Файл: статистика. Комбинаторика блімі бойынша жиынты баалау 1нса 1.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 12
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«СТАТИСТИКА. КОМБИНАТОРИКА» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа
1. 3, 7, 5, ___, 21, 18, 19 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз: а) арифметикалық ортасы 13-ке тең; b) өзгеріс ауқымы 37-ге тең; с) қатар модасы 21-ге тең. [5]
2. Алпамыстың ақ және көк түсті бейсболкалары, ақ, сары және көк футболкалары және қара және көк түсті джинсылары бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсыларын ауыстырып кисе, Алпамыс неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [3]
3. Поезд жолдың 280 км-ін 70 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 120 км-ді 40 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]
«СТАТИСТИКА. КОМБИНАТОРИКА» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа
1. 9, 14, 5, ___, 16, 11, 13 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз: а) арифметикалық ортасы 11-ге тең; b) өзгеріс ауқымы 23-ке тең; с) қатар модасы 5-ке тең. [5]
2. Сырымның сары және жасыл жейделері, көк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Сырым барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [3]
3. Поезд жолдың 150 км-ін 50 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 240 км-ді 60 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 210 км-ді 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]