Файл: Медбикегеарналанебекауіпсіздігіжнеебектіораужніндегінсаулы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ емхана | Медбикегеарналғанеңбекқауіпсіздігіжәнееңбектіқорғаужөніндегінұсқаулық | Ішкі пайдалану үшін |
беттің -беті |
Бекітемін
(денсаулық сақтау ұйымы басшысының Т.А.Ә.)
_ _ _ __ _ __ _ __ _ __
«_ __ _» _ _ _ __ __ __ _ 20 _ _ _ ж.
Мөр
Медбикеге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
-
Бөлімшеде медбике лауазымында жұмыс істеуге18 жастан асқан, толық орта кәсіптік білімі бар, медициналық қарап-тексеруден өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе және бастапқы нұсқамадан өткендер жіберіледі. -
Жұмыс барысында медбикеге келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсеретуі мүмкін:
-
Электр желісіндегі кернеу мәнінің жоғарылауы, ол адам денесі арқылы тұйықталуы мүмкін; -
Туберкулездің ашық түрі мен ауыратын науқастардан және (немесе) олардың бөлінділерінен ауру жұқтыру; -
вирус тасымалдаушылары мен жұмыс істегенде В гепатиті, АИТВ вирустарын жұқтыру; -
есін білмейтін немесе есі ауысқан науқастармен жұмыс істеуге байланысты тұрақты психоэмоциялық күйзеліс; -
ингаляциялық анестетиктер мен жұмыс істегенде газды-есірткі қоспасын жұту; -
терінің ашық жерлеріне және (немесе) шырышты қабаттарға дәрілік препараттардың, дезинфекциялаушы құралдардың тиюі; -
белгіленген нормативтен көп ауырды көтеру (есін білмейтін науқастарды басқа орынға ауыстыру, төсектерін ауыстыру).
-
Еңбек жағдайларын нашарлататын факторларды азайту мақсатында медбике келесі сертификатталған қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі және бүкіл жұмысу ақыты ішінде пайдалануы керек:
-
Арнайы киім және аяқ киім; -
Бір реттік қорғаныш медициналық маскалар (6 сағаттық ауысымға кемінде 3 дана), ал вирус тасымалдаушылар мен жұмыс істегенде – қорғаныс экраны бар маскалар; -
Бір реттік хирургиялық қолғаптар; -
газ-есірткі қоспалары қолданылатын үй-жайлар ер кісі зағынды-сорғылы желдету жүйесі мен жабдықталуы тиіс; -
барлық жұмыс үй-жайларында температуралық режим бойынша санитариялық-гигиеналық нормативтер сақталуы керек.
-
Медбике өзін инфекцияланудан қорғау үшін, сол сияқты науқасты нозокомиалдық (ауруханаішілік) инфекциялардан қорғау үшін жеке гигиена ережелерін сақтауы керек. Әрбір манипуляция немесе науқаспен кез келген басқа байланыс алдында және одан кейін қолды жылы ағынды сумен және сұйық не бірреттік сабын мен жуып, содан кейін тері жамылғысын өңдеуге арналған қолда бар сертификатталған бактерицидтік құралмен өңдеу керек. -
Ем шаралар мен манипуляциялардың барлығы міндетті түрде қолғаппен орындалуы керек! -
Емдеу, диагностикалық манипуляциялар мен емшараларды орындау кезіндетеріге және шырышты қабаттарға патологиялық материал түскен жағдайда (патологиялық материал –науқастың қаны, сілекейі, қақырығы, жарасынан бөлінген сұйықтығы (экстравазат), зәрі, нәжісі)мыналарды істеуқажет:
-
Теріге тиген жағдайда теріні дереу 70° этил спиртімен өңдеңіз, содан кейін ағынды сумен сабындап жуып, 70° спирт ерітіндісімен қайта зарарсыздандырыңыз; -
Шырышты қабаттарға тиген жағдайда дереу марганец-қышқыл калийдің 0,05% ерітіндісімен (ысқыламай!)өңдеңіз (материал ауызға тиген жағдайда ауыз бен тамақты 0,05% марганец-қышқыл калий ерітіндісімен 3-4 ретшайыңыз); -
Инее шаншып және кесіп алғанда жарадан қанды сығып шығарып, жараны йодтың 5% спирттік ерітіндісімен өңдеңіз.
-
Газ-есірткі қоспалары қолданылатын үй-жайлар еріксіз ағынды-сорғылы желдету жүйесімен жабдықталуы керек; -
Аурулардың алдын алу үшін медбике жылына кемінде бір реет медициналық қарап-тексеруден өтуі керек. -
Медбике ішкі тәртіп ережелерін, қолданыстағы еңбекті қорғау ережелерін сақтауға міндетті. Тек арнайы белгіленген жерлерде тамақтанып,темекі тартуы керек. -
Өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шеккен адам немесе оның куәгері әр бір оқиға туралы дереу тікелей басшысына – бөлімше меңгерушісіне хабарлауы керек.
2. Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары
-
Жұмыс ауысымы басталардың алдында медбике арнайы киімін киюі керек. -
Жабдықтардың, аспаптардың, аппараттардың жұмысқа дайындығын және жарамдылығын тексеру керек. Ақаулар анықталған жағдайда дереу бөлімше меңгерушісіне және бөлімшенің аға медбикесіне хабарлау керек; -
Медициналық газдар магистральдарының және олардың байланыстырушы элементтерінің ақаусыздығын тексеру керек. Медициналық газдардың бар-жоғын тексеруқажет. Ақаулар, медициналық газдардың жоқтығы анықталған жағдайда дереу бөлімше меңгерушісіне және стационардың аға медбикесіне хабарлау керек; -
Жұмыс орнында бастапқы өрт сөндіру құралдарының барын тексеру керек; -
Жеке қорғаныс құралдарының (медициналық маскалар, қолғаптар) барын тексеру керек, қажет болған жағдайда бөлімше бойыншажауапты адамнан алу керек.
3. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
-
Лауазымдық нұсқаулықпен регламенттелген және жұмыс басшысы тапсырған жұмыстарды ғана қауіпсіз әдістермен, ұқыпты және мұқият орындау керек. -
Қауіпсіздік ережелеріне қайшы келетін бұйрықтар мен тапсырмаларды орындауға тыйым салынады. -
Жұмыс күні бойы жұмыс орнын таза ұстау және оны бөгде және қажетсіз заттармен, қоқыс пен толтырмау, сондай-ақ ұйымның үй-жайлары мен аумағында тәртіп пен тазалықты сақтау керек. -
Мүмкіндігінше табиғи жарықта жұмыс істеу керек, бұл көзді онша қатты шаршатпайды. -
Шаршамау үшін жұмыс істегенде дұрыс отырып, қолды дұрыс қойып, иықтарды қатты ұстамау керек. -
Мыналарды сақтау керек:
-
Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтарды. -
жеке гигиена ережелерін, тамақ ішер алдында және жұмысты орындау алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек; -
еңбек және демалыс режимін. Жүйке-психикалық ауыртпалықты азайту үшін жұмыс және демалыс режимін дұрыс реттеуқажет.
-
Үй-жайдың жәнежұмыс орнының жарығын қадағалау керек. -
Жұмыс орнында тамақ ішпеу және киім қалдырмау керек. Тамақты тек арнайы жабдықталған орындарда ішуге рұқсат етіледі. -
Қызметтің сипатына қарай медбике отырып не тұрып жұмыс істеуі мүмкін. Жұмыс уақытының ең көбі 60%-ын отырып, қалған уақытта тұрып не жүріп жұмыс істеу ұсынылады. -
Жұмыс кезінде медбике асептика және антисептика талаптарын, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы керек. Әр бір манипуляцияның алдында және кейін медбике қолын жуып, содан кейін оларды лицензияланған бактерицидтік препараттардың бірі мен өңдеуі керек; -
Жұмыс барысында қол терісінің қалыпты күйін сақтау үшін:
-
Қолды бөлме температурасындағы сумен жуу; -
Оларды жеке сүлгімен кептіру; -
Қол терісіне дәрілік препараттардың тиюіне жол бермеу керек.
12) Кеңсе техникасымен жұмыс істегенде абай болу керек:
-
Қуат беру сымдары мен интерфейс кабельдерін ұстамау және олармен барлық операцияны олар өшіп тұрғанда орындау керек; -
кеңсе техникасы жұмыс істеп тұрғанда қолды орнатылған қоршаулардың артына кіргізбеу керек; -
кеңсе техникасын таза ұстау керек; -
техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді тек білікті персонал және өндіруші кәсіпорындардың нұсқаулықтарында белгіленген мерзімде жүргізу керек.
