Файл: Жаттыу Ааааа жне Иииии Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаттығу «Ааааа және Иииии»

Мақсаты: «Мен» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңілді-күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимисттік сезімді қондыру.

Өткізу техникасы: топтың қатысушылары шеңбер құрып тұрады.

«Ааааа» дыбысынан шығатын энергия

Нұсқама: «Өздеріңізді жаңа күшпен толтыру үшін орындарыңнан тұрып өте терең тыныс алыңдар. Енді тыныс алған кезде өкпелеріңді ауаға толтырып, тынысты әндетіп «Ааааа» деп созып, сол дыбыспен барлық қалжырағандықты, шаршағандықты, жалыққандықты шығарыңыздар. Тыныс алған кезде сіздер таза ауамен бірге бүкіл қуанышты сезімдерді және жайдарлы көңіл-күйді өзіңіздің бойыңызға сіңіріңіз де, ал тыныс шығарған кезде «Ааааа» деп ұзақ созып, онымен бірге ішіңіздегі барлық шаршағандық пен қолайсыз түйсіктерді толық шығарыңыздар. 1 минут.

«Иииии» дыбысынан шығатын энергия

Нұсқама: «Орыңдарыңнан тұрып, бір уақытқа «жедел жәрдем көрсету» машинасының дабыл бергішіне айналыңыздар. Ол үшін қолдарыңызды басыңызға қойып, «Иииии» деген дыбысты ұзақ созып айтыңыз да, басыңыздың дірілдеуін сезініңіз. Кейін бұл дыбысты бірде жоғары, бірде төмендетіп айтыңыз. Біраз уақыттан кейін сіз өзіңіздің күшіңізді сақтағанын байқайсыздар». 30 секунд.

Талдау: өздеріңіздің қазіргі кездегі хал-жайларыңыз туралы ой бөлісіңіз.

Кейбір жағдайларда сіздер басқа дыбыстармен осындай жаттығулар орындай аласыз. Олар «Ааааа», «Ооооо», «Ууууу» болуы мүмкін, бірақ оларды жоғарыда айтқандай бірде жоғары, бірде төмен айтылуы қажет.

Жаттығу «Кім өзін басқалардан көбірек мақтайды?»

Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалогты жүргізу дағдысын дамыту, өзін-өзі талдай білу қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: әр қатысушыға арналған кесте сызылған бланктер.

Нұсқама: «Шеңбер құрып отырамыз. Әр адамның өмірінде қиыншылықтар кездеседі. Сол кезде адам өзінің құндылығын ұмытып, істеген істерінің барлығы түкке тұрмайды деп ойлайды да, көңіл-күйі төмендеп, мұңайып жүреді. Сол кездерде өмірде болған барлық жетістіктер мен жеңістер, қуанышты уақыттар ұмытылып қалады. Бірақ та, өмірде мақтан ететін әркімнің істері аз емес. Қазір біз ескертулер жасаймыз, бұл ескертулерде біз өмірдегі жетістіктер мен жақсы қасиеттерді жазамыз. Кейін оларды оқып күш-қуат алып, өзімізді адекватты түрде бағалауға көмек болады.


Ескерту бланкісінің толтырылуы: «менің ең жақсы нышандарым» — бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы нышандары мен ерекшеліктерін жазасыз. «Менің қабілеттерім мен дарындылығым» — мұнда өзіңіздің мақтан ететін әр түрлі салаларда бар қабілеттеріңізді жазасыз. «Менің жетістіктерім» — бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері жазылады».

Ескерту бланкісі «Менің ең жақсы қасиеттерім»

Менің ең жақсы нышандарым

Менің қабілеттерім мен дарындылығым

Менің жетістіктерім



















Талдау: бұл жаттығуды орындау сіз үшін қандай мағына берді? Сіз ескертуге не алдыңыз және нені келешекте пайдаланасыз?

Психологиялық жаттығулар мен коррекциялық ойындар.

1-Жаттығу «Мені ата».

Мақсаты: өзінің топқа қажеттілік сенімін арттыру, бір-біріне жақындастыру.

Нұсқама: «Қазір мына дап сендердің қолдарыңнан өтеді. Кімнің қолында доп қалады сол адам өзінің атын айту керек. Доп шеңберді бір рет айналып болғасын, оны кері жіберіп айналдырады, сол кезде тренинг барысында қатысушылар айтатын есіміңізді айтуыңызға тиістісіз. Есімдерді қайталауға болмайды. Ал енді өз аттарыңызды жазып, визитканы дайындаңыз».

Талдау: осы жаттығуды орындаған кезде сізде қандай сезім туындады? Сіздің ойыңызша, осы жаттығу не үшін жүргізілді?

2-жаттығу «Мен өзімді сол үшін мақтаймын…»

Мақсаты: өзіңізді бағалау мен эмпатияны дамыту.

