Файл: Реферат Таырыбыан жне аналмастырыларды ю Тексерген Мурзагалиева Г. М.docx
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Атырау жоғарғы медициналық колледжі»
БӨЖ
Реферат
Тақырыбы:Қан және қаналмастырғыларды құю
Тексерген:Мурзагалиева Г.М
Орындаған:Жұлдыз Дильназ
Тобы:338 топ Мейіргер ісі
Атырау 2021
Мақсаты:Қан,қаналмастырғыларды құю
Қан құю тарихында кем дегенде төрт кезеңді атап өтуге болады. Бірінші кезең ерте дүние тарихына жатады, онда қанды емдік дәрі ретінде ішуге қолданған. Екінші кезең Гарвейдің қан айналым шеңберін ашқаннан кейінгі уақыт, адамға қан құю мүмкіндігін жануарға тәжірибе қойып зерттеумен және адамға жануар қанын құйып зерттеумен сипатталған. Адамға адам қанын құю 1819 Англияда болған. Қан құюдың ғылыми негіздемесі қан топтары ашылған соң алынды. К.Ландштейнер қан топтарын 1901 жылы ашты, әуелі 3 топ ашылды, төртінші топты Янский (1907) және Мосс (1910) бір біріне байланыссыз ашты.
Төртінші кезең Ұлы Отан соғысынан кейін басталды. Шамов В.Н, Еланский Н.И., Спасокукоцкий С.И. еңбектері үлкен маңызға ие болды. Қан құю жұмысында 1926ж.Москвада ашылған әлемдегі ең бірінші Қан құю Институтының ролі үлкен болды.
Көптеген жылдар бойы тұтас қан көп жақты әсері бар универсал (әмбебап) трансфузиялық орта деп саналып келді. Құйылған қанның организмде кеткен қанның орнын толтырушы, гемостаздық, стимуляциялық, дезинтоксикациялық, шокқа қарсы және трофикалық әсерлеріне негіздеп, қан құюды қарапайым процедура деп есептеді. Гемотрансфузияны өте жиі қолдану көптеген реакциялар мен асқынуларға соқтырып, олардың мәні қазіргі заманғы иммунология тұрғысынан алғанда ғана белгілі болды.
Тұтас қанды құйған кезде организм өзіне жетпейтін элементтерден (мысалы, эритроциттен) басқа, функционалдық тұрғыда кеміс тромбоциттерді, лейкоциттерді, иммунноагрессивті лимфоциттерді, антидене мен антигендерді алады, солар посттрансфузиялық реакциялар мен асқынулардың себептері болуы мүмкін. Тұтас қанды құю жүктілік кезінде асқынулар туындатып, қанның басқа құрамдарын құюды қиындатады.
Қанның құрамды бөліктерін алу әдістерінің дамуы, оларды емдеу тәжірибесінде кеңінен қолдану - тұтас қанды құюға болатын жағдай (көрсетілім) ЖОҚ деп санауға рұқсат етеді. Тұтас қанды өте көп қан кетіп, қажетті қан құрамдары (эритроцит тұнбасы, жаңадан мұздатылған плазма) болмаған кезде ғана құюға болады. Яғни қазіргі қан құюдағы бір принцип- науқасқа тек қажет қан құрамын құю керек дейді.
Қазіргі гемотрансфузияның тағы бір принципі «бір донор- бір реципиент», яғни бір науқасты емдеуде бір немесе саны шектеулі донорлардан алынған қан құйылуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру посттрансфузиялық асқынуларды күрт азайтады.
Изоагглютинация (қан топтары туралы ілім) және қан топтары.
Адамдардың эритроциттерінде екі антиген бар, оларды агглютиноген деп атайды және латын алфавитінің бас әріптерімен А және В деп белгілейді. Сарысуда екі антидене болады, оларды агглютинин деп атап, грек әріптерімен α (альфа) және β (бета) деп белгілейді. Қандай агглютиноген мен агглютинин болуына қарай 4 қан топтары болады. Адам қанында аттас агглютиноген мен агглютинин болмайды. Аттас агглютиногендер мен агглютининдер кездескен кезде, агглютинация (желімделу) реакциясы жүреді де эритроциттер бұзылып, еріп, яғни гемолиз болады, тұнба болып түседі. Мұндай құбылыс сәйкеспейтін топтың қанын құйғанда болатын гемотрансфузиялық шокта кездеседі. Резус –фактор туралы түсінік.
