Файл: 4блім. Мтіндік жатпен жмыс жасау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: К. Мыңбаев атындағы ЖББМ


Күні: 31.03.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Шотбай А.Н.

Сыныбы: 6 қазақ

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

    1. Сілтемелер (сноски)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Құжатқа сілтемелер (сноски)  қоюдың қажеттілігін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Мәтіндік редакторда сілтемелер(сносканы) қалай ұйымдастыруға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар:

Мәтінге сілтеме ұйымдастыру жолдарын үйренеді.

Бағалау критерийлері

Сөйлемдер құрастырып, сөздерге сілтеме ұйымдастырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Сілтеме енгізу – вставить ссылку – insert link

Дереккөздерді басқару – управления источниками – source management

Сілтемелер – сноски – footnotes

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Сілтемені қалай түсінесің?

  • Құжаттарда сілтемені қолдану не үшін керек?

  • Құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне қалай жылдам өтуге болады?

  • Мәтіндік редакторда сілтемелер(сносканы) қалай ұйымдастыруға болады?

  • Құжатқа сілтемелер (сноски)  қоюдың қажеттілігі неден туындаған деп ойлайсың?

  • Сілтемені кірістіру мен Соңғы сілтемені кірістіру командаларының қызметінің қандай айырмашылықтары бар?

  • Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі қандай мақсатта қолданылады?

  • Соңғы сілтемені кірістіру және Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі командаларының қызметіндегі ерекшелікті қалай түснідіресің?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, Сурет, Математика

Алдыңғы білім

Рython тілінде программалау

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Символды тілек» ой-сергіту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (сиқырлы сандықшаның ішінде: жүйелік блок, модем, монитор, пернетақта, дыбыс колонкалары, принтер пернетақта суреттері жатады. Оқушылар кезектесіп тандайды. Алған заттарыңыздың қызметін тілекке айландырамыз.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.

Қорапшада тұрған компьютер құрылғыларын оқушылар тандап негізгі құрылғылар және қосымша құрылғылар болып екі топқа бөлінеді.

(Т) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау мақсатында ой қозғау сұрақтарын қою.





Кезекші оқушы сыныпта жоқ оқушы болса айту

Берілген құрылғыға сәйкес оң жақтағы көршісін сипаттау.

Компьютердің қосымша және негізгі құрылғылары арқылы екі топқа бөлінеді.

Топтар https://joyteka.com/100207893 сайтында берілген сұрақтарға квест ойыны арқылы жауап береді. Нәтижесінде жаңа тақырыпты анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі арқылы мұғалім бағалайды

https://joyteka.com/100207893

Сабақтың ортасы

10 мин.


Бейнеақпарат көру

Тақырыпқа сай экранда оқушыларға бейнеақпарат ұсынылады

Оқулықпен жұмыс

(Т) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы жаңа ақпараттармен танысып, топтар арасында талқылау жұмыстарын жүргізеді.

Практикалық жұмыстар

(Ж) 1-тапсырма:

Ғарышкерлер жайлы дайын мәтін беріледі соған нұсқама қой. Негізгі мәтін: Қаріп: 12 pt, Times New Roman, түсі: қара


Оқулықта кездескен термин сөздерді жұмыс дәптерлеріне жазады.

Алған ақпараттарын пысықтап постер құрастырады.

Дескриптор:

  • Мәтінге 1 нұсқама қояды. Қаріпте қателіктер бар.

  • Мәтінге 2 нұсқама қояды. Қаріпте қателіктер бар.

  • Мәтінге 3 нұсқама қояды. Қаріпте қателіктер бар.

  • Мәтінге 3 нұсқама қояды. Қаріп нормаға сай




Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі арқылы мұғалім бағалайды


Тапсырма орындауға қажетті құралдары




(Ж) 2-тапсырма: «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында орындалған құжатқа сілтеме қоюда қандай қателер жіберілгенін анықта. Бұл қателерді қалай түзетуге болады?

Әлемнің жеті кереметі

Ежелгі гректер әлемде дәл жеті керемет бар деп есептеді: Хеопс пирамидасы1, Семирамид бақтары, Олимпиядағы Зевс мүсіні3, Эфестегі Артемида храмы4, Галикарнас кесенесі6, Александрия шамшырағы6 және Родосский Колосс3. Шын мәнінде, әлемде әлемнің жеті кереметі емес, онданда көп кереметтер бар.

1Мысыр

2Ирак

3Греция

5Түркия

5Мысыр

7Греция

(Т)Сергіту сәті

Оқушыларға экранда тақырыпқа сай суреттер жасырылады.

Дескриптор:

- «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында қойылған сілтемедегі қателерді табады.

- Жіберілген қателерді қалай түзетуге болатынын анықтайды.

- Жіберілген қателерді жартылай түзетеді.

- Жіберілген қателерді толық түзетеді.

Берілген суреттердің жұбын қарсылас топқа қарағанда тез табуы тиіс.

Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі арқылы мұғалім бағалайды





Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту.

Liveworkshits платформасы арқылы бүгінгі тақырыпқа сай сұрақтар беріледі. берілген сұрақтарға оқушылар топпен ақылдасып жауап береді.



Рефлексия. «Word» әдісі

Оқушыларға интерактивті тақтадан Word мәтіндік редакторының белгісі шығады.



Мақсаты: Рефлексия жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.


Берілген сұрақтарға топтасып тез әрі дұрыс жауап беру.

Бүгінгі сабақ түсінікті болса сақтау белгісіне стикер жабыстырады, әлі де ізденетінім көп десе лупа суретіне және ақпарат қажетсіз десе қайшы суретіне стикерлерін жабыстырады.

Үй тапсырмасы

Нұсқама және сілтеме тақырыбын оқып келу.

Қалыптастырушы бағалау: платформа автоматты түрде нәтижені шығарады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары