Файл: Реферат Таырыбыан жне аналмастырыларды ю Тексерген Мурзагалиева Г. М.docx
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6). Қан құю кезіндегі асқынулар, олардың алдын алу және емдеу.
а) қанды құяр алдында тоңазытқыштан алып, бөлме температурасына дейін жылынғанша күткен дұрыс, өйтпесе, салқыннан жалған агглютинация болуы мүмкін.
ә) цоликлон мен қан тамшысының арақатынасы 10:1 арақатынасындай болуы тиіс, егер қан тамшысы үлкен болса, нәтиже дұрыс көрінбейді.
Қан құю асқынулары:
І. Механикалық сипаттағы асқынулар:
Жедел жүрек кеңеюі. Ауа эмболиясы. Тромбоздар мен эмболиялар.
ІІ. Реактивті сипаттағы асқынулар.
а/Гемотрансфузиялық реакциялар.
Клиникасының ауырлығына қарай жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі реакциялар болады.
Жеңіл реакциялар кезінде дене температурасы 1°С-қа көтеріледі, бұлшық еттері мен сүйектері сырқырайды, басы ауырады, қалтырайды, делсал болады. Бұл белгілер аз уақыттай болып өздігінен кетеді.
Орташа дәрежедегі реакциялар кезінде дене температурасы 1,5-2°С-қа көтеріледі, қалтырауы күшейеді, пульсі мен тынысы жиілейді. Кейде терісі бөртеді.
Ауыр дәрежелі реакция кезінде дене температурасы 2°С-тан артыққа көтеріледі, еріндерінің цианозы, құсу, басы ауру, бұлшық еттері, сүйектері ауырады, ентігеді, есекжем немесе Квинке ісігі пайда болады.
Пайда болу себебі мен клиникалық жүрісіне қарай пирогендік, антигендік (гемотологиялық емес) аллергиялық реакция түрлері болады.
б/Гемотрансфузиялық шок.
Гемотрансфузиялық асқынулар науқастың өмірі үшін өте қауіпті. Олардың себебі- донор қаны мен реципиент қанының АВО жүйесі және резус-фактор жүйесі бойынша сәйкеспеуі және кейде- басқа антигендік жүйе бойынша сәйкеспеушілігі, сапасыз қанды құю. АВО жүйесі бойынша сәйкеспейтін қанды құйғаннан болған асқынулардың клиникасында үш кезең болады: гемотрансфузиялық шок, жедел бүйрек жетіспеушілігі, реконвалесценция (жазылуы).
Гемотрансфузиялық шок -трансфузия кезінде немесе одан кейін болады. ол бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Кейде оның клиникасы байқалмай өтеді, кейде белгілері анық байқалып, өлімге душар етеді.
Клиникасында әуелі жалпы тынышы кетіп, қысқа уақытқа қозу пайда болады, қалтырайды, кеудесі мен іші ауырады, белі шаншиды, тынысы тарылады, ентігеді, цианоз болады. Бірте-бірте шокқа тән циркуляторлық бұзылыстар (тахикардия, артериялық қысымы төмендеуі, аритмия, жүрек жұмысы бұзылуы) пайда болады. Бет терісінің қызаруы, соңынан бозаруы, жүрегі айнуы, құсу, дене температурасының көтерілуі, тері жамылғысының мәрмәр түстес болуы, құрысып-тырысуы, еріксіз дәретін жіберіп қою жиі кездеседі. Алғашқы медициналық көмек: системаны жауып, қан құюды тоқтатады, тамырды инеден суырмастан промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл дәрігер нұсқауы бойынша егеді. Шокқа қарсы сұйықтар, жүрек-тамыр дәрілері егіледі. Клиникалық өлім болса, реанимация шараларын жасайды.
Шок белгілерімен қатар жедел тамырішілік гемолиз болады. Эритроцит гемолизінің негізгі көрсеткіштері- гемоглобинемия, гемоглобинурия, сарғаю, бауыры ісіну. Қоңыр түсті несеп бөлінуі гемолизге тән белгі, жалпы анализінде сілтісіздендірілген эритроциттер көрінеді, белок көбейген.
Реконвалесценция сатысында барлық ішкі органдардың функциясы, гомеостаз жүйесі мен су-электролиттік баланс қалпына келеді.
Гемотрансфузиялық шок пен жедел бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу үшін гемотрансфузия ережелерін (барлық процедуралар ретін, әсіресе, қанның сәйкестігіне реакцияларды тиянақты) қатаң сақтау керек.
ІІІ. Инфекциялық сипаттағы асқынулар.
Инфекциялық сипаттағы асқынулардың ішінде үш топ бар: жедел инфекциялық ауру таралуы, сарысу арқылы тарайтын аурулардың жұғуы, кәдімгі хирургиялық инфекциялардың дамуы.
А/жедел инфекциялық ауру таралуы.
Жұқпалы ауру қоздырғыштары қан мен оның құрамдары арқылы инкубациялық кезеңдегі донордан жұғады немесе ауру клиникасы байқалмаған науқастан жұғады. Құйылған қанмен бірге тұмау, қызылша, бөртпе сүзек, бруцеллез, токсоплазмоз, инфекциялық мононуклеоз, шешек жұғуы мүмкін.
Б/ сарысу арқылы тарайтын аурулардың жұғуы. Қазіргі кезде сифилис, В және С гепатиті, СПИД, цитомегаловирустық инфекция, Т-клеткалы лейкоз, безгек, т.б. жұқпалы аурулар жұғуы мүмкін. Посттрансфузиялық инфекцияларды жұқтыру науқастарды мүгедек қылып, өлімге душар етуі мүмкін.
Инфекциялардың алдын алу үшін донорларды мұқият таңдау, донорларды медициналық тексеру инструкциясын қатаң орындау, мунидиагностикалық тесттер өткізу, сондай-ақ қан құю станцияларының сан-эпид станциялармен және тері-венерологиялық диспансерлермен тығыз жұмыс істесуі, донорлармен санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізуі тиіс.
В/кәдімгі хирургиялық инфекцияның дамуы.
Бұл асқынулар қан құю кезінде асептика нормаларын сақтамағаннан болады. Сирек кездеседі. Тромбофлебит, венепункция тұсында флегмона дамуы мүмкін. Микробтар қан тамырына түскен кезде ангиогенді сепсис туындауы мүмкін.
7).Қан алмастырғыш сұйықтар. Қан алмастырғыш сұйықтардың химиялық құрамы және мақсаты бойынша топтастырылуы. Қан алмастырғыш сұйықтарды құю кезінде сынама жасау. Қан алмастырғыш сұйықтар құю кезіндегі асқынулар, олардың алдын алу және емдеу.
Қан алмастырғыш сұйықтар деп қанның жойылған функциясын орнына келтіруге немесе бұзылған функциясын қалыпқа келтіруге арналған емдік ерітінділерді атайды. Оларда қанның бір қасиеті болады.
Өзінің әсеріне қарай олар бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Шокқа қарсы әсері бар сұйықтар.
Бұл препараттар қан кеткенде, механикалық травмада, күйік шогында, түрлі ішкі орган ауруларында бұзылатын орталық және шеткі гемодинамика көрсеткіштерін қалпына келтіру үшін қолданылады. Олар декстран туындылары, желатин, оксиэтилкрахмал негізіндегі препараттар.
Декстран туындылары:
Полиглюкин- 6% коллоидты декстран ертіндісі, салыстырмалы молекулалық массасы 80 000, оған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі қосылған. Оны қан көп кеткенде және түрлі шок кезінде құяды. Полиглюкин айналымдағы қан көлемін құйылған сұйық көлемінен де асырып ұлғайтады. Адам организмінде 3-7 тәулік бойы болады.