1940 жылы эритроцитте тағы бір антиген (агглютиноген) табылып, оны резус-фактор деп атады. Егер адамның қанында резус-фактор бар болса, оның қаны резус-оң мәнді, егер резус-фактор болмаса, резус-теріс қан деп аталады.
Қан құю ережесі:
Реципиентте қандай қан тобы мен резус-фактор болса, оған құйылатын қан да сондай топ пен резус фактордыкі болуы тиіс.
2). Донорлық. Қан құю қызметінің ұйымдастырылуы. Қанды консервілеу, оны сақтау және қанның құюға жарамдылығын анықтау.
Донор деп созылмалы аурумен ауырмайтын, жұқпалы аурулары жоқ, дені сау 18 жас пен 60 жас аралығындағы қан тапсырушы адамды атайды. Донор болу құрметті іс. Донор қанды 2-3 айда бір рет тапсырса, саулығына еш нұқсан келмейді. Донордың қанын дайындап, консервациялайтын, сақтайтын, емдеу мекемелерін тапсырыс бойынша қанмен қамтамасыз ететін орталықты Қан орталығы деп атайды. Донорлар тұрақты түрде қан тапсырып тұрса, Қан орталығының тізімінде болады, 6 ай сайын медициналық тексеруден өтеді. Қан орталығында донордың қанын консервант (қазіргісі Оңтүстік Кореяның гемаконына) құйылған контейнерге консервациялайды. Контейнердің сыртында паспорттық мәліметтер: нөмірі бар этикеткасы болуы тиіс, онда дайындалу мерзімі, қан тобы мен резус-факторы көрсетілуі, консервант атауы, донордың аты-жөні, қанды дайындаған мекеменің атауы, дәрігердің қолы болуы керек.
Донордың тапсырған қанын инфекциялық ауру қоздырғыштарының бар-жоғына ИФА анализін алып, тексеруден өткізеді. Плазмасын бөлек контейнерлерге алып, -45—50 °С температурада мұздатқышта 4 ай бойы карантинге қояды. Карантин уақыты өткен соң, осы плазмадан және плазманы тапсырған донордан жұқпалы ауруларға қан анализін алады. Егер нәтиже теріс болса, плазманы құюға болады, яғни карантиннен шығарады, оны тапсырыс бойынша сұратқанша -45—50 °С температурада мұздатқышта 1-3 жылға дейін сақтай береді. Егер нәтиже оң болса (жұқпалы ауру қоздырғыштары бар болса), плазманы жояды. Қанның плазманы алғаннан кейін қалған бөлігін- эрмассаны +4-+6 °С температурада тоңазытқышта (гемаконда) 35 күн сақтайды. Ауруханадан тапсырыс болса, эрмассадан (эритроцит тұнбасынан) лейкомасса мен тромбомассаны бөліп алады.
Қан орталығының қызметкерлері қан құрамдарын сақтау барысында оларды тексеріп, жарамдылығын макроскопиялық бағалайды. Қанның жарамдылығын анықтау үшін қан, қан құрамдары құйылған контейнерді сырттай қарайды.
Осы кезде мынадай мәліметтерге назар аудару керек:
1) контейнер герметикалығы бұзылуы;
2) көзге көрініп анықталатын гемолиз, эритроцит тұнбаларының ұюы;
3) лайлылығы, жапалақтардың, пленканың, плазмада бактериалдық жұқпаның болуы;
4) контейнерде марканың немесе этикетканың жоқтығы, және этикеткадағы мәліметтердің дұрыс танылмауы.
