Файл: 4тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары. 9сынып аза дебиеті Оу масаттары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 165
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. 9-сынып
Қазақ әдебиеті
Оқу мақсаттары:
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
9.3.3.1. шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз
1-БӨЛІМ
-
«Бәйтерек» поэмасынан берілген мысалдарды көркемдегіш құралдармен сәйкестендіріңіз. [ 5]
№ | Көркемдегіш құралдар | Сәйкестендіру | Шығармадан мысалдар | Балл |
1 | аллитерация | | А)Қарашы, шаңырағы жас қаланың, Аспанның бұлтын серпіп тастағанын! *** Мұхиттың аласұрған көк айдыны. Тіршілік түзегенде көркін жаңа, Сұрапыл соқпаса екен толқын жара. | 1 |
2 | эпитет | В)Туыңдай қанат керген желді күнгі, Танытты кең әлемге теңдігіңді. Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап, Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді! *** Жұлдыздай туы қалған өліарада. Бес жылда бой көтерген ғимараттар, Жайнап тұр шомылғандай самалаға! | 1 | |
3 | кейіптеу | С)Талпынған арманына еркін қала! Жаһанның жанарында жаңа қала, | 1 | |
4 | метафора | D)Жайнап тұр шомылғандай самалаға! Жырламас ғажайыпты кім мұндағы, Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі. Алғысын жаудырады Елбасыға. | 1 | |
5 | теңеу | Е)Өтінде арпалысқан өмір-майдан, Бәйтерек – болашағың тамыр жайған. | 1 |
2-БӨЛІМ
6.Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
7. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында суреттелген тарихи тұлғалар, олардың тарихтағы орны туралы кестені толтырыңдар.
Тарихи тұлrалар | Ол туралы не білемін? Тарихта қандай істерімен қалды? |
| |
8. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстырыңыз.
(5-6 сөйлем)_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
9. Қ. Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романындағы Сырым батыр неліктен хандық биліктен бас тартуды ұсынды? «Қысқа сөйлемдер» стратегиясын қолданып,жауаптарыңды дәлелдеп жазыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
10. Сырымның:«Ел екенімізді білдіріп,ертеңгі күні өзіміз өткізгелі отырған ұлы жиынымызды өзіміз «Халық кеңесі» деп атайықшы осы! Атасына нәлет, «бетеге кеткенімен, бел қалады; бектер кеткенімен, ел қалады»; хан қашқанымен, халық орнында ғой, әйтеуір! Сол халықтың бас қосқан ұлы жиынын неге «Халық кеңесі» атамасқа?! Халықтан ұлы не бар? Керек десеңіз, «Халық–құдайдың өзінен бір-ақ жас кіші!» демей ме, біздің қазақ!»,–деген пікірімен келісесіңдер ме? Ой-пікірлеріңді нақты деректерге сүйене отырып
жазыңдар.
Келісемін, өйткені
________________________________________________________________________________________________
Келіспеймін, себебі__________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[6]
3-БӨЛІМ
. Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз
1. «Тар кезең» романындағы Сырымның іс-әрекетін талдап, ұлт мүддесі үшін жасаған ерліктерін саралап, «Сырымның ұлт мүддесі үшін арпалысуына түркі болған себептер» деген тақырыпта әдеби эссе жазыңыз. Сөз саны: 150-180
_________________________________________________________________________[10]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________