Файл: лт тілін лытаан Мхтар Шаханов (М. Шахановты 80 жылдыына орай).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кураторлық сағаттың хаттамасы №4
Ұлт тілін ұлықтаған - Мұхтар Шаханов
(М.Шахановтың 80 жылдығына орай)
____________2022
Куратор: Рахышов Т.Т
Қатысқандар: Физика және технологиялар кафедрасының 6В072800-«Өңдеу өндірісінің технологиясы » 3 курс студенттері
Барлығы: 36 бала
Қатысқандар: 34 бала
Кураторлық сағаттың мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді студент бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Топ кураторы Рахышов Т.Т сөз бастады. XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М.Шаханов – қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты кураторлық сағатымызды белсенділікпен бастайық.
Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек...
1942 жыл 2 шілде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы дүниеге келген.
Қызмет жолы – трактордың тіркеушісі, Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты, Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)
Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бе?» десіп жататын»
.
1-студент: Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын. Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.
«Жігерлендіру» Өзін бақытсызбын депесептеген жігітке жауап 2-студент
«Төрт ана» өлеңі 3-студент
«Жалын» өлеңі 4-студент
«Үнсіздік» 5-студент
«Цемент» 6-студент
«Алтын, күміс және қалайы» 7-студент
1-студент: Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ... Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.
Шыңғыс Айтматов
8-студент
Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай еңбек етудi жазсын.
Джон ЭШБЕРИ
9 – студент
Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов — ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы жiгiт […]
Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы
10 –студент
Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң,
О, керемет!
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
М.Шаханов –әрі ақын, әрі сазгер. Оның бірнеше өз әндері бар.
Олай болса келесі кезекті әнге берейік.
Бейнебаян көрсетіліп, топ кураторының сөзімен кураторлық сағат аяқталды.
Шешім:
-
Айтылған ақпаратты есте сақтау. -
Ұлт жанды болу әр адамның бойынан табылар асыл қасиет.
Хатшы: топ старостасы Сейтова Аружан