Реополиглюкин - 10% төменмолекулалы декстран ертіндісі (молекулалық массасы 20 000-40 000) натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ертіндісінде ерітілген. Микроциркуляция бұзылысында қолданады. Қанның тұтқырлығын азайтып, капиллярдағы қан ағысын қалпына келтіреді, эритроциттер мен плазма белоктарының агрегациясын (тұтасуын) болдырмайды.
Желатин препараттары.
Желатин препараттарына желатиноль, модежаль, геможедь, плазможель жатады. Ең кең тарағаны желатиноль. Желатин препараттары декстран препараттарына қарағанда әсері кемдеу, бұлар қан тамырынан тез шығып, клеткааралық кеңістікке таралады. Желатиноль натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі ішінара ыдыраған тағам желатинінің 8% ерітіндісі, молекулалық массасы 15000-25000. Препарат токсикалық емес, апирогенді, оған антигендік реакция тән емес. Оны жедел гиповолемия, түрлі шоктарда және интоксикацияларда қолданады.
Оксиэтикрахмал негізіндегі препараттар .
Бұл топ препараттарынан оксимал мен волекам қолданылады. Өз құрылымы бойынша бұл ерітінділер жануар тканінің гликогенінен жақын, сондықтан қан тамырында оны амилолиздік ферменттер ыдыратады. Бұл ертінділердің гемодинамикалық әсері жақсы, қосымша әсері жоқ.
2. Дезинтоксикациялық ертінділер.
Бұл топ ертінділері токсикалық заттарды байлау, бейтараптау және шығару арқылы организмнің детоксикациясын (удан арылуын) қамтамасыз етеді.
Гемодез - төменмолекулалы поливинилпиролидонның 6% ертіндісі, молекулалық массасы-12 000-27000. Препарат көптеген токсиндерді шығарады, бірақ дифтерия, сіреспе токсиндерін, сәуле ауруындағы токсиндерді шығару әсері жоқ, және көп қан кеткенде, шокта, күйік ауруында т.б эритроциттердің капиллярдағы стазын жояды. Организмнен бүйрек арқылы 6-8 сағ. ішінде шығарылады.
Неогемодез – төменмолекулалы поливинилпиролидонның 6% ертіндісі, молекулалық массасы 6 000-10 000, натрий, калий, кальций иондары қосылған. Препараттардың детоксикациялық әсері гемодезге қарағанда күштірек, бұл сәуле ауруында, тиреотоксикозда, түрлі бауыр ауруларында емдік әсері байқалады. Гемодезді қолданатын жағдайларда құйылады. Көк тамырға минутіне 20 тамшыдан тамызылады, ересектер үшін бір реттік максимум дозасы- 400 мл, балаларға арналған дозасы – 5-10 мл/кг.
3. Парентералдық қоректенуге арналған сұйықтар
Парентералдық қоректенуге белок препараттар, май эмульсиялар және көмірсулар қолданылады.
Белок препараттар.
Белок препараттар организмге аминоқышқылдар түсуіне жәрдем етеді. Олардың көзі- ірі мүйізді қараның қанынан алынған казеин, белоктар, донор қанының эритроциттері. Ең жиі қолданылатыны- казеин гидролизаты, гидролизин, аминокровин, амикин, аминопептид, фибриносмол, аминозол, аминон, амиген т.б.
Белок препараттарын минутына 10-30 тамшыдан баяу тамызады және көк тамырға, зонд арқылы асқазанға немесе зонд арқылы шеккке тамызуға болады. Оларды қолдануға болмайтын жағдайлар: шок, бас сүйек пен ми зақымы, бауыр жетіспеушілігі, атеросклероз. Препараттарды құяр алдында биологиялық сынама жасау қажет.
Көмірсулар.