5) паспортталуының дұрыстығы (нөмірі бар этикеткасы болуы, онда дайындалу мерзімі, қан тобы мен резус-факторы болуы, консервант атауы, донордың аты-жөні, қанды дайындаған мекеменің атауы, дәрігердің қолы болуы керек)
3). Қанның препаттары мен құрамдары. Қан құюдың көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері.
Тұтас қанның құрамында ауыр гемотрансфузиялық асқынулар болдыратын клеткалық антигендер, плазмалық антигендік факторлар көп болғандықтан көбіне қан құрамдары мен препараттарын құйған дұрыс.
Қанның негізгі құрамдары мыналар:
Эритроцит тұнбасы (ЭТ)
ЭТ қанның негізгі құрамы. Тұтас қанды құрамдарына ажыратып, эритроциттерді тұндырып алу үшін қанды 4° С температурада сақтайды немесе центрифугалайды. ЭТ құю көрсетілген жағдай- анемия, соның ішінде постгеморрагиялық анемия.
Лейкоцит тұнбасы (ЛТ)
ЛТ негізгі жұмысы-микробтардың фагоцитозы және түрлі генезді иммунодепрессияны түзету. ЛТ-ны тұтас қанды центрифугалаған соң лейкоциттік пленканы сыпырып алып, плазманы алып тастау әдісімен немесе лейкоцитоферез әдісімен алады. ЛТ-ны жаңа дайындалған бойында немесе сақтау мерзімі 1 тәуліктен асырмай пайдаланады. ЛТ лейкоциттер санын көбейтеді және лейкоцитопоэзді қолдайды.
Тромбоцит тұнбасы (ТТ)
ТТ- бұл тромбоциттермен қаныққан плазма. Тромбоциттер гомеостаз жүйесінің басты құрамдары болып табылады. Сондықтан тромбоциттерді гомеостаз бұзылған кезде, жасанды қан айналысымен жүргізілген операциялар кезінде қолданады. ТТ-ны жаңа донор қанынан центрифугалау арқылы немесе тромбоцитоферез арқылы алады. ТТ 24 сағаттан артыққа сақталмайды.
Плазма.
Плазма- қанның сұйық бөлігі, оның құрамына белоктар, липопротеидтер, түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер және басқа да биологиялық активті заттар кіреді. ЭТ сияқты плазма да жиі қолданылатын қан құрамы. Қазіргі заманғы хирургияда плазманың бірнеше түрі қолданылады, бұлар- жаңа мұздатылған плазма, сұйық плазма және құрғақ (лиофилизирленген) плазма, т.б. Жиі қолданылатыны- жаңа мұздатылған плазма, себебі оның барлық биологиялық қасиеттері сақталған. Құяр алдында плазманы 37-38° С температурадағы суға батырады. Жылытылған плазма бір сағаттай уақыт сақталады. Қайтадан мұздатуға болмайды. Плазманы кеткен плазманың орнын толтыру мақсатында, дезинтоксикациялық, стимуляциялық әсер үшін және гемостатикалық мақсатта құяды. Плазма құю көрсетілген жағдайлар: ДВС-синдром, көп қан кету, күйік ауруы, іріңді-септикалық жағдай, коагулопатия, гемофилия т.б.
Плазманы құйған кезде донор мен реципиент қандары АВО жүйесі бойынша сәйкес келу керек. Плазма құярда биологиялық сынама жасайды.Қан құрамдарына-плазма, эр масса (эритроцит тұнбасы), лейкомасса (лейкоцит тұнбасы), тромбомасса (тромоцит тұнбасы)жатады.
Қан препараттарына мыналар жатады:
Альбумин ерітіндісі 5% 100мл., 200мл.
Альбумин ерітіндісі 10% 20мл., 50мл., 100мл., 200мл.
Альбумин ерітіндісі 20% 100мл.
Иммуноглобулин -қалыпты сұйық адам иммуноглобулині 1,5мл., 3мл.
Иммуноглобулин- антистафилококк сұйығы 3мл., 5мл.
Иммуноглобулин антирезус 1мл., 2мл.
Фибринді желім 10мл.
