Файл: ыса мерзімді саба жоспары Онды блшектерді 10 100 1000 жне 0,1 0,01 0,001 сандарына кбейту жне блу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына сәйкес
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу
Бөлім: | 5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | Айтжанов Жамбыл Мажитович |
Күні: | 27.02.23 |
Сынып: | 5 |
Сабақтың тақырыбы | Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.2.29 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану; 5.1.2.31 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану; |
Сабақтың мақсаты | Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану; Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану; |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1. Амандасу. 2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру. 3. Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру Бер: 1) 5 : 5,8 2) 20 : 28 3) 8,98 : 8,9 Бір оқушы үйге берілген тапсырма жауабын айтады, келесі оқушы тексереді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. 1. Қатарға: 10, 100, 1000, ... сандары көбейту және бөлу 2. Қатарға: 0,1, 0,01, 0,001, .. сандарына көбейту 3. Қатарға: 0,1, 0,01, 0,001, .. сандарына бөлу Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады | - Оқушылар мұғаліммен амандасады, сабақ мақсатымен танысады, Алғашқы білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығарады. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. | Дискриптор: - Бөлу амалын орындайды. Жалпы - 3 балл Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. |
Сабақтың ортасы | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді. 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. 1-тапсырма 1.Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар: 19,8у-12,6у+4,37+3,1у мұндағы у=2,1 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. 2-тапсырма 1. Теңдеуді шешіңдер: (x+0.7)/2.6=41/2 2. 147-13 3/5×4,8+31/2×6,8 | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Берілген тапсырмаларды өз дәптерлеріне орындайды. Келесі оқушы тексереді. | Дескриптор: 1. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды сипаттап көрсетеді. 2. Өрнекті ықшамдайды. Жалпы – 4 балл Дескриптор: 1. Теңдеуді шешеді. Жалпы - 3 балл | Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. |
Сабақтың соңы | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы _________ есептер |