Нұсқама: «Мен сіздерге өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды ұсынамын. Қазір сізді көбірек мақтайтын уақыт келді, бірақ бұл өте сирек болады. Қазір сізде өзіңізді мақтайтын мүмкіншілік бар. Сөйлемді жалғастырыңыз «Мен өзімді …. мақтаймын».

Талдау: өз-өзіңізді мақтау қиын болды ма? Осы кезде қандай сезімде болдыңыз?

3-жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»

Мақсаты: сену мен эмпатия сенімін дамыту.

Нұсқама: «Қазір біз ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан жақсы және көңілді жағымды әр түрлі ғажайып оқиғалар болып жатыр. Екі топқа бөлініп: орман және тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – ағаштың бұтақтары болып саналады. «Орман» ішінен өткен адамдарды «нәзік бұтақтар» аялайды. Ал енді әрқайсымыз кезекпен осы «сиқырлы орманнан» өтеміз, сол кезде «бұтақтар» (қолдар) біздің басымызды, арқамызды қолдарымыздысипайды».



Талдау: сіздер «орман» ішінде келе жатқан кезде қатысушылардың әрқайсысы қол тигізгенде не сездіңіздер? Жаттығуды орындаудан бұрын және орындағаннан кейін қандай күйде болдыңыз?

4-жаттығу «Кіші топтарда пікір талас».

Мақсаты: қатысушылар өз-өзін терең тануға, өздерінің сезімдері мен көзқарастарын түсінуге көмектесу.

Қажетті құралдар: ватман 4 дана, фломастер.

Нұсқама: «4 кіші топтарға: теңіз- көл – өзен – бұлақ белгілері бойынша бөліну. Таймерды, хатшыны, спикерді, топ өкілін тандаңыздар. Қазір сіздерге пікір алмасуға сұрақтар таратылады. Топтық ережелерін сақтай отырып, бұл тапсырмаға 2 минут беріледі.

  1. топқа тапсырма: өз-өзіне, өзінің күшіне сенетін адамның бейнесін құрастырыңыздар.

  2. топқа тапсырма: өзіңнің көңіл-күйіңмен, ахуалыңды қандай әдістермен көтеруге және жақсартуға болады?

  3. топқа тапсырма: емтиханда пайда болған күш салуды қалай төмендетуге болады?

  4. топқа тапсырма: емтиханға дайындалған кезде және емтихан барысында жауап бергенде ішінде туындаған қорқыныш сезімнен қалай арылуға болады?

Ал енді спикерлер пікір алмасу кезінде топтық ойларды ортаға жеткізе білу керек».

5-жаттығу «Ааааа және Иииии».

Мақсаты: «Мен» деген ұғамның жағымды бейнесін құру, көңілді-күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимисттік сезімді қондыру.

Өткізу техникасы: топтың қатысушылары шеңбер құрып тұрады.

«Ааааа» дыбысынан шығатын энергия.

Нұсқама: «Өздеріңізді жаңа күшпен толтыру үшін орындарыңнан тұрып өте терең тыныс алыңдар. Енді тыныс алған кезде өкпелеріңді ауаға толтырып, тынысты әндетіп «Ааааа» деп созып, сол дыбыспен барлық қалжырағандықты, шаршағандықты, жалыққандықты шығарыңыздар. Тыныс алған кезде сіздер таза ауамен бірге бүкіл қуанышты сезімдерді және жайдарлы көңіл-күйді өзіңіздің бойыңызға сіңіріңіз де, ал тыныс шығарған кезде «Ааааа» деп ұзақ созып, онымен бірге ішіңіздегі барлық шарша,ғандық пен қолайсыз түйсіктерді толық шығарыңыздар». 1 минут.

«Иииии» дыбысынан шығатын энергия.

Нұсқама: «Орыңдарыңнан тұрып, бір уақытқа «жедел жәрдем көрсету» машинасының дабыл бергішіне айналыңыздар. Ол үшін қолдарыңызды басыңызға қойып, «Иииии» деген дыбысты ұзақ созып айтыңыз да, басыңыздың дірілдеуін сезініңіз. Кеін бұл дыбысты бірде жоғары, бірде төмендетіп айтыңыз. Біраз уақыттан кейін сіз өзіңіздің күшіңізді сақтағанын байқайсыздар». 30 секунд.


Талдау: өздерңіздің қазіргі кездегі хал-жайларыңыз туралы ой бөлісіңіз.

Кейбір жағдайларда сіздер басқа дыбыстармен осындай жаттығулар орындай аласыз. Олар «Ааааа», «Ооооо», «Ууууу» болуы мүмкін, бірақ оларды жоғарыда айтқандай бірде жоғары, бірде төмен айтылуы қажет.

6-жаттығу «Кім өзін басқалардан көбірек мақтайды?»

Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалогты жүргізу дағдысын дамыту, өзін-өзі талдай білу қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: әр қатысушыға арналған кесте сызылған бланктер.