Глюнат 5мл. және т.б.
Қан құюға болатын жағдай(көрсетілімі) –анемия. Қарсы көрсетілімдері-гепатит, нефриттер, т.б. аурулар.
4). Қан құю жолдары мен тәсілдері. Қан алмастырып құю, реинфузия, консервіленген қанды құю, аутоинфузия, тікелей құю.
Қан құю жолдары мен тәсілдері
Қазіргі заманғы медициналық практикада негізгі қан құю жолдары- көк тамырға және артерия ішіне, реципиент организміне қанды көбіне көк тамыр арқылы тамшылатып құяды.
Пайдаланылатын қанның түріне қарай гемотрансфузияны екі түрге бөледі:
• Аутогемотрансфузия - өз қанын құю.
• Донор қанын құю.
Аутогемотрансфузия екі тәсілмен жүзеге асады:
а/ алдын ала дайындалған өзінің қанын құю. Бұл үшін операция алдында науқастың өз қанын алып, консервілейді. Операция үстінде бұл қанды науқастың өзіне құяды.
б/ қанның реинфузиясы- бұл әдісте операция кезінде науқастың дене қуыстарына (іш қуысына, плевра қуысына), жара ішіне жиналған қанын өзіне қайта құяды.
Донор қанын құйған кезде бірден (тікелей) және сақтап қан құюға болады, бұдан басқа алмастырып құю деген болады. Тікелей қан құю әдісі кезінде қанды донор венасынан шприцпен алады да қасындағы столда жатқан науқастың көк тамырына сол бойда құяды.
Бірден қан құю әдісінің артықшылығы: консерванттың болмауы, өз функцияларын сақтаған жаңа, жылы қанның құйылуы; ал кемшіліктері- реципиенттің қанына ұсақ тромбылардың түсуі, дұрыс тексерілмеген донор қанының құйылуы, реципиентке жұқпалы ауру жұқтыру қаупі. Осы аталған кемшіліктердің себебінен бірден қан құю классикалық түрінде қолданылмайды, бұған тыйым салынған.
Сақтап құю гемотрансфузияның негізгі әдісі. Ол жұқпалы ауру жұқтыру қаупін болдырмайды, орындалуы қарапайым, техникалық жабдығы күрделі емес және донордың науқастың қасында болуынан науқасқа тигізетін кері психологиялық әсер болмайды. Бұл әдістің теріс моменті - қанды сақтау барысында қан мен оның құрамдары кейбір емдік қасиеттерінен айырылады, ал консерванттардан реципиентте асқыну реакциялары болуы мүмкін. Алмастырып қан құю жаңа туған балалардың гемолитикалық сары ауруында (резус-конфликтте), өте көлемді тамырішілік гемолизде, ауыр улануларда пайдаланылады.
5).Сәйкестікке тексеру. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Қан құю техникасы. Қанды көк тамырға, артерия ішіне және сүйек ішіне құю.
Қан құяр алдында реципиент қаны мен донор қаны арасында 3 сынама өткізеді, бұлар топ сәйкестігіне, резус-сәйкестікке және биологиялық сәйкестікке сынамалар. (Практикалық стандарттарды қара). Құйылған қанның реципиент организміне әсері мынадай: кеткен қанның орнын толтыру, гемостаздық, стимуляциялық, шокқа қарсы, дезинтоксикациялық, қоректік және т.б. Қанды көбіне көк тамырға, ал геморрагиялық шок кезінде артерия ішіне, аорта ішіне де құяды.
Қан құйып болған соң науқасты бақылау: 2сағат қатаң төсек режимі. Дене қызуын әр 1сағат сайын 3 сағат бойы өлшеп көрсеткіштерін медбике тіркеп қояды. Артерия қысымын, пульсін, тыныс жиілігін бақылап қояды. Зәрінің түсін бақылау үшін 2 рет зәрін алып дәрігерге көрсетеді. Жалпы қан және зәр анализдерін алып, гемоглобин мен зәр белоктарын қарайды. Жалпы 3 тәулік бойы қадағалайды.