Файл: Тзету рекеттеріні негізгі баыттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түзету әрекеттерінің негізгі бағыттары:

1.Қоршаған ортаның (әлеуметтік, табиғи) көмегімен балаға түзетушілік ықпал көрсету.

2.Оқу үрдісінің ұйымдасуы және түзетушілік бағытталуы.

3.Мәдени және сауықтыру іс-шараларын іріктеу.

4.Отбасы тәрбиесінің психогигиенасы.
Бұл бағыттар келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

• сенсомоторлы даму жетістіктерін жетілдіру;

•психикалық әрекеттік жеке жақтарын түзету;

•ойлауды дамыту;

• эмоционалды-тұлғалық сфера дамуындағы бұзылуларды түзету;

•тілін дамыту және сөйлеу тілі техникасын меңгеру;

•қоршаған әлем туралы елестетулерін кеңейту;

•жеке білімдегі проблемаларды түзету.
Интеллектісі төмен балаларға көмектің келесі түрлерін бөлуге болады


•Медико-клиникалық бағыт – ақыл-ой кемдіктің этиологиясын зерттеуге негізделген. Интеллектінің бұзылуына әкелетін анатомо-физиологиялық және генетикалық себептерге назар аударылады;

•Психологиялық бағыт – интеллектуалды дамуы бұзылған балалардың психикалық әрекетіне, олардың эмоционалды сферасының жағдайына назар аударады;

•Педагогикалық бағыт – осы категориядағы балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеудің педагогикалық әдістерін, қағидаларын және формаларын қарастырумен айналысады;

•Психометрикалық бағыт – интелектуалды ерекшеліктердің даму деңгейін сандық бағалау әдісімен негізделеді.

Түзету жұмысының бағыты
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:
1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру);

2) түзету білім беру ұйымдары;

3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;

4) арнайы білім беру ұйымдары;

5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.

Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл – ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың
жарты популяциясын, шамамен 2,5 % құрайды.
Олигофрения – психикалық жеткіліксіздіктің ерекше формасы. Бас миының перинатальді және ерте постнатальді (2-3 жаста) зақымдану салдарынан таным процестерінің тұрақты төмендеуі.


Олигофренияның белгілері:

1.Тұрақтысыздық;

2.Қалыпқа келмеу;

3.Кемістіктің органикалық сипаты;

4.Прогредиентті емес.

Ақыл-ойы кем балалар- (әсіресе бас ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсiресе жоғарғы танымдық үрдiстерiнiң (белсендi қабылау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, еске сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар.

Ақылы кем балаларда мынандай белгiлер байқалады:
танымдық қызметiнiң (бiрiншi кезекте абстрактiлi ойлаудың талдап қорыту және назарын аудару үрдiстерiнiң) алғашқы кемiстiгi және жүйке үрдiстерi серпiнiнің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ екiншiлік кемістіктер — сөйлеу қабiлетiнiң, ерiк-жiгер аясының толық дамымауы, дене дамуы мен мiнез-құлқындағы ауытқулар. Осы категориядағы балаларды оқыту және тәрбиелеуді арнайы педагогиканың бір саласы олигофренопедагогика жүзеге асырады.
Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар
тапсырма

"Кімді ұмытып кетті?"әдістемесі

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетінін даму деңгейін анықтау.

Тапсырманын сипаты: берілген суретке мұқият қарап, кімнін суретін ұмытып кеткенін анықтау керек.



Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала өздігімен қалып қойған суретті орнын тауып қою керек.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегіне жүгінсе.

Төменгі деңгей - бала мүлдем орындай алмайды
тапсырма

"Жазылмай қалған сандарды тап" әдістемесі

Мақсаты: бала бос тор көздерге қалып қойған сандарды жазу керек.

Тапсырманын сипаты: қалып қойған сандарды бос тор көзге жазу керек.

1




3




5




7




9



2




4




6




8







Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала егер өздігімен сандарды тауып жазса.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегіне жүгінсе.