Нұсқама: «Шеңбер құрып отырамыз. Әр адамның өмірінде қиыншылықтар кездеседі. Сол кезде адам өзінің құндылығын ұмытып, істеген істерінің барлығы түкке тұрмайды деп ойлайды да, көңіл-күйі төмендеп, мұңайып жүреді. Сол кездерде өмірде болған барлық жетістіктер мен жеңістер, қуанышты уақыттар ұмытылып қалады. Бірақ та, өмірде мақтан ететін әркімнің істері аз емес. Қазір біз ескертулер жасаймыз, бұл ескертулерде біз өмірдегі жетістіктер мен жақсы қасиеттерді жазамыз. Кейін оларды оқып күш-қуат алып, өзімізді адекватты түрде бағалауға көмек болады.

Ескерту бланкісінің толтырылуы: «менің ең жақсы нышандарым» — бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы нышандары мен ерекшеліктерін жазасыз. «Менің қабілеттерім мен дарындылығым» — мұнда өзіңіздің мақтан ететін әр түрлі салаларда бар қабілеттеріңізді жазасыз. «Менің жетістіктерім» — бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері жазылады».

Ескерту бланкісі «Менің ең жақсы қасиеттерім»

Менің ең жақсы нышандарым

Менің қабілеттерім мен дарындылығым

Менің жетістіктерім










Талдау: бұл жаттығуды орындау сіз үшін қандай мағына берді? Сіз ескертуге не алдыңыз және нені келешекте пайдаланасыз?

7-жаттығу «Менің өзіндік құндылығымның декларациясы»

Мақсаты: өзін-өзі бағалауын жоғарлату, өз күшіне деген сенімін арттыру.

Нұсқау: «Қазір мен сендерге «Менің өзіңдік құндылығымның декларациясын» оқып шығамын. Бұл әркімнің өзіндік ән ұраны. Ал қазір барлығымыз қосылып оқимыз».

«Мен— бұл Мен.

Бүкіл әлемде Мен сияқты ешкім жоқ.

Маған ұқсайтын адамдар бар, бірақ дәл 
Мен сияқты адамдар жоқ. Сондықтан менен шығатынның бәрі – ол шын менікі, өйткені Мен осыны таңдаймын.

Менде бардың бәрі маған тәуелді: соның бәрі менікі: менің денем, оның жасаған барлық әрекетімен; бүкіл менің жоспарым, ойларымды қамтитын менің санам; барлық көрген бейнелерімді қамтитын менің көзім; сезімдер, олар қандай болса да – үрей, рахат, күш салу, махаббат, түршігу, қуаныш; менің аузым және ол айта алатын сөздері – жылы, қатаң, жаман, сүйкімді, дұрыс және дұрыс емес; менің дауысым – қатты немесе ақырын; менің әрекеттерім – маған немесе басқа адамдарға аударылған.

Бүкіл менің елестерім, армандарым, үміттерім және қорқыныш сезімдерім маған тәуелді. Маған бүкіл менің жеңістерім, жетістіктерім тәуелді. Бүкіл менің қателерім мен жеңілістерім. Осының бәрі маған жатады. Сондықтан Мен өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өз-өзімді жақсы көре аламын және өз-өзіммен татуласа аламын. Менің ішімдегінің бәрі менің қызығушылықтарыма сәйкес келетіндей Мен істей аламын.

Мен білемін, менің ішімдегілер Мені толғандырады және Менің білмейтінім бар. Бірақ та, Мен өз-өзімен татулықта өмір сүріп, не толғандырып жатқаның Мен бірте-бірте абайлап, соның шешімін табамын және өзім туралы көп жаңадан ақпарат ала аламын.

Дәл қазіргі уақытта Мен нені түсінемін, сезінемін, айтамын, ойлаймын, — бұның бәрі Менікі. Бұның бәрі қазіргі уақытта Менің кім екендігмді және Менің қайда екендігімді білуге көмектеседі. Мен өзімнің өткен өміріме қараған кезде, өзімнің не түсінгенімді, нені көргенімді, Мен не істегенімді, Мен не айтқанымды, Мен нені орындағанымды, мен не ойлағанымды, Мен нені сезінгенімді бағалаған кезде, бұл Мені толығымен қанағаттандырмайтынын байқаймын. Мен маған қажетті емес нәрсемнен айырыла аламын, керек нәрсені сақтай аламын және өз-өзімде жаңадан бірдеңені аша алатынымды білемін.

Мен түсіне аламын, көре аламын, айта аламын, ойлай аламын, сезіне аламын, әрекет жасай аламын. Басқа адамдарға жақын болу үшін, мен қоршаған адамдар мен заттарға тәуелдімін. Сондықтан Мен өзімді құрастыра аламын.

Мен – бұл Мен, жаңа әлеміне мән мен тәртіп кіргізу үшін менің бойымда соның бәрі бар. Мен тек қана өзіме, Мен – бұл керемет!»

Талдау:

Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Басқалармен өзінің көңіл-күйі мен жан-рух қалпы туралы ой бөлісіңіз.

Бұл жаттығу сіздерге не берді.