Файл: Дулет Найл x211 Coт прецеденті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәулет Найлә X-21-1

1. Coт прецеденті — соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім.

2. Қаулы - алқалық негізгі жұмыс істейтін мекемелерде шешімдердіұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат.

3. Үкім — соттық қылмыстық істі сотта талқылау нәтижесінде шығарған және кінәсіздікті (ақтау үкімі) немесе кінәліге жазалау шарасын (айыптау үкімі) белгілейтін, сондай-ақ сотталушыны кінәсіз немесе кінәлі деп танудың басқа да салдарын белгілейтін шешім.

4. Шешім - сюжеттің құрамдас бір бөлігі, шығармадағы оқиға желісінің әбден шиеленісіп барып, тиянақталатын, кейіпкерлер арасындағы тартыс-қақтығыстар, әр түрлі қайшылықтардың бір арнаға келіп тоғысып, оқиғаның даму барысындағы байланған түйіндер шешілетін тұсы.

5. Сот сараптамасының түрлерi

      1. Сот сараптамасының түрлерiне бастапқы, комиссиялық, кешендi, қосымша және қайталама сараптамалар жатады. 

     2. Комиссиялық сараптама - бiр мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы. 

      3. Кешендi сараптама - егер iс үшiн маңызы бар жағдаяттарды анықтау үшiн бiлiмнiң түрлi салаларының негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда, әртүрлi мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы.

      4. Қосымша сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде анық болмаған не сот сарапшысы өзiнiң алдына қойылған мәселелердi толық шешпеген не алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайларда жүргiзiлетiн сот сараптамасы. 

      5. Қайталама сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән тудыратын, не сараптама жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылғанда жүргiзiлген сот сараптамасы.

6. Сот медицинасы
– сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы.

7. Конституциялық сот– бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган

8. Төрелік сот – кәсіпкерлік қызмет, мүліктік қатынастар барысында немесе басқару аясында туындайтын дауларды шешу үшін құрылатын орган.

9. Сот медицинасы – сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы

10. Арбитраж - (фр. arbitrage- ара ағайындық) - кәсіпорындармекемелерұйымдар арасындағы (мемлекет ішілік), сондай-ақ мемлекеттер арасындағы дау-дамайды шешу тәсілі немесе арнайы ұйым.

11. Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы.

12. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.

Жергілікті соттарға мыналар жатады:

  1. облыстық  және оларға тенестірілген соттар (Республика астанасының қалалық сотыреспубликалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарымамандандырылған сот — Қазақстан Республикасы Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

  2. аудандық және оларға тенестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар).

  3. Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, каржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қаржы құқығы

1. Қаржы құқығы - құқықтың жетекші және маңызды саласы. Қаржы мемлекеттің материалдық өмір сүру негізіне қызмет етіп, оның қызметін ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. 

2. Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы



3. Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары.

4. Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз

5. Ипотека (көне грекше: ὑποθήκη — кепіл‚ кепілзат) —

  1. ұзақ мерзімге несие алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге салу.

  2. ипотекалық қарыз ақша (ипотекалық несие) қозғалмайтын мүліктің кепілдігіне банк беретін қарыз ақша

  3. сенім қозғалмайтын мүліктің кепілдігі туралы банк қарыз алушыға беретін куәлік

6. Мемлекеттік несие – несие қатынастарының жүйесі.

7. жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.

8. Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.

9. Жанама салық түрі. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелінетін тауарларға акциздік салық салынады. Акцизделетін тауарлардың тізбесі: спирттің барлық түрлері; алкогольдік өнімдер; темекі бұйымдары; құрамында темекі бар басқа бұйымдар; бензин (авиациялық бензиннен басқа); дизелдік отын; жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); газ конденсатын қоса алғандағы шикі мұнай.Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру және өткізу

10. Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстандағы зейнетақы‚ жәрдемақы
‚ өзгедей әлеуметтік төлемдер есептеу үшін‚ сондай-ақ айыппұл санкцияларын‚ салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш.[

11. Вексель(нем. wechsel – айырбас) – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі.

12. Валюта монополиясы / Валюталық монополия — мемлекеттің өз органдары арқылы валюта операцияларына және экономикалық агенттер табатын бүкіл валютаға үстемдік жасауы.

13. Ревизия (Audit) — жүйенің тиімді жұмыс істейтінін анықтау мақсатымен жабдықтарды, программаларды, жұмыс режимдері мен процедураларды тексеру.

Еңбек құқығы

1. Еңбек құқығы (ағылlabour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

2. Еңбек қатынастарының субъектілері – қызметкер мен жұмыс беруші ‰шін еңбек тәртіптемесін орындау міндетті болып табылады.

3. Декреттік демалыс – еңбек ететін азаматтарға ұсынылатын демалыс

4. Біліктілік санаты – Қағидалармен айқындалатын біліктілік талаптарына сай келетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейі.

5. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.

6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган: 

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады; 
3) өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жүргізеді және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 

4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді; 
5) алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

6) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды; 
8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды; 
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады; 
10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады; 
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді; 
13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді; 
14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады. 

7. Жұмыс беруші Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілергееңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады

8. Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім

9. Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы.

10. Үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын