Файл: Саба жоспары Бекітемін Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айтжанов Жамбыл Мажитович

Пән/Сынып:

5 сынып

Күні:

06.02.23.

Тарау немесе бөлім атауы:

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Оқу мақсаты:

5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар ондық бөлшектерді қосуға есеп шығарумен танысады

Білім алушылар ондық бөлшектерді қосуға есеп шығаруды талдауды біледі.

Білім алушылар ондық бөлшектерді қосуға есеп шығаруды сипаттап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру.

3. Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру

Бер:1) 0,398 2) 0,26 3) 0,375 4) 0,0056 ондық бөлшегін жай бөлшек түрінде жазып, қысқартуды орындаңдар.

Бер:1) 27,16 2) 61,094 3) 103,908 4) 378,378 ондық бөлшегін аралас санға айналдырып,бөлшек бөлігін қысқартыңдар.

Бір оқушы үйге берілген тапсырма жауабын айтады, келесі оқушы тексереді.

- Оқушылар мұғаліммен амандасады, сабақ мақсатымен танысады,

Алғашқы білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығарады.


Дискриптор:

- ондық бөлшегін жай бөлшек түрінде жазып, қысқартуды орындайды.

- ондық бөлшегін аралас санға айналдырып,бөлшек бөлігін қысқартады.


Оқулық

5 – сынып

А.Е.Әбілқасымова,

Т.П.Кучер,

З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж.

Жаңа сабақ

8 мин


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

1.Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыр.

2.Ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай таба аламыз? Мысал келтір.

3.Ондық бөлшекті натурал санға айналдыру қалай жүзеге асады?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

1. Есепті шеш:

І.  6,3-2,3+7,5

ІІ.  9,5-5,3+3,3

ІІІ. 16-2,3+4,5

ІV.  17,5 -2,5+13,82

Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1. Ондық бөлшектерді қосуға есеп шығаруды сипаттап көрсетеді.

Оқулық

5 – сынып

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж.

Бекіту тапсырмасы

15минут


2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

1. Деңгейлік тапсырмалары:

Жұлдызшаның орнына теңсіздік тура болатын цифрларды қой.

1) 5,* >5,8

2) 7,85 <7,*1

3) 8,98 <8,9*

Есептеңдер:

1) 2,83+15,2

2) 19-5,86

3) 6,91+(5,76-3,413)

Оқушы алдымен жеке орындайды сонан соң, топпен талқылайды.


. Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



Оқулық

5 – сынып

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж.

Сабақтың соңы

5 минут


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма. № 805

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Ақ қағаз