Файл: Мектеп 71 мектеплицей Малiм зім Айгерім Бахтиярызы Сынып 5 а Оушылар саны 28 Таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп: 71 мектеп-лицей

Мұғалiм: Әзім Айгерім Бахтиярқызы

Сынып: 5 «а»

Оқушылар саны: 28

Тақырып: Ар ілімі Сабақ : № 31

Құндылықақиқат

Қасиеттер: ар-ұждан, шыншылдық,адалдық, өз ойына, сөзіне, іс- әрекетіне деген жауапкершілік

Мақсаты: Оқушыларға адамның ар- ұжданы ол нағыз ақиқат құндылығы екенін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «руханилық», «даналық» ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қарапайымдылық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды халық даналығымен сусындауға ізденімпаздық қасиеті арқылы баулу;

Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздық, адалдық , қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: құралдар, мәлiметтер)

https://www.youtube.com/watch?v=SR0PGXgUqms , оқулық, құрал жабдықтар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 5«Т»еске түсіру.

Орманға ойша серуен

Орманға ойша серуен
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). 

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың даусы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).  

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 
Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтың 137-бетіндегі «Мәнді сөздер» мәтінін оқып мазмұндап келу

Мәтін бойынша сұрақтар:

Әңгімеде не жайлы айтылған?

Қандай қасиеттер адамның өмірін түзеуге көмектеседі?

Арлы адам деп қандай адамды айтамыз?

Ар-ұждан даусымен өмір сүрудің мәні неде?

Өздерің алған адамгершілік білімдеріңді қалай жүзеге асырып жүрсіңдер?

https://ust.kz/word/ormanga_oisa_seryen-87875.html


https://okulyk.kz/samopoznanie/627/



Дәйексөз.

Ақылың болса арыңды сақта,

Ар,ұят керек әр уақытта
* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау.


Халық нақылы


Мұғалімнің сыйы

Өсиет әңгіме «Ар, ұят, Намыс»

Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен — кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.

Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін — дейді Ар.

Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, — дейді.

Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың — адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам — нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді — бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс — ағасы, ар — інісі, ұят — кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.
Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Адам үшін ардың пайдасы қандай?

  • Намыстың пайдасы неде?

  • Ұяттың пайдасы қандай?


https://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/10137-arydy-zhasynan-sata.html



Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (Құндылықтармен топқа бөлу)

«Арыңды жасыңнан сақта!» деген нақыл сөздің мағынасына үңіліп, жазбаша ой-қорытынды жасаңдар.
Ақиқат тобы: «Арыңды жасыңнан сақта» нақыл сөздің мағынасын ашу.

Сүйіспеншілік тобы: Төмендегі берілген сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтаңдар.

Қиянат жасамау тобы: «Әдепті бала –арлы бала» тақырыбында шығарма жазу.


Топпен ән айту

Бейнематериал

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.
Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.
Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

https://www.youtube.com/watch?v=KQsYBH4CsW0


Үй тапсырмасы 

Оқулықтың
140-бетінде берілген жағдаятты мұқият оқып, шешімін табыңыздар.

https://okulyk.kz/samopoznanie/627/

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерімізді есімізге түсірейік.

Енді осы барлық жақсы әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық. Бүгінгі сабағымыздан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

https://www.youtube.com/watch?v=TVBqYg4CtG0