ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 155
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Даңқың бар асқан,
Атыңнан айналдым!
Айбат берген Алатау,
Заңғар тасы бұлттарға
Өр тұлғасы жастарға
Қайрат берген Алатау!
Айбат берген Алатау,
Қайрат берген Алатау!
Шыңыңа көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес,
Басыңнан қар кетпес.
Қайырмасы.
Қыз бейнелі гүліңді
Жиып алсам, шіркін-ай!
Шежіредей сырыңды
Түйіп алсам, шіркін-ай!
Жиып алсам, шіркін-ай,
Түйіп алсам, шіркін-ай!
Шыңыңа көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес,
Басыңнан қар кетпес,
Өзіңе тау жетпес!
ӘНІМСІҢ, ӨЛКЕМ
Сөзі Қ.Қазыбековтікі
Әні С.Қайырғалиевтікі
Далам менің бөленіп жасыл нұрға,
Туған жерім, жатырсың тұнып сырға.
Аспаныңда шарықтап ән боп бүгін,
Жүрегімнен айналдың асыл жырға.
Қайырмасы:
Нұрлы өлкем бақытымсың,
Шаттығымсың бойымдағы.
Мәңгілік асылымсың қолымдағы,
Аңсаған арманымсың ойымдағы.
Айың туып оңыңнан, жұлдыз жанған,
Көрген жанның көркіңді көңлі толған.
Шайқалмауын тілеймін көлдеріңнің,
Асқарыңды, шыңыңды қыран қонған.
Қайырмасы.
БАРЫП ҚАЙТ, БАЛАМ, АУЫЛҒА
Сөзі А. Қадырбаеванікі
Әні Т. Бақтыгереевтікі
Барып қайт, балам!
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Өр болып келед біз жақтың азаматтары,
Намысты соның көкігерінде жанып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт.
Белесі, белі,
Жоқ, әлде мидай дала ма,
Қарама, жаным.
Қалдырмай бәрін арала.
Шомыла барсаң, байқарсың, күміс көліңе,
Іздерім жатқан секілді менің жағада.
Арала!
Арала бәрін – орман ба, тау ма, дала ма?!
Болад деп қандай,
Сұрайтын едің жайлауды.
Сыбағаң үшін
Бір қозы сонда байлаулы.
Аңқылдап келіп арғымақ тартар ағайын,
Алтынды-зерлі ер-тұрмандары сайлаулы.
Байлаулы!
Көзіңмен өзің қайтарсың көріп жайлауды.
Ауылың жайлы
Қиялың менен елесің,
Айналып шыңға,
Ғажайып күйге енесің.
Атаң мен марқұм әжеңнің сонда бейіті,
Соға кел, қалқам, елемей кетті-ау демесін.
Басына барсаң,
Түс ауып кетпей, ерте бар.
Қасыңа, жаным,
Жөн білер біреу ерте бар.
Атымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Шерте бар!
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Ертелі-кешті
Қуалай бермей, ойынды,
Бір ауық, қарғам,
Арманға жүздір ойыңды.
Көпшілік көзі сынағыш келер мұндайда,
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Бойыңды!
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Біз жақтың қызы ибалы келед, құлыным,
Жарқ етіп, жаным,
Жанарын шоқ боп қарып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт.
ЖАЗИРА ДАЛАМ
Сөзі С.Жиенбаевтікі
Әні Б.Құрманғалиевтікі
Туған далам, асыл анам – ардағым
Дән-дәрия, гүл-жазира жан-жағым
Қырларыңда ақ сағыммен жарысып
Аспанында аққу болып шарладым
Қайырмасы:
Балауса белдерім
Көгілдір көлдерім
Шаттығым сен менің
Асқартау – сен маған
Жайқалған қырында алтын дән
Жазира кең далам!
Алғаш рет қаздар ұшып жеткенде
Қараймын мен көз жеткісіз көк белге
Қалады ылғи менің жаным жадырап
Ақ жаңбырлар қырға төгіп өткенде
Қайырмасы.
Туған далам, жері жомарт – дән-далам
Қырандары көк аспанға самғаған
Қазақстан – каһармандар елі деп
Атағыңа бас иеді бар ғалам
Қайырмасы.
ҚАЗАҚ ОСЫ
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі
Әні Ә. Телғозиевтікі
Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – «Өнер алды – тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы – көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы – алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы – дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы – жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық – дәл аты.
Қазақ осы – өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
ӨЗ ЕЛІМ
Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.
