2 ретіз – батыр ел жастары,Бақыт алға бастады.Тербетіліп алтын дән,Теңіздейін толқыған.Даламызда тасқындап,Еңбек күйі шалқыған.Қайырмасы.Күш-қайратын қаулаған,Келешекке арнаған.Алтын айдын төрінеКөгілдір ту қадаған.Қайырмасы.КӨКЕШІМСөзі Ә.АсылбектікіӘні М. Омаровтікі

Көкесі: Айналайын, бөпешім,Ән салады көкешің.Есейгенде ер жетіп,Кім болады екенсің?Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,Тәнті балғын бөпешің.Әсерлі де әуендіӘнге құмар етесің.Бірге: Ән – көңілдің ажары,Ән – өмірдің базары.Әуелесін, қалқысын,Қазағымның жаз әні.Көкесі: Айналайын, бөпешім,Ән салады көкешің.Жалғастырсаң жолымды,Жарық күнім екенсің.Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,Тәнті балғын бөпешің.Әнші балапаныңды,Шын мақтаныш етесің.Бірге: Ән – көңілдің ажары,Ән – өмірдің базары.Әуелесін, қалқысын,Қазағымның жаз әні.Ән – көңілдің ажары,Ән – өмірдің базары.Әуелесін, қалқысын,Қазағымның жаз әні.КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМСөзі Қ.ЫдырысовтікіӘні Е.ХасанғалиевтікіАйым болып тудың ба?Күнім болып тудың ба?Ата жолын қудың ба?Әке жолын қудың ба?Бұл дүниеге келген соң,Сұрауы бар судың да.Айдарыңнан айналдым,Маңдайыңнан айналдым.Торсық шеке, тоқ шеке,Бақ болар деп ойладым.Ашық жанар – көңілің,Ақ болар деп ойладымҚуанышым – арай жүз,Сөйлесерміз талай бізБар ағайын жиналып,Мәз боп саған қараймыз.Сендей бала ешкімде,Болмаған деп санаймыз.Жалғыз дара – өзіңсің,Атасының көзісіңӘжесінің сөзісің,Мен барымды аяман.ӘНШІ БАЛАПАНСөзі Қ.ҚазыбекұлынікіӘні М.ОмаровтікіБілім, ғылым, өнерге,Қанат қағар кездерің.Ата салтын ертеңгеЖеткізетін өздерің,Жеткізетін өздерің!Қайырмасы:Әнші, биші, әнші балапан,Әнші, жыршы, күйші балапан.Әнші, биші, әнші балапан,Әнші, жыршы, күйші балапан.Әділқазы береді,Өздеріңе билікті.Өнерде кім жеңеді,Алады сол сыйлықты.Алады сол сыйлықты.Қайырмасы.БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІСөзі мен әні Х. КәкімжанованікіБіздің балғын балалар,Ән салады, қараңдар.Тәртіпті, үлгілі,Ұқыпты ол әр күні.Қайырмасы:Аһа-һа, Аһа-һа,Ән саламыз шырқата.Аһа-һа, Аһа-һа,Би билейміз шаттана.Қол қусырып көңілсіз,Әсте жалғыз тұрмаймыз.Бақытты, шаттықтыӘнге қосып жырлаймыз.Анам тамақ пісірсе,Біз де үлкен кісіше,Көмекке барамыз,Еңбек сүйгіш баламыз.Қайырмасы.Отан-біздің күніміз,Біз Отанның гүліміз.Бағында бақыттыңШырқа әнін шаттықтың.Қайырмасы.БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ЖЫРЫ
Сөзі Ә. АхметовтікіӘні Л. ХамидидікіҚарай-қарай келемін Алатауға,Асқар шыңы ұқсаған ақ отауға.Баурайында құлпырған жасыл шалғын,Жұпар шашқан гүлдері таң атарда.Қайырмасы:Көкте алтын күніміз,Шұғылалы нұры біз.Асқар шыңнан асады,Асқақтаған жырымыз.Таудан төмен қараймын таң атарда,Аясында күміс көл кең даланың.Сусылдаған самалдай қанаттарда,Кең даланың еркесі мен боламын!Аспан ашық, арайлы таң атарда,Көк жүзіне көз тіге мен қарадым.Әлемді адам өзіне қаратады,Көк жүзінің еркесі мен боламын!БАЛА ТІЛЕГІСөзі С.МолдасанұлынікіӘні Ф. ЖолдасованікіБал-балалық, балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет.)Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жердің түрлендірер нәріміз.Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет.)Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көркейсін,Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет.)БІЗ – ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗСөзі Ә. ДүйсенбиевтікіӘні Б.ҒизатовтікіЗеңгір көктенНұрын төккенОртақ біздің күніміз.Жайдары өскен,Жайнап өскенБіз – өмірдің гүліміз.Бал достыққа,ЖолдастыққаШақырады әніміз,Тыныштықта,Нұр құшақтаБақыттымыз бәрімізБІЗДІҢ ӘНСөзі С. ЖиенбаевтікіӘні Б. ҒизатовтікіҮйренсең нотаны,Ән де саласың,Барлығын оп-оңай жаттап аласың.Сен де қосыл жасқанба,Әнің жетсін аспанға.Шырқалсын әрқашан,Әсем ән ғана.Шырқасын бұл әндіКүнде бар бала.Сен де қосыл жасқанба,Әнің жетсін аспанға.Күлімдеп қарасынАспан алабы.Біз де әнге бөлейікТуған даланы.Сен де қосыл, жасқанба,Әнің жетсін аспанға.АЙГӨЛЕКСөзі Н. БаймұхамедовтікіӘні Б.БайқадамовтікіКөлдей шалқып жас өмір,Тасып жатқан шағында.Кемерінен шалықтап,Асып жатқан шағында.Ойын ойнап, ән салмай,Өсер бала болар ма?Күміс күлкі көрмей ол,Кемеліне толар ма?Қайырмасы:Айгөлек-ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек.Айдай толған ке зімде,Би билеймін дөңгелепАқыл сөздің ұстазы –Ақын болар ұрпақпыз.Өнер, білім, еңбеккеЖақын болар ұрпақпыз.Тұла бойы толған бірӨнер болар ұрпақпыз.Қайырмасы.
КҮНІМ БӨБЕГІМСөзі Ф.ОңғарсынованікіӘні Ж.ЕңсеповтікіКүнім де сен, бөбегім,Гүлім де сен бөбегім.Әлдилеген анаңаКүлімде сен, бөбегім!Қайырмасы:Айналайын, бөбегім,Айналайын, бөбегім.Анашыңның гүлі бопЖайна дәйім бөбегім.Бал түндерім, бөбегім,Даңқым – жерім, бөбегім!Арман тауым Асқарым –Халқым менің, бөбегім!Қайырмасы.Аңсағаным, бөбегім,Салсам – әнім, бөбегім,Сені аялап таңдарды.Қарсы аламын, бөбегімКӨҢІЛДІ БАЛАЛАРСөзі А.КөпжасарованікіӘні М.РахманқұловтікіЖазда шықты жайраңдап,Бұзау, бота тайраңдап.Қозы-лақты өріскеЖібереміз айдап-ақ.Қайырмасы:Содан кейін ойнаймыз,Қызыққа бір тоймаймыз.Ойын, ойын ойын ғой,Оқуды да ойлаймыз.Ақ шабақпен алысып,Суда жүздік жарысып.Аңдып басын қармақтың,Қол да қалды қарысып.Қайырмасы:Еркелеткен анамыз,Біз көңілді баламыз.Көкжиекке бататын,Күнді қуып барамыз.Ай туғанда көп бала,Шетіне ауыл топтана.Ән саламыз, билейміз,Қосыл сен де, тоқтама.Қайырмасы:Бала, бала, баламыз,Оттай лаулап жанамыз.Жаз клегенде осылай,Асыр салып қаламыз.«АЙГӨЛЕКТІ» БИЛЕЙІКСөзі Қ. СмағұлдікіӘні Н. ДүкенбайдікіЕркін елдің ұл-қызы,Жарқыраған жұлдызы.Би билейміз бәріміз,Айдай толқын нұр жүзі.Біз балдырған баламыз,Оқып білім аламыз.«Айгөлекті» билесек,Бақытты, шат боламыз.Жадырасын бойымыз,Өркендесін ойымыз.Би билейік келіңдер,Қызсын кештер, тойымыз.Біз балдырған баламыз,Оқып білім аламыз.«Айгөлекті» билесек,Бақытты, шат боламыз.Тыңдасын жұрт жан салып,Тыңдай қақсын тамсанып.Көтереміз көңілді,«Айгөлек» деп ән салып.Біз балдырған баламыз,Оқып білім аламыз.«Айгөлекті» билесек,Бақытты, шат боламыз.БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАРСөзі Қ.МүсіреповтікіӘні Ш.ҚалдаяқовтікіБ ұлбұлмын сайрайтын,Достарым жанымда,Оянып таңменен,Жүрегі мейірлі.Қазақтың даласынТербетем әнменен,Бақыттың бағындаЖүремін көңілді.Қайырмасы:Әдептен аспаған,Арманға бастағанЖан-жағым дос-құрбы,Жан-жағым жақсы адам.Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,Билеймін ырғатылып, саламын ән.Алдымда – ағайымАбырой асырған.Алдымда – апайымАқылды жасынан.Өнегем көп менің