-
Электр тоғы мен зақымданбау үшін медбике келесі электр қауіпсіздігі шараларын білуі және орындауы керек: -
Электр сымдарының, электр жабдықтарының немесе электр шырағданының ақауын байқаған жағдайда адамдардың электр тоғымен зақымдануынан сақтайтын шараларды қолдану және бөлімше меңгерушісінен емесе басшыға хабарлау қажет. -
Электр аспаптарын өшіретін кезде тек ашаның немесе ағытпаның корпусынан ұстау керек. -
Кез келген электр аспабының шиеленіскен сымына шаныштепсельдік розеткадан суырғаннан кейін ғана тарқатыңыз. -
Мыналарға тыйым салынады:
-
Ақаулы ажыратқыштарды пайдалануға; -
Ақаулы электр аспаптарын, электр шырағдандарын пайдалануға. Тек ақауы жоқ тұрмыстық электр аспаптар мен қолданыстағы жабдықтарды пайдалану керек; -
Қолға жыртылған, салбырап тұрған немесе еденде (жерде) жатқан электр сымдарын алуға, оларды басуға– оларда тоқ болуы мүмкін; -
Электр қалқандарына жақындауға, электр қалқандары мен электр шкафтарының есіктерін ашуға; -
Электр аспаптарының ток өткізетін бөліктеріне, клеммаларына, оқшаулан баған немесе зақымдалған электр сымдарына, жарықтандыру арматурасына тиюге; -
Жалаңаш сымдардың қолданылуына және олардың жылу құбырларымен, су құбырларымен, ғимараттың құрылымдық элементтері мен жана суына жол беруге; -
Тасымалданатын тоқ қабылдағыштарды (үстелшамдары, тұрмыстық және басқада электраспаптар) жарықтандыру желісіне штепсельдік розеткасыз қосуға; -
Сынған ажыратқыштар мен розеткаларды пайдалануға; -
Электр жабдықтарындағы ақауларды (жарықтандыружәнет.б.) өз бетімен жөндеуге тырысуға тыйым салынады. Бұл жағдайда электромонтерді шақырып, басшыға хабарлау қажет.
4. Авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
-
Өрт шыққан жағдайда:
-
«101» телефоны бойынша өртке қарсы қызметті шақыру; -
персонал мен пациенттерді қауіпті аймақтан эвакуациялауды ұйымдастыру; -
жұмыс орнында бар өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру шараларын қолдану; -
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету керек.
-
Электр тоғымен зақымданған жағдайда:
-
Зардап шеккен адамды электр тоғының әсерінен босату (ақаулы жабдықты электр желісінен ажырату, бұл мүмкін болмаған жағдайда – үй-жайды толықтай тоқтан ажырату); -
Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету; -
пациент пен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; -
болған оқиға туралы бөлімше меңгерушісіне немесе басшыға хабарлау; -
ақаулы жабдықты резервтегі жабдыққа ауыстыруды ұйымдастыру керек.
-
Жарақаталған жағдайд азардап шеккендерге нұсқаулыққа сәйкес көмек көрсету керек. Электр тоғымен зақымданған жағдайда зардап шеккен адамды дереу электр тізбегінен ажыратып (ажыратқышты өшіру, электрсымын ағаштаяқпен, тақтай мен алыптастау), алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісу керек. -
Желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің жұмысында ақаулар болған жағдайда бұл туралы бөлімше меңгерушісіне хабарлау қажет. -
Өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда:
-
Зардап шеккенге жарақаттаушы факторлардың әсер етуінің алдын алу, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету, оқиға орнына «103» телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру шараларын жедел қолдану; -
Болған оқиға туралы кабинет меңгерушісіне немесе жауапты (лауазымды) адамға хабарлау, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, тергеу басталғанға дейін оқиға орнының сақталуын қамтамасыз ету керек.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
-
Жұмыс ауысымы аяқталғанда медбике:
-
Жұмыс орнын жинауы, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын құрылғылар мен жабдықтар электр желісінен ажыратылғанына, медициналық газдардың шығып жатпағанына кө зжеткізуі керек; -
Қажетті санитариялық-гигиеналы іс-шараларды жүргізуі (қажет болған жағдайда қолды қайтадан жақсылап жуып, лицензияланған бактерицидтік препарат пен өңдеу), гигиеналық душ қабылдауы, әдеттегі киімін киюі керек; -
Жұмыс киімін әдеттегі киімі сақталатын шкафтан бөлек арнайы белгіленген шкафқа салуы керек.
-
Жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сәйкес өңдеп, арнайы белгіленген орынға қою керек. -
Медбике барлық анықталған ақаулар мен кемшіліктерді бөлімше меңгерушісіне немесе басшыға хабарлауы керек.
-
Танысу парағы
р/с № | Т.АӘ. | Лауазымы | Күн | Қолы |
| | | | |
| | | | |