Көмірсулар белок гидролизаттарын ыдыратып, аминоқышқылдардан өз белогын тұрғызуға жәрдемдеседі, организмді қажет энергиямен қамтамасыз етеді. Ең кең таралғаны глюкозаның 5%, 10%, 40% ертінділері. Оларды қолдануға болмайтын жағдай- қант диабеті. Бұдан басқа фруктоза, ксилит, сорбит, маннитті қолданады. Бұл препараттар қант диабеті бар науқастарға қарсы көрсетілмеген, себебі оларды қорыту инсулин әсеріне байланысты емес.
Май эмульсиялары
Май эмульсиялары науқас организмінің энергетикасын жақсартады, азот үнемдейтін әсері бар, плазманың липидтік құрамын түзейді, организмді май (линолен, линол, арахидон) қышқылдарымен, А,К,Д вимтаминдерімен, фосфолипидтермен қамтамасыз етеді. Жиі қолданылатыны интралипид, плипифизиан, инфузолипол, липофундин, липомул және т.б. Май эмульсияларының препараттарын көк тамырға минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызады. Осмодиуретиктерге көпатомды спирттер: сорбит және маннит жатады.
4. Су-тұз алмасудың және қышқыл-сілті тепе-теңдігінің реттеуіш сұйықтар.
Бұл топ препараттары кристаллоидтарға және осмостық диуретиктерге бөлінеді. Кристаллоид ертінділер:
Физиологиялық (изотоникалық) ерітінді – натрий хлоридінің 0,9 % ертіндісі.
Рингер ертіндісі. Рингер-Локк ертіндісі. Лактосол
Бұл ертінділер клиникалық практикада су-тұз балансын реттеуге қолданылады. Шокқа қарсы ертінділермен қатар кристаллоидтарды шокты емдеуге, іріңді-септикалық ауруларды емдеуге және операция кезінде, операциядан кейін су-тұз балансы мен қышқыл-сілті тепе-теңдігін ұстауға қолданады. Аминоқышқылдар қоспаларын көк тамырға минутына 20-30 тамшыдан тамызады. Парентералдық қоректену дозасы күніне 800-1200 мл болады. Белок препараттарын құяр алдында биологиялық сәйкестігіне проба жасау керек.
Маннитол - манниттің 15% изотоникалық натрий хлоридті ертіндісі.
Сорбитол – сорбиттің 20% изотоникалық натрий хлоридті ертіндісі.
Препараттардың диуретикалық әсері плазманың осмостық қысымы көтеріліп, тканьаралық сұйықтың қан тамырына жиналуына байланысты, осыдан айналымдағы қан көлемі артады, бүйректен несеп бөлінуі артады. Препараттарды дене салмағының 1-2 г/кг есебімен көктамырға тамшылатады. Диуретиктер гемолитикалық шокта, ми ісінуінде, бауыр ауруларында т.б. пайдаланылады. Қолдануға болмайтын жағдай- бүйректе фильтрация процесінің бұзылуы, несеп шығару жолдарының ауруы.
5.Оттегі тасымалдаушылар.
Қазіргі кезде оттегі тасымалдай алатын препараттар- перфторуглерод және еритін гемоглобин негізінде жасалған, бірақ олардың оттегі сыйымдылығы өте аз және улылығы басым болғандықтан іс жүзінде әлі қолданылмайды.
Қаналмастырғыш сұйықтарды құйғаннан болатын асқынулар: аллергиялық асқынулар: анафилактикалық шок және пирогенді реакция (қызу реакциясы). Анафилактикалық шок тоқырыбын терапия пәнінен аске алыңдар. Пирогендік реакция деп науқастың құйған сұйыққа қызулап, қалтырап, тоңып реакция беруін атайды. Себебі-сұйықтың апирогендік қасиетінен арылмауы. Алғашқы медициналық көмек: инфузияны тоқтату, инені тамырдан суырмастан хлорлы кальций -10 мл к/т, анальгин + димедрол –литикалық қоспасын б/е егеді.