Қайырмасы:
Өз елім менің,
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп сенің,
Соғады мәңгі жүрегім!
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің»
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің»
Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлеген.
Жалынды жастығы
Жүлдені бермеген.
Қайырмасы.
Бұзылмас қамалың
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы
Бесігін бақыттың.
Қайырмасы.
СӘЛЕМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ
Сөзі Ш.Сариевтікі
Әні К.Дүйсекеевтікі
Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін,
Сырда сұлу – күрішім,
Қырда бидай – ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
ҰЛТТЫҚ ТІЛІМ – АНА ТІЛ
Сөзі М. Әлімбаевтікі
Әні. С.Лұқпановтікі
Әлемнің шам шырағы күн де дара,
Адамның жан жүрегі діл де дара.
Бұйырған бір халықтың маңдайына
Тірліктің тілмашындай тіл де дара.
Қайырмасы:
Ойымның нәрі – Ана тілі,
Тойымның сәні – Ана тіл.
Даңқымның тауы – Ана тіл,
Халқымның ары – Ана тіл.
Ежелден атам мирас еншіміз де,
Сөйлесер болашақпен елшіміз де.
Халқымыз қазақ тілі қазынасы,
Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге.
Қайырмасы.
АҚ БЕСІГІМ
Әні Т.Бейсембектікі
Сөзі Ә.Ысқабайдікі
Әуел бастан,
Құшақ ашқан,
Әнге бөлеп санамды.
Ақ бесігім,
Бақ бесігім,
Шексіз сүйем даламды.
Жайған өркен,
Жайнап өлкем,
Жырдан шашу шашады.
Бұлбұл сайрап,
Алтын аймақ,
Көркін әнге қосады.
Туған жерім,
Туған елім,
Еркелетіп өсірді.
Бойға көрік,
Ақыл беріп,
Қатемді де кешірді.
Тауға биік,
Басым иіп,
Тұрсам үлкен мәртебе.
Маған қымбат,
Жері сымбат,
Өлкемдегі әр төбе.
АСТАНА
Сөзі А.Амантайдікі
Әні Қ.Мерсалимовтікі
Жарқырай бер мәңгі Астана !
Құлпырып өскен жас қала.
Сағындым сені Астана!
Аруым сен жас қала.
Қайырмасы:
Гүлдей жайнап өскенсің Астана!
Мақтан тұтам сен(і) айтып жас қала!
Мөлдіреген аспаныңдай көк туың,
Жүрегімді елжіреткен жас қала.
Астана – арман қала,
Шалқыған асқақ дала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен өскен нұрлы қала.
Қайырмасы.
Көтерілген Астана,
Самал желдей жас қала.
Жарқырай бер мәңгі Астана,
Күлімдеген жас қала.
ОТЫРАРДАҒЫ ТОЙ
Сөзі С.Асановтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Той басталды Отырарда,
Сырдың сұлу бойында.
Кеудесінде оты жанған
Қызылқұмның қойнында.
Аңыздарда аты қалған,
Талай ақын толғаған –
Осындай той Отырардан
Басқа жерде болмаған!
Қайырмасы:
Туған елім-ай,
Өскен жерім, асқар белім,
Сенсің әнім менің,
Сәнім менің.
Алақандай аялаған,
Арманым да өзіңсің,
Ақ, тілегін аямаған,
Ардағым да өзіңсің.
Сендегі жас, кәрінің де,
Қуанышы мол болсын.
Қазағымның әр үйінде,
Дәл осындай той болсын.
Отырардың күні бүгін
Кдйта туды жаңғырып.
Жырлап жатыр ұлылығын
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге
Күймен бірге толғанам.
Осындай той Отырардан
Басқа жерде болмаған!
Қайырмасы.
Зіл қара жер қозғалғандай
Палуандар алысқан.
Қызғалдақтай қыздар кандай
Көз тартады алыстан!
Сол қыздарға оты бар жан
Жүрек отын жалғаган.
Осындай той Отырардан,
Басқа жерде болмаған!
Қайырмасы.
СҮЙІКТІ ОТАНЫМ
Сөзі Ж.Тұрбековтікі
Әні Б.Ғизатовтікі
Өмірдің гүл жайнаған көркем бағы,
Бақыттың сарқылмайтын ен бұлағы
Туған жер, саяңда өскен ұланыңның,
Қызықты, қуанышты жастық шағы.
Қайырмасы:
Туған өлке, кең далам,
Мәңгілік бақ орнаған.