Файл: аза тілі мен дебиеті пнінен 4тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары 11 сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 11 сынып
1-2. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, сәйкестендір.
Сөз / сөз тіркес/ термин | Анықтамасы | |
| А.Ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. | |
| Б. Жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіп-қатерден қорғануы. | |
| В.Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. | |
| Г. Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы | |
[2]
3-4. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қой.
әскери/ белсенді/ әдістермен / сыртқы қауіпсіздігі/
Қазақстанның ................. халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және ................... сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ұлттық қауіпсіздік ....... жолмен де, басқа да ... ............. бұзылуы мүмкін. [2]
5.Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпараттар | Дұрыс | Дұрыс емес |
Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес. | | |
Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындамайды. | | |
[1]
Оқылым.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.
Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытын қалт жібермеуі керек. Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп, Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз. Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды. Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек. Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен жарыс өткізу жоспарда бар. (249 сөз)
6. Мәтіннен сөздердің синонимін тауып жазыңыз.
айналысу-________________________ [1]
естен шығармау-__________________ [1]
7-9. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А. Қолы бос адамдар қандай теріс әрекеттерге барады?
______________________________________________________________________ [1]
В. Жастар саясаты жастарға арнап қандай шаралар ұйымдастыруда?
________________________________________________________________________ [1]
С.Ұйымдастырылған шаралардың мақсаты қандай?
________________________________________________________________________ [1]
10. Мәтіннің негізгі идеясы қандай. 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________ [1]
11. Қазіргі жастар бос уақытын тиімді өткізеді деп ойлайсыз ба? Ойыңызды ПОПС формуласы негізінде түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [4]
Жазылым
«Ұлттық қауіпсіздік – бұл мемлекеттік ғана емес, әр жеке тұлғаның да жауапкершілігі». Мәселенің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып, аргументаивті эссе жазыңыз.
|
Ұлттық Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мысалы, шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани баса-көктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіп-қатерден қорғануы.