Төменгі деңгей - бала мүлдем орындай алмайды

Зейін қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар
"Нүктелерді қос" әдістемесі

Мақсаты: баланың зейінің дамыту.

Тапсырманын сипаты: бала мұқият қарап, сандарды рет ретімен қосу арқылы қандай да бір суретті салуы тиіс.


Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала өзі нүктеледі қоса алады.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Төменгі деңгей- бала мүлдем орындай алмайды
тапсырма

"Астын сыз" әдістемесі

Мақсаты: баланың зейінің дамыту.

Тапсырманын сипаты: бала мұқият қарап, суреттердің ішінен бірдей суреттердің астын сызу қажет.


Б
Мына суреттегі барлық мысық пен ұшақтардың астын сыз
арлық жасыл ракеталардын


астын сыз
Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала тап­сырманы дұрыс орындайды.

Ортаңғы деңгей - бала тәр­биешінің көмегіне жүгінеді.

Төменгі деңгей- бала мүлдем орындай алмайды

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар
1 - тапсырма

"Не жоғалды" әдістемесі

Мақсаты:заттарды тұтас ұғыну (қабылдау) деңгейін анықтау.

Тапсырманын сипаты: балаға олардың кейбір бөлшектері жетіспейтін ойыншықтар бейнеленген суреттерді қарап көріп, бұл ойыншықтардың қандай бөліктері жоғалғанын анықтау ұсынылады.

Даму деңгейлері

Жоғары деңгей - бала жетіспейтін барлық бөлшектерді анықтады.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегімен анықтады.

Төменгі деңгей - бала мүлдем тапсырманы орындай алмайды

2 - тапсырма

"Суретте не жасырылған?" әдістемесі

Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдауын (ұғынуын) анықтау.

Тапсырманын сипаты: балаға заттардың кескіні бейнеленген суреттер ұсынылады. Онда қандай заттардың жасырылғанын анықтау керек


Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала кескіні бойынша барлық затты анықтады.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегімен анықтады.

Қиял ерекшеліктерін дамытуға арналған тапсырма

"Не бейнеленген?" әдістемесі

Мақсаты: шығармашылық қуатты, оның даму деңгейін анықтау

Тапсырманын сипаты: балаға аяқталмаған сурет бе­ріледі. Бала суретті аяқтап, атын атауы тиіс.


Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала толық орындайды.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегімен орындайды.

Төменгі деңгей - бала мүлдем тапсырманы орындай алмайды
тапсырма

"Елестет те ойлап көр....Егер..."әдістемесі

Мақсаты: шығармашылық қуатты, оның даму деңгейін анықтау

Тапсырманын сипаты: бала орындалмас ситуацияны киялымен әңгіме құру керек. Қаншалықты баланын қиялы дамыған.


Даму деңгейлері
Жоғары деңгей - бала толық орындайды.

Ортаңғы деңгей - бала тәрбиешінің көмегімен орындайды.

Төменгі деңгей - бала мүлдем тапсырманы орындай алмайды.
      Сөздік қор

      1) қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.), кейбір тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру;

      2) педагогтың өтінішімен қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету (бер, алып кел, ал), қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейту және дұрыс айтуға баулу.

      Тілдің грамматикалық құрылымы

      1) берілген сөз тіркестерін түсінуге және сөздерді байланыстырып құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету;


      2) байланыстырып сөйлеу;

      3) жай сөйлем құруға машықтандыру;

      4) қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету (Бұл кім?, Бұл не?);

      5) шағын қарапайым мазмұнды мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді, жатқа айтып беру дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады;

      сөздерді ынта қойып тыңдайды, атайды және есте сақтайды;

      күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды дұрыс айтады;

      қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің мәнін түсінеді және сөздерді байланыстырып құрастыра алады;

      өзіне таныс сөздерден жай сөйлемдер құрастыра алады;

      шағын қарапайым мәтіндерді, тақпақтар мен өлеңдерді тыңдайды, түсінеді және мазмұндайды, жатқа айта алады.

      қарапайым сұрақтарды түсінеді, оларға қысқа сөйлемдермен жауап береді.